Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Металдық нанокластерлер.




1.-суретте металл атомдарының кластерлерін алуға арналған құрылғы көрсетілген. Жоғары қарқынды лазерлі сәуле металл стерженьге түсіп, оның беткі қабатындағы атомдарды буландырады. Буланған атомдар гелий ағынымен сопло арқылы әкетіліп отырады. Бұл ағынның кеңеюі оның салқындауына және металл атомдары кластерлерінің түзілуіне алып келеді.

Бұл кластерлер ультракүлгін сәулелермен ионданады да, массаның зарядқа қатынасын өлшейтін масс-спектрометрге түседі. 2-суретте осындай тәжірибе нәтижесінде алынған қорғасын кластерлерінің масс-спектроскопия мәліметтері берілген. Берілген массаның иондар саны кластердегі атом санының функциясы ретінде көрсетілген. Бұл мәліметтерде 7 және 10 атомнан тұратын кластерлер мүмкіндігі жоғары екендігін көруге болады. Бұл осындай өлшемді кластерлердің басқа кластерлерден тұрақтырақ екендігін көрсетеді.

3-ші а-суретте атомдардың иондану потенциалы мен олардың атомдық номеріне Z тәуелділігі көрсетілген. Иондану потенциалы дегеніміз атомның сыртқы қабатындағы электронды жұлып әкетуге қажетті энергия ал б-суретте натрий кластерінің иондану потенциалының құрамындағы атомдар санына тәуелділігі көрсетілген.Тәуелділікте шыңдар екі және сегіз атомдары бар кластерде байқалады. Бұл сандарды электронды магиялық сандар деп атайды. Бұлардың болуы кластерлерді суператомдар ретінде қарастыруға мүмкіндік берді және осының нәтижесінде кластерлер үшін желе моделі пайда болды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных