Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аудиттелетін субьектінің құқықтары,міндеттері, жауапкершілігі




Аудиттелетін субьектінің құқықтары:

- аудиторлық ұйымнан аудит жүргізуге қатысты заңнаманың талаптары туралы қажетті ақпарат алуға;

- аудиторлық ұйымның ескертпелері мен қорытындыларына негіз болған нормативтік құқықтық актілерімен танысуға;

- аудиторлық ұйымнан қаржылы есептіліктің, басқа да ақпаратпен өзге де құжаттардың заңнамаға сәйкес келмейтіні анықталғаны туралы ақпарат алуға;

- аудиторлық ұйым шарт талаптарын бұзған жағдайда оның көрсететін қызметініе бас тартуға құқылы.

Аудиттелетін субьектінің міндеттері:

- Аудиторлық ұйымға уақытылы және сапалы аудит жүргізуі үшін жағдай жасауға, қажетті құжаттамаларды табыс етуге, ауызша немесе жазбаша нысанда түсіндірме және түсінік беруге;

- Егер шарттан өзгеше көзделмесе, аудитке тиісті мәселелер ауқымын шектеу мақсатында аудиторлық ұйымның қызметіне араласпауға;

- Аудиторлық ұйымның талап етуі бойынша қажетті ақпарат алу үшін үшінші тұлғалардың атына өз атынан жазбаша сауал жолдауға міндеті.

- Аудиторлық ұйымның шарт бойынша міндеттемелерден туындайтын талаптарын орындау аудиттелетін субъект үшін міндетті.

Аудиттелетін субъектінің жауапкершілігі:

- Аудиттелетін субъект аудиторлық ұйымға аудит жүргізу үшін берген қаржылық есептілік пен өзгеде ақпараттың толымдылығымен дұрыстығы үшін жауапты болады.

- Міндетті аудит жүгізуден жалтарған не оны жүргізуге кедергі жасаған,не оны жүргізуді ҚР-сы заңнамасының талаптарына сәйкес қамтамасыз етпеген заңды тұлғаның басшысы ҚР-ның заңдарына сәйкес жауапты болады.

- Аудит жүргізу аудиттелетін субъектінің табыс етілген қаржылық есептіліктің және өзгеде құжаттардың ҚР-сы заңнамасының талаптарына сәйкес келмегені үшін жауаптылықтан босатпайды.

Сұрақ 3. Аудиторлардың құқықтары:

1) аудиттелетін субъектінің аудит жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзгеде қаржы – шаруашылық құжаттамасын алуға және тексеруге;

2) аудиттелетін субъектінің лауазымды адамдарынан аудит барысында туындаған мәселелер бойынша ауызша және жазбаша нысандарда түсіндірме алуға;

3) кәсіби ұйымдардың шешіміне сот тәртібімен шағымдануға құқылы.

Аудиторлардың міндеттері:

- ҚР-ның аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;

- үш жылда кемінде бір рет кәсіби ұйымдарда біліктілігін арттыру курсынан өтуге;

- бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауға анықталған елеулі кемшіліктер туралы ақпаратты аудиттелетін субьектіге бөлуге;

- “аудитор” біліктілік куәлігін алғаннан кейін үш ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге және өзінің кіргені туралы Біліктілік комиссиясына хабарлауға міндетті.

Аудиторлық ұйымдардың құқықтары:

1) аудит жүргізу әдістерін дербес анықтауға;

2) аудит жүргізуге арналған шарттың талаптарын орындау үшін қажетті бухгалтерлік және өзге де қаржы- шаруашылық құжаттамаларын сұратып алуға және тексеруге;

3) осы Заңның 24- бабында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда, әртүрлі бейіндегі мамандарды аудит жүргізуге қатысға шарттық негізде тартуға;

4) аудиттелетін субъект аудит жүргізуге арналған шарттың талаптарын бұзған жағдайда аудит жүргізуден не аудиторлық есеп беруден бас тартуға;

5) аудиттелетін субъектінің қаржы- шаруашылық қызметтеріне байланысты құжаттамаларды толық көлемде, сондай- ақ осы құжаттамада есепке алынған мүліктің нақты бар жоғын тексеруге құқылы.

Аудиторлық ұйымдардың міндеттері:

- ҚР- ның аудиторлық қызмет туралы заңнамасын, аудит стандарттарын, Әдеп кодексін сақтауға;

- сапаны сыртқы бақылауды жүргізу үшін жағдайлар жасауға, сондай- ақ аудиторлық ұйымның аудиторына, аудиторлық ұйымның қызметкерлеріне қатысты тағайындалған тексеру кезінде жәрдемдесуге;

- мемлекеттік тіркелуге кейін үш ай ішінде кәсіби ұйымға кіруге;

- кәсіби ұйымнан ерікті түрде шыққан кейін бір ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;

- осы Заңның 24- бабында көрсетілген мән- жайлардың салдарынан аудит жүргізудің мүмкін еместігі туралы хабарлауға;

- бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жасауға анықталған елеулі кемшіліктер туралы ақпаратты аудиттелетін субъектіге беруге;

- өздері мүшесі болып табылатын кәсіби ұйымды аккредиттеуден айырған кезден үш ай ішінде басқа кәсіби ұйымға кіруге;

Бақылау сұрақтары:

1. Аудит заңына жалпы сипаттама беріңіз

2. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 1-тармағын түсіндіріңіз

3. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 2-тармағын түсіндіріңіз

4. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 3-тармағын түсіндіріңіз

5. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 4-тармағын түсіндіріңіз

6. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 5-тармағын түсіндіріңіз

7. «Аудиторлық қызмет туралы» ҚР Заңының 6-тармағын түсіндіріңіз

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

1. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы Заңы» жалпы сипаттамасы

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.

2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных