Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Нақты тексеру-бақылау әдісі.




Лекцияның мақсаты: Аудиторлық тексеру қызметін жүзеге асыру барысында қолданылатын әдістер туралы жалпы түсінік беру және оларды практикада пайдалануды үйрету.

 

Қарастырылатын негізгі сөздер: диалектика, индукция, дедукция, жүйелі талдау, нақты бағадау, нақты тексеру және т.б.

Сұрақ 1. Ғылым саласында зерттеу, оның шындықты анықтау үшін ғылым тану жолын оның ғылыми әдістері деп аталады. Негізінде ғылым тану әдістері қандай бір ғылым саласында болмасын арнайы ғылым тану құралы ретінде қолданылады. Әрбір ғылым саласының ерекшелігіне сәйкес оның әдістерінің де өзіндік айырмашылығы болады. Сонда да болса ғылыми даму ағымында теориялық тұрғыдан философиялық анықтама бойынша ғылым саласына бірдей әмбебап әдіс ол диалектикалық әдіс. Оның негізі табиғаттағы экономикадағы құбылыстың барлығы өзара байланысты деп зерттеп қарастыруында. Себебі, диалектикалық әдіс өмірдегі барлық құбылысты өзара обьективтілік заңдылықпен байланыста екенін негізге алуында. Сондықтан да диалектикалық әдіс қандай ғылым саласы болса да оның ғылыми методологиясының негізін құрайды.

Аудиттің жеке методологиясы барлық ғылым саласына тән әдістер тобынан құралады, олар: талдау және топтау, индукция және дедукция, бақылау, салыстыру, өлшеу.

Дедукция (тұжырымдау, қорытындылау) ақыл ойға салып, жалпы көрсеткіштерді жеке көрсеткіштерге дәлел жасап логгикалық тұжырымдау, қорытынды жасау. Яғни осы әдісті қолданған жағдайда кәсіпорын шаруашылығының жалпы көрсеткіштеріне талдау жасайды, содан кейін әрбір бөлімдерге талдау жасап сол мәліметтер арқылы топтап қорытынды жасалынады.

Индукция – ақыл ойға салып, жеке обьектілерге талдау жасап, жалпы көрсеткіштерге анықтама беретін логикалық әдіс.

Аналогия (ұқсастық) ғылыми зерттеудегі ұқсастық негізінде обьектілерді анықтау.

Сұрақ 2. Жүйелі талдау – талдау обьектілерін жүйеге келтіріп, оны құрайтын бөлімдерін топтау арқылы зерттеу әдісі. Жүйелі талдау әдісі – талдау обьектісінің бөлімдерін жеке – жеке бағалап, оларға әсер ететін факторларды талдап, олардың бірлескен түріндегі обьектілерге әсерін бір жүйеге келтіреді.

Өндіріс өнімінің функциялық бағалануын талдау әдісі обьектіні жүйеленген зертеу әдісімен талдаудың дамуы барысында өндіріс талабына сәйкес өндіріс процесінде барлық өндіріс шығындарының тиімділігін, шығындарды тиімді мөлшерде есептеу үшін қолданылады бұл әдіс - өндірістік шаруашылық субьектілердің ішкі аудит жұмысында қолданылады.

Аналитикалық анықтау – есептеу әдісі негізінде экономикалық талдау (топтау, салыстыру) аналитикалық тексеру және статистикалық, экономика- математикалық әдістер. Бұл әдіс аудиттің барлық кезінде қолданылады.

Әдістемілік құжаттау әдісі өз кезегінде үш топқа бөлінеді:

1. Мәліметтік модельдеу

2. Нормативтік құқықтық жолын анықтау

3. Есеп құжаттарын зерттеп тексеру.

Сұрақ 3. Нақты бақылау бухгалтерлік есепте және аудит барысында ерекше орын алатын бақылау- тексеру әдісі. Оның негізгі мақсаты кәсіпорын мүлкінің нақты есебін алып түгелдеу. Бухгалтерлік есептің күдіксіз дұрыс екенін, аналитикалық және синтетикалық есеп көрсеткіштерінің дұрыс екенін тек қана нақты тексеру арқылы сенімді түрде анықтауға болады. Ол өз кезегінде шаруашылық субьектілердің қорытынды ақпарат көрсеткіштерін нақты тексеруге негіз болады. Нақты тексеру методологиясы сенімді күдіксіз әдіс. Өз кезегінде нақты тексеру мынадай болып бөлінеді: түгелдеу, сараптап анықтау, бақылау арқылы анықтау.

Бақылау сұрақтары:

1. Аудит әдістерін атаңыз

2. Аналитикалық анықтау-есептеу әдісін кәсіпорын мәліметтері негізінде түсіндіріңіз

3. Дедукция әдісін ұйым мәліметтерін талдауда қалай пайдаланады?

4. Нақты-тексер бақылау әдісін мысал арқылы түсіндіріңіз.

 

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

1. Аудиторлық тексеру жүргізуде пайдаланылатын әдістер тізімі

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.

2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.

3. Международные стандарты аудита, Алматы, 2007 г.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных