Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аудитордың тапсырыс беруші алдындағы хат-міндеттемесі.




Лекцияның мақсаты: аудит қызметін жүзеге асыру барысында аудиторлық қызмет көрсету құнын анықтау және аудитордың тапсырыс беруші алдындағы хат-міндеттемесінде қарастырылатын негізгі мәселелерді қарастыру.

 

Қарастырылатын негізгі сөздер: сала сипатын бағалау, аудиторлардың ауысы себептерін бағалау, бұрыңғы аудиторлық есеп берулермен танысу, салықтық қызмет, рекомендациялар алу.

 

Сұрақ 1. Аудиторлық тексерудің тәуекелділігін төмендету үшін аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар әлеуетті тапсырыс берушілерді бағалаудың сенімді критерилеріне ие болуы керек.

Дұрыс таңдалмаған тапсырыс беруші біршама қаржылық және моральдық шығындарға әкеліп, ұйым және оның аудиторларының беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Тапсырыс беруші – клиентті таңдаудағы аудиторлық ұйымдардың негізгі процедураларына мыналар жатады:

1. Сала сипатын бағалау;

2. Субьектідегі аудит мақсатын және оның нәтижелерін пайдалану мүмкіндігін анықтау;

3. Басшылар мен лауазымды тұлғалардың ерекшеліктерін анықтау;

4. Аудиттің әлеуетті еңбек сыйымдылығы мен күрделілігін және аудиторлық тәуекелділікті алдын- ала бағалау;

5. Аудиторлардың ауысу себептерін бағалау;

6. Бұрынғы аудиторлық есеп берулермен танысу;

7. Салық қызметі, банктер, серіктестер, акционерлер және басқа да қаржылық ақпарат мәліметтерін пайдаланушылар арасындағы өзара қарым-қатынас пен оның сипатын анықтау;

8. Рекомендациялар алу;

9. Қаржылық есеп беруді аналитикалық тексеру;

10. Бухгалтерлік және қаржылық есеп беру жағдайымен алдын-ала танысу.

Сұрақ 2. Аудиторлық қызмет көрсетуге келісім-шарт «тапсырыс беруші- аудитор» арасындағы қарым-қатынасты реттейтін ресми құжат. Жалпы алғанда азаматтық-құқықтық сипаттағы келісім-шарттардан айырмашылығы жоқ. Бұл құжат басқаша шарттар сияқты тараптардың келісілген қызығушылықтарын тіркеп көрсетеді. Дегенмен, бұл келісім-шартты кәсіпкерлікте қолданатын басқа шарттардан өзіндік айырмашылығы бар:

Біріншіден, бұл үшінші тараптың қызығушылығымен есепке алынады.

Көптеген аудиторлық ұйымдар келісім-шарттың стандартты нысанын қолданады, бірақ, қазақстандағы аудиттің өзіндік ерекшелігін ескере отырып, шартты жеке дара жасаған дұрыс. Аудит жүргізудің сапасы, аудитор мен тапсырыс берушінің қарым- қатынасының жан-жалсыз болуын шарттың дәлдігі мен нақтылығына байланысты болады.

Аудиторлық келісім-шартта аудитордың аудиторлық есеп беруден бас тартуға, немесе тапсырыс берушінің құжаттарды тапсыру мерзімін анықтауды көрсету дұрыс болады.

Шартта аудитор өз қызметі үшін алдын-ала төлем жасауды көрсеткені жөн, себебі алдын-ала төлем аудитордың қаржылық тәуелсіздігін қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ шартта тапсырыс берушіні аудиторға тексеру жүргізу барысында көмек көрсетуді атап өткен дұрыс. Бұдан басқа кейбір жағдайда аудиторлық ұйымдар қосымша қызмет түрлерін ұсынады және шартты тапсырыс беруші тарапынан бір жақты бұзғанда орындалған жұмыс үшін ақы төлеуді көрсетеді.

Аудит жүргізуге келісім-шартты жасауда аудиторлық қызметтің құнын бағалау маңызды болып табылады. Қызмет бағасын қатты төмендетпей және аса жоғары көтермеуге тырысу қажет. Себебі екеуі де тапсырыс берушіні алаңдатуы мүмкін.

Қазіргі таңда еліміздегі аудиторлық қызмет құнын бағалау барлық нысандары мен түрлерін шартты түрде мынадай топтарға бөлуге болады:

- аккордтық ақы;

- мерзімдік ақы;

- кесімді ақы;

- нәтижелер бойынша ақы;

- аралас ақы.

Сұрақ 3. Тапсырыс беруші мен аудитор арасындағы өзара түсіністікті қамтамасыз ететін қосымша құжаттардың бірі аудит жүргізуге келісім-хат болып табылады. Аудитордың тапсырыс берушіге ұсынылған хат – міндеттемесі аудит жүргізуге келісім бергенін растайды. Аудитордың және тапсырыс берушінің қызығушылығына сәйкес бұл хат аудиторлық тексеру басталмастан бұрын жіберілгені дұрыс. Бұл тараптар арасындағы тексеру аяқталғаннан кейінгі көптеген түсініспеушіліктердің болмауына мүмкіндік береді. Хаттың негізгі мазмұны:

- аудит обьектісіне сипаттама және оның машстабын анықтау;

- тапсырыс берушінің ұсынылған мәліметтердің шынайылығына жауапкершілігі;

- аудит шекарасын анықтау;

- аудиторлық есеп беру түрі;

- тапсырыс берушінің ішкі бақылау жүйесін мүлтіксіз болмауының салдарынан есептегі қателер немесе маңызды сәйкессіздіктерді анықтамау тәуекелділігін айқындау;

- аудитордың барлық синтетикалық және аналитикалық есептерге, құжаттарға және басқа да ақпараттарға еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету;

- аудитордың коммерциялық құпияны жарияламау міндеттемесі.

Бақылау сұрақтары:

1. Аудит жүргізуге келісім-шарт мазмұны?

2. Аудит жүргізуге келісім-хат мазмұны қандай?

3. Тараптардың өзара қарым-қатынасы және оны анықтау тәртібі?

 

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

1. Аудит жүргізуге келісім-шарт үлгісі

2. Аудитордың тапсырыс беруші алдындағы хат-міндеттемесі үлгісі

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.

2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных