Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЛЕКЦИЯ 9. АУДИТ СТРАТЕГИЯСЫ.




Аудит стратегиясын анықтау.

Аудитті жоспарлау. Аудитке дайындық. Аудит жүргізілетін ұйым туралы ақпарат жинау.

Аудит бағдарламасы.

Аудиторлық іріктеу. Аудиторлар жұмысының сапасын бақылау. Аудиторлық дәлелдер алу түрлері мен әдістері. Аудиттегі құжаттау.

Лекцияның мақсаты: жүргізілетін аудиторлық қызметті жоспарлау, аудит бағдарламасын дайындау және аудиттегі құжаттау туралы жалпы мағлұмат беру.

 

Қарастырылатын негізгі сөздер: қажетті тесттердің көлемі, аудит жүргізу шығындарын бағалау, аудит басталғанға дейінгі маңызды мәселелер және т.б.

 

Сұрақ 1. Аудиторлық тексеру әрдайым белгілі бір уақыт шеңберінде өткізілу керек болғандықтан көп жағдайда қаржы шаруашылық қызметін жаппай тексеру мүмкін болмайды. Осыған байланысты субьектінің жекелеген ерекшеліктеріне байланысты аудит стратегиясының маңызы арта түседі.

Аудит стратегиясы тексерудің ең тиімді жолдарын таңдауға және аудитордың біліктілігіне, тапсырыс беруші мен аудиторлық ұйымның іскерлік қарым-қатынасына, яғни тапсырыс берушінің ерекшеліктерін білу дәрежесіне және тағы да басқаларға байланысты.

Аудит стратегиясы жазбаша түрде аудитормен жасалатын жоспар секілді. Оның мақсаты:

1. Қажетті тесттердің көлемі мен түрін алдын-ала анықтау,

2. Аудит жүргізу шығындарын бағалау;

3. Аудит басталғанға дейін маңызды мәселелер бойынша тапсырыс беруші мен өзара түсіністікке қол жеткізу;

4. Аудит жүргізудің негізділігі мен сапалылығына дәлелдер алу;

Сұрақ 2. Жоспарға дейін мынадай этаптар болуы тиіс: жоспар алдындағы дайындық, субьект жайлы жалпы ақпарат алу, материалдарды бағалау, аудиторлық тәуекелді бағалау, ішкі аудит жүйесін және оның тиімсіздігін бағалау.

Аудитке дайындық барысында мына мәселелерді шешіп алу қажет: тапсырыс беруші мен іскерлік қарым-қатынасты орнату, тапсырыс берушінің аудиторлық қызметке жүгінудің себептерін іздеу, аудит жүргізуге штат жинақтау, тапсырыс берушімен келісім – шартқа отыру.

Тапсырыс берушімен алдын-ала танысуда аудитор мыналарды анықтап алған жөн:

- тапсырыс берушінің қаржылық тұрақтылығын;

- нарықтық ортадағы тапсырыс берушінің жағдайын;

- тапсырыс берушінің осыған дейінгі аудиторлық фирмалармен қарым – қатынасы;

Субьект жайлы жалпы ақпарат жинау болашақта қаржылық есеп берудің шынайылығы туралы негізделген қорытынды жасау үшін қажет. Атап айтқанда ұйым қызметінің салалық және өзіндік ерекшеліктерін, оның ұйымдастыру құрылымын, өндірістік – қаржылық басқада байланыстарын, қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер мен танысу керек. Субьект жайлы ақпараттың негізгі көздері мыналар:

1. Есеп жүргізумен байланысты емес әкімшілік қызметкерлері және атқарушы персоналмен талқылау жүргізу;

2. Құрылым бөлімшелері мен негізгі өндірістік учаскелерде болу және бақылау;

3. Ішкі және сыртқы есеп берулер мен басылымдар;

Сыртқыларға: БАҚ, осы тектес компаниялардың талдамалық есеп беруі, негізгі бәсекелестермен және орташа нарықтық көрсеткіштермен салыстыру, салық заңдылығын реттеу, баспасөзде жарияланған ресми ақпарат.

Ішкіге: Қаржылық есеп берулер, ай сайынғы қаржылық ақпарат, директорлер кеңесі отырысының хаттамасы, компанияның лауазымды тұлғаларының есеп берулері, соның ішінде жобалар, болжамдар, бюджеттер.

Аудитор – кеңесшінің ішкі есеп берулері, ұйымның ішкі тәртіп ережелері мен нұсқаулары.

Сұрақ 3. Аудит бағдарламасы төмендегідей факторларды қамтиды:

1. Аудиторлардың жұмыс графигі;

2. Егжей – тегжейлі процедуралар;

3. Аудит жұмысын бақылау;

4. Персонал;

- серіктес;

- менеджер;

- бас маман;

- маман;

Әдетте, аудит бағдарламасы мыналардан тұрады: операцияларды тестілеу, аналитикалық процедуралар, баланс баптарын тестілеу.

Операцияларды тестілеу- қаржылық есеп берудің баптарының дұрыстығын ділелдеу және сандық қателер мен бұрмалауларды анықтауға арналған.

Аналитикалық процедуралар- тапсырыс берушінің қызметін компанияның қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін ұйымның қаржылық есеп берудегі мүмкін қателерді анықтау үшін, мәліметтер саны мен көлемін азайту үшін қолданылады.

Баланс баптарын тестілеу- бухгалтерлік есептің Бас кітабына негізделеді. Ол дебиторлар шотын анықтау, ТМҚ-ларды зерттеу, ақша қаражаттарын санау.

Сұрақ 4. Аудиторлық тексеру уақыты өте шектеулі болғандықтан аудитор барлық операциялар мен құжаттарды тексере алмайды. Жаппай тексеру ең маңызды деген салаларда жүргізіледі, ал қалғандарына іріктеу жасалады, ол аудитті жылдамдатады және арзандатады. Аудит жүргізуге таңдалған операциялар мен құжаттар саны аудитордың бухгалтерлік есеп және ішкі аудит саласын бағалаумен байланысты болады. Бағалау неғұрлым жоғары болса, іріктеу көлемі соғұрлым аз болады және керісінше. Аудиторлық іріктеу көлемі екі жолмен анықталуы мүмкін:

1. Алдыңғы тәжрибеге сүйене отырып бағалау;

2. Қате болу мүмкіндігіне негізделген статистикалық әдістер;

Аудитор жұмысының сапасын бақылау бірнеше нысанда жүзеге асырылады:

  1. Негізгі аудитордың өз көмекшілеріне бақылау жүргізуі;
  2. Аудиторлық ұйымның аудитор жұмысына бақылау жүргізуі;
  3. Сыртқы бақылау;

Сапаны бақылаудың екі негізгі бағыты бар:

  1. Жекелеген аудиторлық тексерулерді бақылау;
  2. Аудит сапасын жалпы бақылау;

Аудиттің жоғарғы сапасына қол жеткізу үшін төмендегідей іс- әрекеттерді орындаған жөн:

А) Аудиторларды оқыту және қайта оқыту;

Б) Аудиттің отандық стандарттарын жасау және жетілдіру;

В) Аудиторлық ұйым ішінде сапаны бақылаудың тиімді жүйесін жасау;

Г) Сапаны сыртқы бақылаудың қатаң жүйесінің болуы;

Аудит басталғанға дейін, аудит жүргізу барысында және оның нәтижелерін жасау барысында алынған және дайындалған барлық ақпарат- аудиторлық ақпарат болып табылады. Бұл ақпарат ретінде құжаттар немесе олардың көшірмелері болуы мүмкін, олар аудиторплық дәлелдер ретінде қолдануы мүмкін. Аудиторлық дәлелдеу дегеніміз- тексеру барысында аудитор жинаған ақпарат және аудиторлық есеп беруге негіз болатын қорытындылары. Аудиторлық дәлелдеулер ішкі, сыртқы және аралас болады.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Аудит стратегиясының мақсаты?

2. Тапсырыс берушімен алдын ала танысуда қандай сұрақтар қойылады?

3. Сапаны бақылаудың негізгі бағыттары?

4. Аудит жұмысының сапасын бақылау нысандары?

 

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

1. Аудит бағдарламасын жасауда қойылатын негізгі талаптар

2. Аудиторлар жұмысының сапасын бақылайтын ұйымдар

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.

2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных