Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Көміртекті нанотүтікшелер құрылысы және түрлерін атаңыз.




Жапон ғалымы Сумио Ииджиманың 1991 жылы жарыққа шыққан, көміртекті нанотүтікшелердің микросуреттері келтірілген мақаласынан кейін бүкіл әлем ғалымдарының түтікшелерге деген қызығушылығы артты. Ииджима оларды көміртекті моликулярлы талшықтар деп атаған. КНТ графен қабатымен қапталған наномөлшерлі көміртекті цилиндрден тұрады. Ақаусыз көміртекті нанотүтікшелер диаметрі 1-ден 120-150 нм дейін және ұзындығы жүздеген микрометрге жететін цилиндрге графиттің жазық атомдық торының жапсарсыз оралуы нәтижесінде түзіледі. Графин қабатының оралу қабілетіне байланысты үш түрлі цилиндрлік КНТ ажыратуға болады : ахиральді "кресло" типті (әрбір алтыбұрыштың екі жағы нанотүтіктер осіне парпендикуляр орналасқан) және ахиральді "зигзаг" типті ( әрбір алтыбұрыштың екі жағы нанотүтікше осіне паралель орналасқан )және хиральді ( спираль тәрізді алтыбұрыштың жақтарының нанотүтікше осіне 0 немесе 90-тан өзге бұрышпен орналасуы).

 

КНТ беткі қабатының екіөлшемді құрылымы оралу векторымен(хиральділік) сипатталады Сһ және 1-теңдеумен анықталады.

мұндағы а1 және а2 - гексагональді тордың бірлік векторлары, n,m - бүтін сандар(хиральділік индексі). Индекстерді енгізу мына суретте көрсетілген.

 

n және m шамалары нанотүтікшенің диаметрімен d байланысты:

мұндағы а- жазық көміртекті және хиральді бұрышты ( Ө шамасы зигзаг конфигурациясынан ауытқу шамасын көрсетеді 0 мен 30 градус шамасы аралығында болады) тордағы атомаралық қашықтық(0,1421нм)

Кресло типті ахиральді КНТ индексі (n,n) және Ө=30 ал зигзаг типті КНТ индексі (n,0) және Ө =0, хиральді КНТ (n,m) индексі, аралығында болады. Бұл теңдеулерді қолдану арқылы КНТ диаметр шамаларын анықтауға болады. Нанотүтікшелер бір немесе көпқабатты болуы мүмкін, теориялық қабаттар саны шектелмеген, бірақ әдетте олар он немесе бірнеше ондықтан аспайды. Екінші немесе келесі атомдар қабатының диаметрі бірінші ішкі қабаттың диаметрімен анықталады. Бұл жағынан нанотүтікшелер құрылымы сарымсақ тәрізді фуллерендерді еске алады.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных