ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аудит қағидалары.Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу керек: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетіндік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилылық, нақтылық, жариялылық, демократияшылдық және т.б. Мысалы, аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қоғамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, объективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырылған жұмысты мінсіз әрі адал орындауы талқылауда білдіретін пікірінің объективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек. Ғылымилылық принциптің мағынасы – аудиттің қорытындылары аудит теориясы және басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді. Сондықтан да аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесін терең меңгерген жоғары білікті маман немесе ғалым аудиторлық іспен жиі айналысады. Нақтылық принципі аудиттің мақсатқа лайықты әрі уақытылы жүргізілуін білдіреді. Ол аудиттің іс-тәжірибе талаптарына жауап беруі керек, деп ұйғарады. Сондықтан да келіп түскен ұсыныстың жүзеге асуы қаншалықты анықтығын, яғни іс- жүзінде асыруға келетінін анықтап алу қажет. Аудиторлық бақылаудың объектісі болып табылатын жүйелердің сақтау принципі аудит барысында белгілі бір ықпал ету сапалы сипаттамаларды және іс-жұмыс тәртібін бұзбайтындай шекте жүзеге асырылуын талап етеді. Жариялылық принципін сақтау қажеттілігі аудитті жүргізуге де, оның нәтижесіне де қатысты. Жариялылықтың аудиттің дамуы мен аудиторлық беделін көтеруде пайдасы бар. Қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызы зор. Халықаралық аудиторлық қызметтің нұсқауында тәуелсіз тексеру жүргізілгенде сақталуы қажет басқа да принциптер аталады. Негізгі принциптердің маңызы мен оларды сақтау аудиторлықты тек жақсы жағынан ғана ұғындырып қоймай, оның қызмет нәтижелерінің тиімділігін арттырады. Аудит нормалары. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс-тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураның принциптері деп ұғуға болады. Осы ереже минимумы аудиторға бақылау шараларының ауқымын, оларды жүргізу әдістерін анықтауға көмектеседі әрі аудиторлық қызметтің нәтижелерін бағалаудың өлшемдері болып табылады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек.Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрсетеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың жұмыс сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудитордың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырады. Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және негізгі постулаттармен реттеледі. Стандарттардан бір айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолданылуы мүмкін процедуралар бойынша басшылықты қамтиды: - өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру; - жекелеген салаларды ревизиялау; - бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т.б. Нормалар көз жеткізіп иландыратындай болуы керек, бірақ олардың тура нұсқаулық сипаты жоқ. Аудиторлар нормадан аууытқуы мүмкін, бірақ олардың сақталмау себептерін түсіндіріп беруге әрдайым дайын тұруы керек. Аудиторлық стандарттар мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқа да өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.
Бақылау сұрақтары: 1. Аудит тұжырымдамасының мәні неде 2. Аудит постулаттарын атаңыз 3. Аудит стандарттарына толық сипаттама беріңіз 4. Аудит принциптерін атаңыз және оларды түсіндіріңіз
Лекцияда пайдаланылатын слайдттар: 1. Аудит стандарттары түрлері 2. Аудит қағидалары мен компонеттері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж. 2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж. 3. Международные стандарты аудита, Алматы, 2007 г.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|