Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Наноматериалдарды пайдаланып композитті материалдар қалай алуға болады




Жаңа, жетілдірілген құрылыс материалының – АПК немесе композиттің пайда болуымен, заманауи нарықта жоғары сапалы өнімдерге қатысты өскелең сұранысты толықтай қанағаттандыруға қосымша ынта мен мүмкіндіктер қалыптасты. Бұл шикізат негізінен табиғи ағашты сәтті алмастырып, өзін бірден көптеген бұйымдар жасауға арналған мінсіз материал ретінде танытты.

Негізгі құрамын (матрицасын) жоғары молекулалық қосылстар немесе полимерлер құрайтын бір немесе көп компонентті жүйелерді полимерлі материалдар деп атайды. Полимерлі материалдардың құрамы әртүрлі болады: индивидуальді полимерлермен қатар өте күрделі жүйелерде болады. Олардың құрамына материалдың технологиялық және эксплуатациялық қасиеттерін реттейтін әртүрлі компоненттер болады. Мұндай компоненттер ретінде химиялық инертті немесе активті заттар: еріткіштер, пластификаторлар, қоюлатқыштар, бояулар, антипирендер, антиосиданттар, жылу-жәнежарық тұрақтандырғыштар, антирадалар, құрылым- жәнекеуек-түзгіштерқолданылады. Традициялық материалдардан (металдар, керамика, ағаш) артықшылығы, полимерлі материалдардың құрамын, құрылымы және қасиеттерін реттеудің үлкен мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты ПМ қолданудың аймағы өте кең – оларды химиялық талшықтардан бастап қатты ракеталық отын ретінде қолданылады. ПМ классификациясы. Полимерлі материалдардың қолданылуы және арналу аймағына, полимерлі фазасының табиғатының, оларды өндіру және өңдеу барысында жүретін физикалық және химиялық түрленулерге байланысты классификациялайды.

ПМК кемшіліктері

Жылуға төзімділіктері төмен (фторопластар мен кремнийорганикалық полимерлерден басқаларында бұл қасиет 1200С-дан төмен); қаттылығы төмен (6-60 кг/мм2); жорғалау және кернеу релаксациясы; жоғары жылулық кеңею; жылу өткізуді қиындататын төмен жылуөткізгіштік (металдардың жылуөткізгіштігінен 500-600 есе төмен); биологиялық ыдырауға ұшырамайтындығына байланысты экологиялық мәселелерді шешу қажет.

Полимерлі материалдардың ерекше қасиеттері:

Тығыздығы төмен, беріктілік көрсеткіштері жоғары материал. агрессиялық ортаға, атмосфералық және радиациялық әсерлерге төзімді. радио- және электротехникалық қасиеттері жоғары, сонымен бірге диэлектрлік көрсекіштері температура мен электр өрісінің жиілігіне аз тәуелді. фрикциалық және антифрикциалық қасиеттерінің диапазоны өте кең. арнайы оптикалық қасиеттерге ие: толқын ұзындықтарының кең диапазонында жарық, сонымен бірге ультракүлгін сәулесін өткізу қасиеті (Мысалы, полиметилметакрилат 70% пайыз өткізетін болса, силикат шынысы небәрі 1-3% өткізеді). физика-механикалық қасиеттерінің кеңдігі (қаттыдан серпімді резеңке тектес материалдарға дейін) және бір материалда қарама-қарсы қасиеттерді біріктіру, мысалы қаттылық пен иілгіштікті («брондалған» полимерлер).

Ағаш полимер композиті (АПК)

Ағаш-полимер-композиті (АПК) немесе қарапайым композит – бұл «күрделі» жағдайларда: ашық ауада, ылғалдық тұрақты әсерімен, температуралық өзгерістер кезінде және т.б. пайдалануға арналған ең үздік материал. Заманауи технологиялар бұл шикізатта табиғи ағаш пен суперзаманауи полимерлердің барлық таңдаулы қасиеттерін біріктірді. Табиғи ағаштарға тән өңдеу жеңілдігі, экологиялық артықшылықтар мен керемет жылу-оқшауламалық қасиеттер – осының барлығы АПК материалдарында да байқалады, тек сонымен қатар жоғары беріктік және төзімділік сияқты керемет қасиеттер қосылады. Бүгін, бұл пайдалану барысында үстеме шығындарды қажет етпейтін ең оңтайлы құрылыс материалы. Ағаш қасиеттерімен қатар, композиттік материалдар қасиеттері көп қырлы және құрылыс саласы үшін тиімді.

АПК ерекшеліктері

- материал ультракүлгін сәулеленуге төзімді, күн астында жанып кетпейді және бүрсимейді, температуралық төзімділігі -50° +70° С; ылғал шығармайды және сіңірмейді, ылғалданған кезде пішіні мен фактурасы өзгермейді, қыста мұзбен қапталмайды, теңіз суына төзімді; материал соққыға шыдамды, механикалық зақымдануларға жоғары төзімділік атап өтіледі, шаршы метрге шаққанда 500 кг. дейін жүктеме түсірілуі мүмкін; коррозияға, шіруге, саңырауқұлақ және бактериялық зақымдануларға ұшырамайды, жәндіктерді қызықтырмайды; жоғары от төзімділігіне ие, жануды ұлғайтпайды; бастапқы немесе кейінгі өңдеуді, барлық пайдалану барысында қосымша сіңдіруді немесе сырлауды қажет етпейді; материал экологиялық қауіпсіз, қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірмейді; 50 жылға дейін өз қасиеттерін өзгертпейді, шыдамды, берік, төзімді, эстетикалық; жағымды бетке, кең түстер үйлесіміне, оңтайлы өңдеу фактураларына ие; күтімі қарапайым, тазарту ағын сумен немесе қарапайым жуу құралдарымен жүргізілуі мүмкін; жеңіл құрастырылады, өндірісте кез келген пішінге бейімделуі мүмкін.

 




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных