Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Нанобөлшектердің талшық тәрізді формасының морфологиясы




Нанобөлшектердің талшықтәрізді формасының морфологиясы. КН талшықтары «архитектурасы» әртүрлі болып келеді. Оларда графен қабаттары талшық осіне перпендикуляр немесе оған белгілі бір бұрышпен орналасуы мүмкін. Ішкі қуыстары толтырылған және периодты бөгеулерден тұратын типтік бамбуктәрізді құрылым. Графитті жоғары қысымда буландыру арқылы наноталшықтардың бір түрі – сфералық бөліктері бар КНТ алуға болады. КНТ мен КНЖ өздерінің тұрақтылықтары бойынша да ерекшеленеді.

 

КНТ-дің морфологиясы мен құрылысы сыртқы әсерлерден өзгеруі мүмкін. Мысалы, диаметрлері 10-60 нм болатын аморфты КНТ-ді инертті ортада 1700-2000ºС күйдіру олардың графенді қабат түзе кристалдануы алып келеді. Үдеріс екі сатымен өтеді (1-сурет): бірінші сатыда кішкене графитті кристаллиттер түзіледі, ал екінші сатыда кристаллиттер қайта бағытталып, үлкейеді және турбостратикалық графит тәрізді, реттелген үшөлшемді құрылым түзеді.

Бір-біріне кидірілген қиылған конустәрізді КНЖ жоғары температуралық күйдіру цилиндрлік қабырғалары бар КҚКНТ түзілуіне алып келеді. Аралық сатылар кезінде сыртқы цилиндрлік қабаты бар, ал ішкі қабаттарына цилиндрлік ретте орналасқан графен қабаттары бар құрылымдар түзілетіні анықталған.

КҚКНТ морфологиясы механикалық сыртқы әсерден өзгеріске ұшырайды. Мысалы, шарлы диірменде КҚКНТ ұзақ уақыт ұсақтау түтікшелердің қысқаруына, майысуына және ашылуына алып келеді. Нәтижесінде, түтікшелердің сорбциялық сыйымдылығы мен меншікті беттік ауданы артады. Бұл кезде агрегаттар мөлшері кішірейіп, КҚКНТ ішкі қабаттары ажырауы мүмкін.

 

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных