Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Д. Толық кешенді бағдарламалар.




Бағдарламалардың мақсатына экологиялық бақылау мен басқару бойынша қызметті жеткілікті түрде ақпараттық қымтамасыз ету, оның ішінде тиісті адрестік егжей-тегжейлі көрсетілген ұсыныстарды жасау жатады. Мысал ретінде міндеттеріне территориялық экологиялық бағдарламаларды,өндірістік экологиялық бақылау мен басқарудың жүйлерін,қалдықтар мен ортаға әсер ету көздерінің мониторинггісінің территориялық жүйелерін қалыптастыру мендамыту үшін алғашқы мәлімттерді жасап шығару кіретін бағдарламаларды айтуға болады.

Аудит бағдарламаларын оларға тапсырыпе берушілердің кім екендігіне аудит жүргізіліп жатқан субъект немесе сыртқы тапсырыс беруші ме,сонымен қатар аудитке «үшінші жақ»-мысалы,аудиторлық фирма тартылды ма немесе экоаудит ішкі күштер арқылы жүргізіле ме,осыған байланысты жіктеуге болады.Өзінің міндеттерін орындағаны үшін аудитор тапсырыс берушімен алдын-ала келісілген келісім-шарттың тәртібі бойынша жауап береді. Аудиттің сапасыз және төменгі дәрежеде жүргізілуі кәсіпорынның материалдық шығынға ұшырауына алып келеді. Бұл үшін аудитор келісім-шартта қарастырылған мөлшерде мүліктік жауапкершілікті мойыдауға міндетті (Заңмен белгіленген шектеулерді есепке ала отырып).

Мұндағы ескеретін нәрсе,аудит мамандары өздерінің жауапкершіліктерін өзі жұмыс істейтін аудиторлық фирманын қаржыларының есебінен сақтандыра алады,ал жеке аудиторлар-өзінің қаржыларының есебінен.

Табиғатты қорғау қызметі аудиттің толық кешенді бағдарламасының құрамына мыңадай кезендер кіреді:1) аудиттің міндеттері мен мақсаттарын анықтау және аудиттің тобын құру; 2) жоспарлау; 3) аудитті жүзеге асырудың негізі кезені; 4) қорытында кезең; 5) табиғатты қорғау қызметі аудитінің материалдарын пайдалану.

Экологиялық аудиттеу бағдарламасының жоспарлау кезеңдері төмендегі сатылардан тұрады:

·кәсіпорынның негізгі экологиялық құжаттары бойынша алғашқы мәліметтерді алдын-ала жинау, қорытындылау және ұйымдастыру;

·алғашқы мәліметтерді талдау, аудиттеудің негізгі объектілерін, бағдарламаның әдістемелері мен бағалаудың шарттарын анықтау;

·аудиттің өзіндік жеке бағдарламасын жасау.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Экологиялық аудит дегеніміз не?

2. Экологиялық аудит объектілері?

3. Экологиялық аудиттің мақсаты міндеттері?

4. Экологиялық аудит бағдарламасы?

 

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

1. Экологиялық аудитті жүргізу бағдарламалары.

2. Экологиялық аудит бағдарламасының жоспарлау кезеңдері.

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.

2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.

3. «Қоршаған ортаны қорғау туралы»ҚР Заңы 15.07.1997ж.

(11.05.1999ж.№381-1 және 29.11.1999ж.№488-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).

4. «Экологиялық сараптау туралы» ҚР Заңы 18.03.1997ж. №85-1(11.05.1999ж.№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерді қоса алғанда)

5. «Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы» ҚР Заңы 15.07.1997ж.№162-1(11.05.1997ж№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімн қоса алғанда).

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных