ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Теріс аудиторлық қорытындыАудитор қаржылық қорытынды есеп бойынша теріс аудиторлық қорытынды жасауға мәжбүр болған кезде, қорытынды бөлімде төмендегілер қарастырылуға тиісті: «Біздің пікіріміз бойынша, жоғарыда бейнеленген фактілердің әсер етуінен қаржылық қорытынды есеп 200 жылғы 31 желтоқсанға кәсіпорынның қаржылық жағдайының сенімді және дәл көрінісін бере алмайды (немесе дәл көрсете алмайды)» Арнайы мақсаттағы аудиторлық қорытынды (есеп) Арнайы мақсаттағы келісімдер бойынша қорытынды (есеп)- бұл, аудитор (аудиторлық ұйым) мен клиенттің арасындағы келісім-шарттың міндеттеріне сәйкес арнайы дайындалған қорытынды. Арнайы мақсаттар төмендегілер болуы мүмкін:
Арнайы мақсаттағы қаржылық қорытынды есепті растау кезінде аудиторға өзінің қорытындысында сілтеме жасау және қорытынды есептің негізгі заңдық, нормативтік актілерге және ереже-нұсқауларға қайшы келмейтіндігіне көз жеткізу керек. Аудиттің отандық тәжірибесінде, әдетте, аудит жүргізіліп болғаннан кейін орындалған жұмыстарды қабылдау актісі жасалынады. Сұрақ 3. Барлық ескертулер аудит масштабының шектеулілігінің немесе келісе алмаушылықтың нәтижесі болып табылады. Аудиторлық қорытынды (есеп) жасау үшін ескертулерді жіктеу.
Жалпы қаржылық қорытынды есепте көрсетілген ақпараттарға әсерін тигізетін ескерту маңызды болып табылады. Келісе алмаушылық болған жағдайда тек сол ғана қаржылық қорытынды есепте дұрыс емес немесе толық емес ақпараттардың бар екендігін көрсетеді; белгісіздік жағдайында ол аудитордың ескертусіз (шартсыз) қорытынды жасай алмауына әкеліп соқтырады. Маңызды және елеулі ескертулердің арасындағы айырмашылық маңыздылық дәрежесімен анықталады. Бір аудитор үшін елеулі немесе басқасы үшін маңызды болып табылатын ескертулерді анықтау үшін шүбәсіз (құнды) факторлар жоқ. Маңызды ескертулер тәжірибеде өте сирек кездеседі, теріс аудиторлық қорытынды еш уақытта жасалынбайды, ал биржада бағаланатын кезкелген компания үшін қандай да болмасын шартты қорытынды ерекше жағдай болып табылады. Шартты (ескертуі бар) қорытынды жасау белгілі бір зардап шегуге әкеліп соқтыруы мүмкін, мысалы қор биржасында кәсіпорын өзінің бағасын төмендетіп алуы мүмкін. Қорытынды жасаудың барлық жағдайларында аудитор ескертулердің барлық маңызды себептерін дәл бейнелеуге, сонымен бірге кәсіпорын шегетін зардаптарды, егер оларды бағалау мүмкін болса, көрсетуге тиісті. Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды жасауды қажет ететін жағдайларды анықтау және бағалау. Ескертулері бар аудиторлық қорытынды ең болмаған жағдайда ғана жасауға тиісті. Берілген қорытындының типі (түрі) жайында аудиторда күмән туындайтын болса, онда ол мәселені ескертулерсіз шешуге мүмкіндік алу үшін кәсіпорын басшыларымен кеңесуге тиісті. Әдетте кәсіпорын басшылары ескертулерден аулақ болуға тырысады және сондықтан көбінесе өзінің позициясын өзгерте алады немесе аудитор кәсіпорын тарапынан ешқандай шара қолданылмайтын болса ескертулер жасалынатындығы туралы клиентке емеурін білдірген жағдайда үлкен көлемде ақпараттар бере алады. Осы айтылғандардың негізінде ескертулері бап қорытынды жасау кезінде төмендегі тұжырымның пайдаланылатындығын атап көрсетуге болады: келісе алмаушылықтардың болуынан туындағанды «қоспағанда»
Бақылау сұрақтары: 1. Аудиторлық қорытынды және оның түрлері? 2. Аудиторлық қорытындының құрылымы қандай элементтерден тұрады? 3. Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды? 4. Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды?
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар: 1. Аудиторлық қорытынды түрлері 2. Аудиторлық қорытынды нысанын толтыру үлгісі
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі: 1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж. 2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|