Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бақылау жүйесіндегі аудиттің маңызы және орны.




1.1 Қазақстан Республикасында экономикалық бақылауды ұйымдастыру.

1.2 Экономикалық бақылау түрлері. Аудиттің жіктелуі.

Лекцияның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы экономикалық бақылау қызметін ұйымдастыру, аудит түрлері және экономикалық бақылаудың мамандандырылған және арнайы ұйымдармен таныстыру.

Қарастырылатын негізгі сөздер: нормативтік-құқықтық актілер, тәуелсіз бақылау, ревизия, нақты бақылау, алдын-ала бақылау, ішкі бақылау, оперативті бақылау, бақылаудың мамандандырылған органдары.

Сұрақ 1. Басқару қызметі ретінде бақылау мүдделі тұлғаларды басқарылатын объектінің жағдайы, қажетті нұсқаулардың іс-жүзінде орындалуы туралы хабардар етеді.

Өндіріс тиімділігін арттыру, нарықтық экономика жағдайында оны монополияландырмау, бөлу, айырбастау мен тұтынуды жетілдіру, тауар-ақша қатынастарының олардың жаңа мазмұнына сәйкес пайдалануына толық бақылау жасалынбай мүмкін болмайды.

ҚР Парламенті мемлекеттің тұрақты түрде әрекет ететін заңдық, өкім шығарушы және бақылаушы органы болып табылады. Ол меншік қатынастарын, ұлттық экономика мен әлеуметтік –мәдени құрылысты, бюджеттік-қаржылық жүйені, салық салуды, қоршаған ортаны қорғауды басқаруды ұйымдастыруды және табиғи ресурстарды пайдалануды, азаматтардың конституциялық құқықтарын, бас бостандығы мен міндеттерін іске асыру тәртібін заңдық реттеуді жүзеге асырады.

Экономикалық бақылау- заңдар мен нормативті актілерде, сондай-ақ бағдарламаларда, жоспарларда, келісім-шарттарда қарастырылған объектілердің қажетті және көзделген жағдайына сәйкестігін тексеру мақсатында оған бақылау жасау кіретін экономикалық объектілерді басқарудың құрамдас бөлігі.

Экономикалық бақылау жасау халық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті өмір игіліктерін өндіруді практикалық ұсыныстарымен қамтамасыз етуде қоғамдық роль атқарады. Қоғамдық теңсіздіктер мен жағымсыз құбылыстарды анықтай отырып, бақылау оларды жою мен қайталануын болдырмау мүмкіндігін береді, сондай-ақ өндірістік қатынастарды ұтымды ұйымдастыру және өндірістік күштерді оптималды пайдалануға көмектеседі.

Экономикалық бақылау қызметтері ұлттық экономиканың барлық буындарының экономикалық қызметтеріне таралады. Ұйымдастыршылық нысандары бойынша Қазақстандағы экономикалық бақылауды мемлекеттік, жергілікті, тәуелсіз және ішкі деп бөледі.

Экономикалық бақылау қызметтерін іске асыратын мемлекеттік органдар: ҚР Президенті жанындағы Есептеу комитеті, Салық комитеті, Қазына комитеті, Қаржылық бақылау комитеті, ҰР Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Ұлттық банкі.

Бақылаудың мамандандырылған органдары: ҚР Кедендік бақылау агенттігі, ҚР Статистика жөніндегі агенттігі, ҚР Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі, ҚР Табиғи монополиялар мен бәсекені қорғау жөніндегі агенттігі және басқалар.

Бақылаудың жергілікті органдары: Мәслихаттар, әкімшіліктер мен олардың комиссиялары.

Тәуелсіз аудиторлық бақылау - өзін-өзі қаржыландыру принципімен құрылады.

Ұйымның ішкі бақылауы- басшылық тарапынан қаржы-шаруашылық қызметтің орындалуын бақылау және ішкі аудит.

Сұрақ 2. Мазмұны бойынша бақылау қоғам дамуының экономикалық, әлеуметтік, саяси, идеологиялық, ғылыми-техникалық және басқа бағыттарын тексеруді қамтиды. Экономикалық бақылау ұлттық экономика дамуының сферасына таралады.Экономикалық бақылаудың басты функцияларының бірі басқару жүйесі арқылы экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларын табысты орындау, шаруашылық және еңбек заңдарының орындалуына, меншіктің сақталуының қамтамасыз етуге әсер ету болып табылады. Срнымен қатар, экономикалық бақылау кәсіпорын мен ұйымның қаржылық жағдайын, оның өнімінің ішкі және әлемдік рыногтардағы бәсеке қабілетін жүйелі түрде бақылауды көздейді.

Экономикалық бақылау жүргізілу кезеңдңлңгң бойынша алдын-ала, ағымдағы (оперативтік) және кейінгі (ретроспективті) болып бөлінеді.

Алдын-ала бақылау орынсыз шығындар мен ысыраптарға жол бермеу үшін шаруашылық операцияларды жүргізу алдында жүргізіледі.

Оперативтік бақылау шаруашылық операцияларды орындау процесінде іске асырылады.

Кейінгі бақылау қаржы-шаруашылық қызметтің түрлі сферасындағы экономикалық процессті бақылау жүктелген бақылау органдарының шаруашылық операциялары аяқталғаннан кейін іске асырылады.

Ақпараттық қамтамасыз етілуі бойынша экономикалық бақылау құжаттық және нақты бақылау болып бөлінеді.

Құжаттық бақылау шаруашылық операциялардың бастапқы құжаттардың мәліметтеріне сәйкес келуін анықтайды.

Нақты бақылау есептеу, салмағын өлшеу, ұзындығын өлшеу, лабораториялық талдау жолымен объектінің шынайы нақты жағдайын орнату болып табылады.

Экономикалық бақылауды жүзеге асыру нысандары бойынша келесі тексерулерді бөліп көрсетуге болады: превентивті, ағымдық, тақырыптық.

Превентивті бақылаушы тексерулер кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірістік және қаржы-шаруашылық қызметін алдын-ала бақылау кезеңінде жүзеге асырылады.

Ағымдық бақылаушы тексерулерді құзыретіне жататын барлық бақылаушы органдар жүргізеді.

Тақырыптық бақылаушы тексерулер. Олар экономикалық талдау әдістерін, түрлі профилді мамандарды жүйелі түрде емес, қажеттілік туындауға қарай кезеңмен тарту арқылы жекелеген тақырыптың көрсеткіштердің шеңбері бойынша жүргізіледі.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Экономикалық бақылау түрлері?

2. Экономикалық бақылау қызметтерін іске асыратын мемлекеттік органдар?

3. Бақылаудың мамандандырылған органдары?

4. Бақылаудың жергілікті органдары?

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

1. Бақылаудың мамандандырылған органдары.

2. Бақылаудың жергілікті органдары

3. Экономикалық бақылау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. «Қаржылық есептіліктің формаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2005 ж. 12 желтоқсандағы № 427 бұйрығы

2. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.

3. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика 2007 ж.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных