Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЛЕКЦИЯ 10. АУДИТТЕГІ ҚАТЕ ЖӘНЕ АЛАЯҚТЫҚ.




Ате және алаяқтық туралы түсінік. Алаяқтық тәуекелділігін арттыратын жағдайлар.

Ателерді жіктеу.

Лекцияның мақсаты: аудиторлық қызметті жүзеге асыруда табылған қателер мен алаяқтық фактілерін анықтағанда аудитордың іс-әрекеті туралы жалпы мағлұмат беру.

Қарастырылатын негізгі сөздер: қателер, бұрмалаулар, алаяқтық, әдейі емес, қасақана, мәнділік, абсолютті шама, салыстырмалы шама.

 

Сұрақ 1. Қате- есеп жазулары мен топтауларындағы арифметикалық немесе логикалық қателіктер, есеп толықтығында байқалмай қалу және қаржы-шаруашылық қызметі фактілерінің, мүліктік есептесуі болуы және оның жағдайын дұрыс түсінбеу нәтижесінде қаржылық есептемені әдейі емес бұрмалау.

Алаяқтық- басшылық құрамның бір немесе бірнеше адамдары, қызметкерлер немесе үшінші жақтардың есеп және қаржылық есеп беру мәліметтерін әдейі дұрыс емес көрсетуі және ұсынуы.

Оған алғашқы құжаттар, тізімдер мен есеп беру жалғандығы, есепке алу жазуларындағы алдау, шаруашылық операцияларының мәнін бұрмалау және заңды, ұйымның есеп саясатын бұзатын есептегі жазбаларды әдейі бұзу енеді. Бұрмалаулар анықталған кездегі аудитордың іс-әрекеті.

Бұрмалау-Бұрмалау екі түрлі болуы мүмкін: әдейі және әдейі емес.

Аудиторлық фирма тексеру жүргізу кезінде қаржылық есеп беруде бұрмалау болуын ескеруі қажет, бірақ бұрмалау болуын көрсететін фактілерді әдейі іздеп керегі жоқ.

Қате анықталған кездегі аудитордың түпкі мақсаты- олардың есеп берудің шынайылығына әсер етуін бағалау болып табылады.

320 ХАС сәйкес: «Ақпарат оны жіберіп алу немесе бұрмалау қаржылық есеп беру негізінде қабылданған пайдаланушылардың экономикалық шешіміне әсер ететін жағдайда елеулі деп есептеледі.Мәнділік белгілі бір жағдайларда оларды жіберіп алу немесе баптар шамасына байланысты болады.»

Аудиторға қаржылық есеп беру бұрмалануын тудыратын төмендегідей фактілердің болуын есте ұстау керек:

- ХҚЕС дұрыс қолданылмауы;

- Қажетті ақпаратты өткізіп алу.

Мәнділіктің сапалық және сандық жағы болады.

Мәнділіктің сапалық жағы – жасалатын операциялардың ҚР-да әрекет ететін нормативті актілердің талаптарынан ауытқуы.

Сандық жағы – маңыздылық деңгейімен сипатталады.

Маңыздылық деңгейі – бұл қаржылық есеп беру нақтылығына елеулі әсер етпейтін онда максималды рұқсат берілген бұрмалаулар сомасы.

Маңыздылық туралы пікір- аудитор қабылдайтын маңызды шешімдердің бірі. Ол аса жоғары кәсіпқойлықты талап етеді.

Маңыздылық туралы алдын-ала пікір білдіруге әсер етуші негізгі факторлар: кәсіпорын көлемі; базалық көрсеткіштері; аудиторлық фирма клиентурасы құрылымының өзгеруі; бухгалтерлік есеп, аудит пен салық салу саласындағы заң талаптарының өзгеруі.

Маңыздылықтың деңгейін анықтауда екі шама қолданылады: қатенің абсолютті шамасы және қатенің салыстырмалы шамасы.

Абсолюттік шама- бұл көлеміне, мысалы 500 немесе 1000 теңге болғанына қарамастан қате басқа жағдайларға тәуелсіз соманың елеулілігіне қарай маңызды деп танылатындығы жөніндегі аудитордың субъективті пікірі.

Салыстырмалы шама- қабылданған базалық шамаға сәйкес пайыздық қатынаста анықталады.

Маңыздылық деңгейін анықтау кезінде аудиторға мына екі факторға назар аудару қажет:

- қаржылық есеп беруді құру жағдайы;

- пайдаланушылар үшін қаржылық мақсаты, яғни бір клиент маңыздылығы басқа клиент маңыздылығына сәйкес келмейді.

Маңыздылықты анықтау кезінде аудитор клиентпен есептеу деңгейін талқыламауы керек, себебі бірінші кезекте жұмыс көлемін және қабылдауға қабілетті тәуекелдерді өзі анықтауы тиіс.

Аудиттің халықаралық тәжірибесінде аудиторлық органдар маңыздылық деңгейін анықтайтын әдістемені, реттеуші фирмаішілік стандартты дайындайды. Бұл стандартты аудиторлық фирма басшылығы бекіте алады. Сондықтан- бұл коммерциялық құпия.

Аудитор анықталған қателерді өзінің жұмыс құжаттарына белгілеп, осы ақпаратты аудит тексеру нәтижелері бойынша жасалған қорытындыда жазбаша түрде көрсетіп, сол шаруашылықсубъектісінің басшыларын, бухгалтерия қызметкерлерін және басқа да лауазымды тұлғаларын хабардар етуі керек.

Бұрмалаулар анықталған кезде аудитор олардың жөнделуін талап етуі тиіс. Егер аудитор жасаған жоспарынан көп бұрмалаулар анықтаса, онда қолданылатын аудиторлық процедуралардың көлемі мен сипатын анықтап алуы керек.

Егер аудитор көрсеткен бұрмалаулар жөнделсе ол туралы аудитор құжаттарында сәйкес жазбалар жасалады, ал егер олар өзгертілмесе не себепті өзгертілмегендігі және олардың болашақтағы есепке әсер ету мүмкіндігі көрсетіледі.

Сұрақ 2. Қателер есеп-қаржылық жұмысының кез-клген сатысында анықталуы мүмкін.

Қатенің мынадай түрлері болуы мүмкін:

  1. Алғашқы құжаттарды жасау кезіндегі қателер. Бұл кездегі басты қателер міндетті деректемелердің болмауы немесе дұрыс толтырылмауымен байланысты. Сондай-ақ алғашқы ақпараттың құқықтық дәлелдемесінің болмауы да осы қате түріне жатады.
  2. Операцияларды есеп регистрлеріне жазу кезіндегі қателер. Есеп регистрлеріне шаруашылық операцияларын жазумен байланысты, қатенің негізгі мынадай топтарын көрсетуге болады:

- Барлық жасалған операциялар тіркелмегенде;

- Шын мәнінде болмаған операциялардың тіркелуі;

- Операцияларды шоттар бойынша жазу кезіндегі кездейсоқ қателер.

- Операциялар сомасын дұрыс жазбаумен байланысты арифметикалық қателер.

- Шаруашылық операциялар есебінің аяқталмауы(мысалы, әрбір сатып алушы немесе тапсырыс беруші бойынша аналитикалық есептің жүргізілмеуі).

- Шаруашылық операцияларын есеп кезеңіне дұрыс жатқызбау.

  1. Есеп берудегі қателер. Бұл кездегі қателерге төмендегілерді жатқызуға болады:

- Есеп беру баптарындағы мәліметтермен есеп регистрлеріндегі шоттар бойынша қалдықтардың сәйкес келмеуі.

- Есеп берудің толық толтырылмауы.

- Есеп беру баптарының өзара байланысының болмауы.

- Баланс баптарын дұрыс бағаламау.

Жоғарыда аталған қателердің түрлеріне байланысты мынадай бақылау процедуралары ұсынылады: жасалған операциялардың шынайылығын анықтайтын процедуралар; шаруашылық операцияларының заң талаптарына сәйкестігін тексеру; есептеулердің дұрыстығын тексеру; аналитикалық есептің жүргізілуін тексеру; шығындардың есеп кезеңдеріне дұрыс жатқызылуын тексеру; есеп саясатының сақталуын тексеру.

Заң актілеріне немесе сол кәсіпорынның қызметін реттейтін құжаттарға қайшы жасалған шаруашылық операциялары заңға қайшы әрекеттер ретінде бағаланады. Олар кездейсоқ немесе әдейі емес және қасақана, әдейі жасалған болып бөлінеді.

Бақылау сұрақтары:

1. Қате түрлері?

2. Алаяқтық дегеніміз не?

3. Бұрмалау және оның түрлері?

4. Маңыздылықтың салыстырмалы және абсолютті шамасы дегеніміз не?

5. Мәнділіктің сандық және сапалық жағы дегеніміз не?

 

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

1. Қателерді жіктеу

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.

2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных