ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аудит көлемі мен масштабы. Аудитор мен тапсырыс берушінің өзара қарым-қатынасы.Лекцияның мақсаты: Қазақстанда аудит қызметінің қалыптасуы мен дамуы, аудит жүргізудің негізгі сатылары, аудиторлық қызметті жүзеге асыру көлемі мен масштабы, сондай-ақ аудитор мен тапсырыс берушінің арасындағы қарым-қатынасты реттейтін құжаттармен таныстыру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: Сыртқы пайдаланушылар, ішкі пайдаланушылар, тікелей пайдаланушылар, жанама пайдаланушылар, басқарушылық есеп, қаржылық есеп.
Сұрақ 1. Аудит термині осыдан екі мың жыл бұрын «audio» деген латын сөзінен шыққан, аудармадағы мағынасы «ол естиді» немесе «естуші» дегенді білдіреді. Рухани оқу орындарында зат оқушыны аудитор (тыңдаушы) деп атаған. Арнайы әдебиеттерде аудиттің пайда болу кезеңі өзгеше әрі қарама-қайшылыққа толы. Бір авторлардың айтуынша, есеп берудегі мәліметтердің дұрыс көрініс табуын жасау және бақылау б.з.д. ІҮ мыңжылдығынан басталады. Ніл, Тигр және Евфрат өзендерінің жазықтарынддағы Таяу Шығыстағы ежелгі өркениетте жоғары дәрежеде ұұйымдастырылған мемлекет құрылып, шаруашылық қызмет жүргізілді, үкімет өнім, мүлік, салық жинау, орындалған жұмыс, қазынаны толтыру және кіріс пен шығыс есептерімен айналысты. Ревизиялық қызмет Вавилон, Мысыр, Рим, Қытай және Греция сияқты антикалық елдерде де болған. Дамыған елдерде аудиторлық кәсіптің әр түрлі атауы бар. Мысалы, АҚШ-та бухгалтер-аудитор қоғамдық немесе мамандандырылған бухгалтер деп аталады. Францияда – сараптаушы бухгалтер немесе есепшот бойынша комиссар, ал Германияда – шаруашылықты бақылаушы немесе кітапты бақылаушы, Ұлыбритания мен англосаксондық елдерде – ревизор немесе алқалы бухгалтерлер және т.б. деп атайды. Кәсіби аудит бастыс елдерінде алғаш рет Ұлыбританияда ХІХ ғасырдың ортасында пайда болды. 1844 жылдан бастап Англияда акционерлердің алдында есеп берулер мен есепшоттарды тексеру үшін тәуелсіз бухгалтерлерді «жылына әдетте 1 мәрте» шақыратын акционерлік компаниялар басшыларына міндет жүктейтін заң сериялары шықты. Англияда міндетті аудит туралы заң 1862ж., Францияда – 1867ж., ал АҚШ-та – 1937 ж. қабылданды. Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымы әлемнің көптеген елдерінде құрылған. 1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациясы құрылды, 1896 жылы Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттелді. АҚШ-та мамандандырылған және мамандандырылмаған қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар (SEC, FASB, AICPA) бар. Есепті жүргізу бойынша арнайы заңнама алғаш рет Вавилон мемлекетінде пайда болған. ҚР-да аудит дамуы 1987 жылы «Инаудит» АҚ-ң пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. 1989-1993 ж.ж. КСРО-ғы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін қабылдауға ұмтылыс жасалды. ҚР-да аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы ҚазСРО-ң Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды. Осы қаулы негізінде ҚР-ң Қаржы Министрлігінің жанынан шаруашылық есеп принципінде аудит орталығы «Қазақстанаудит» фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес АҚ ретіндеқайта құрылып, қазіргі таңда жұмыс атқаруда. «ҚР-ғы аудиторлық қызмет туралы» Заңы 1993 жылы 18 қазанда қабылданды. Бұл заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесір аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді. Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Тәуелсіз аудиттің негізгі міндеті – көптеген компаниялар, банктер, биржалар, инвесторлар, кредиторлар, кәсіпкерлер, акционерлер және т.б. пайдаланатын экономикалық ақпараттың анықтығын тексеріп, өзінің қорытындысын шығаруы болып табылады. Алдыңғы қатарлы елдерде міндетті аудит туралы құқықтық-нормативті актілердің қабылдануына байланысты тәуелсіз қаржылық бақылау саласы айтарлықтай дәрежеде ұлғайып келеді. Мәселен, Англияда міндетті аудит туралы заң 1862 жылы шықса, Францияда – 1867 ж., ал АҚШ-та – 1937 ж. қабылданды. Бухгалтерлер мен аудиторлардың кәсіби ұйымы әлемнің көптеген елдерінде құрылған. Атап айтқанда, Ұлыбританияда, Англия мен Уэльстің Алқалы (присяжный – ант берген) бухгалтерлер институты құрылды (1980 ж.), АҚШ-та – Маманданған бухгалтерлер институты (1887 ж.), Германияда – Аудиторлар институты (1932 ж.) және Аудиторлар палатасы, ал Францияда – Сарапшы бухгалтерлер палатасы (1942 ж.) мен Есепшот бойынша комиссарлардың ұлттық компаниясы құрылды. Италияда кәсіби аудиторлық қызметті Әділет министрлігінің бақылауында болатын арнайы атаулы тізілімге енгізілген адам ғана жүзеге асыра алады. 1887 жылы Американың аудиторлар ассоциациасы құрылды, сонан соң 1896 жылы Нью-Йорк штатында заңды жолмен аудиторлық қызмет реттемеленеді. Сол кездің өзінде-ақ аудиторлық лауазымды мамандық бойынша емтиханнан сүрінбей өткен және аудиторлық қызметпен айналысу құқығына арнайы лицензия алған мамнданған бухгалтер атқара алатын еді. АҚШ-та мамндандырылған және мамандырылмаған қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар институттары (SEC, FASB, AICPA) бар. Алғашқы кәсіби аудит Ұлыбританияда шамамен XIX ғасырдың орта шенінде пайда болды. 1862 жылы қабылданған британдық компаниялар туралы заң сол кездің өзінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық бақылау бойынша мамандарға ең аз дегенде жылына бір мәрте компаниялардың есепшоттарын белгілі бір тәртіппен тексеріп тұруын міндеттейді. Әсіресе Шотландияның, Англияның және Уэльстің алқалы бухгалтерлер институты, сондай-ақ Ұлыбританияның Маманданған және корпоративтік бухгалтерлер ассоциациясы бүкіл әлемге әйгілі болды. Бүгінгі таңда АҚШ-та 100 мыңнан көп тәуелсіз маманданған бухгалтерлер ресми тіркелген. Халықаралық ассоциация өз қызметін әлемдегі 189 елде жүзеге асыратын 4,5 мыңнан артық аудиторлық фирмаларды біріктіріп отыр. Тек Ұлыбританияның өзінде 200-ден көп аса ірі аудиторлық фирмалар құрылып, жұмыс істеп жатыр. Әлемдегі нарықтық экономиканы барлық елдерде өзінің құқығы мен ұйымдық инфрақұрылымы бар Кәсіби аудиттің қоғамдық институты жұмыс істейді. Егер АҚШ пен Ұлыбританияда аудиторлық ұйымдарға біліктілікті дайындау, игеруге және аудиторлар кәсіби міндеттерін қаншалықты дәрежеде өз еркімен және біліктілікпен орындайтынын бақылау ісіне дербестік берілсе, Еуропа құрылығындағы елдерде аудиторлық қызмет үкімет құрылымында қабылданған нормативті-құқықтық актілер бойынша реттеліп жүргізіледі. Еуропалық одақ мемлекеттерінде бухгалтерлік есеп берулер мен баланстарды тексерумен айналысатын аудиторлармен қатар салық салу мәселелері бойынша кеңес беруші ретіндегі аудиторлар категориясы (Steuerberater) бар. Аудиторлық ұйым негізінен жауапкершілігі шектелмеген серіктестік түрінде болып отыр, ұйымның бұл түрі ағылшын тлінде сөйлейтін елдерде кең таралған. Аудиторлық фирмалар бұрынғы КСРО-да біріккен кәсіпорындар қызметін міндетті түрде тексеру белгіленген 1987 ж. пайда болды. Тексеруді және олардың есеп беруін бекітуді жүзеге асыру үшін КСРО Министрлер Кеңесінің қаулысы негізінде «Инаудит» акционерлік қоғамы» деген атпен алғашқы шаруашылық есепті фирма құрылды. Сонан соң аудиторлық фирмалар аса ірі өнеркәсіп қалалары мен одақтас республикалардың астаналарында қалыптасты. Сонымен бірге «ФБК», «Росэкспертиза», «Контакт», «Қазақстанаудит», «Фукап-аудит» және т.б. бірқатары аудиторлық қызмет саласында жоғары нәтижелерге жетті. ТМД елдеріндегі көптеген астаналар мен аса ірі қалаларда сол уақытта «Үлкен алтылық» деп аталатын КПМГ, «Делойт энд Туш», «Артур Андерсон», «Эрнст энд Янг», «Пранс Уотерхаус» және «Куперс энд Лайбренд» құрлықаралық аудиторлық фирмалар мен филиалдар ашылды. Сұрақ 2. Аудит ҚР заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңлы тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді. «Аудит – бұл экономикалық іс-әрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі». Классикалық ұғымда аудит – кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау. Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр: 1. кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері; 2. өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі; 3. экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі; 4. компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж; 5. қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді; 6. пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтылығы оларға ауадай қажет. Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық проесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестіктер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді. Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды, сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады. ҚР «Аудиторлық қызмет туралы» Заңында мынадай анықтама берілген: «Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептің дұрыс және объективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады». Егер аудиттің объектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субъектілердің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру қажет. Егер аудиттің объектісін е барлық шаруашылық қызметтері кіретін болса, онда мақсат – осы қызметтің тиімділігін бағалау, шығынды барынша кемітудің ықтимал жолдарын анықтау, өндірістің пайдалылығы мен еңбек өнімділігін арттыру, жұмыстың аса жоғары түпкілікті нәтижесіне қол жеткізу үшін ұсыныстарды әзірлеу. Аудиттің мақсаты клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы қоса өседі. Аудиттің ең нақты міндеттері алға қойылған мақсаттарға, оның түрлері мен жүргізу шарттарына байланысты болады. Мысалы, ішкі аудитте оның саны ақпараттық базаның ұлғаюына, талдамалы рәсімдері акценттерінің өгеруіне қарай артады. Аудит – бақылау, бағалау, ұсыныстарды әзірлеу және әр түрлі кешенді қызметтерді қамтитын іскерлік кеңес беру бойынша күрделі қызмет түрлері. Аудит қаржылық көрсеткіштердің анық екендігін тексеруді қамтамасыз етпейді, ол сонымен бірге, кемшіліктерді жою мен шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін оңтайландыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді. Кәсіби аудиттің осы заманғы даму кезеңінде «аудит» және «аудиторлық қызмет» ұғымдары ажыратылып көрсетіледі. Аудиторлық қызмет бұған қоса есепті ұйымдастыруды, ішкі бақылауды, әр түрлі тәуекелдікті бәсеңдетуді, менеджментті, маркетингті жетілдіруді, басқа да заңдық, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді жақсарту, жүзеге асыру, қалыптастыру бойынша әр түрлі кеңес беру мен кәсіби қызмет көрсетулерді қамтиды. Аудит жүргізудің негізгі сатылары мыналар: 1. Аудит көлемін анықтау. 2. Аудитті жоспарлау. 3. Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесін бағалау. 4. Аудиторлық дәлелдер. 5. Аудиторлық есеп беруді жасау. Сұарқ 3. Бухгалтерлік есеп басқарушылық есеп және қаржылық есеп болып бөлінеді. Басқарушылық есеп – ішкі пайдаланушылармен өңделетін және тасымалданатын барлық есеп ақпаратын қамтиды. Қаржылық есеп – ішкі пайдаланушылармен қатар, сыртқы пайдаланушыларға берілетін есеп ақпаратын қамтиды. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың екі негізгі топтары бар: § ішкі; § сыртқы. Сыртқы пайдаланушылар екі категориға бөлінеді. Олар: § субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар; § субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар. Тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына мыналар кіреді: § қазіргі және болуы ықтимал инвесторлар; § қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар; § сатып алушылар. Жанама қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына кіретіндер: § салық органдары; § реттеуші органдар; § статистикалық органдар; § басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары және т.б.). Сұрақ 4. Қаржылық есеп беру элементтері әрқайсысында аудиттың нақты мақсаттары бар. Осы мақсаттарды белгілеп алып, нақты ақпаратты жинау процессін бастауға болады. Аудитор бұл жағдайда қандай дәләлдерді, қандай әдістер көмегімен жинауға болатынын анықтайды. Бұл процесс тексеруге белгілі бір жолдарды талап ете алады. Тексеру жолы аудиторлық қаржылық есеп беру туралы пікірді білдіруге мүмкіндік беретін сенімді ақпаратты алуға қол жеткізетін стратегия ретінде анықталуы мүмкін. Аудиторлық тексеру стратегиясы тексеру мақсаттарына қол жеткізудің ең ұтымды жолын таңдауға негізделген және аудитор біліктілігі мен тәжірибиесіне, аудиторлық фирма мен клиент ынтымақтастығының ұзақтығына, яғни клиент ерекшелігіне, аудит пен басқа факторларда шешілетін міндеттер сипаттамасы дәрежесіне байланысты болады. Стратегиялық тексеруді ұтымды орындау үшін оның процедурасының уақыты мен көлемін бөлу әдістемесін көрсетеді. Ол тексерудің жалпы жоспары мен бағдарламадағы толық процедуралар, сонымен қатар жоспарланған процедуралар нәтижелігі мен тиімділігін бағалау арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Қаржылық есеп беруге аудит жүргізу масштабын анықтау кезінде үш негізгі кезеңді бөліп көрсетуге болады.
1 – сызба. Қаржылық есеп беру аудитін жүргізу кезеңдері
Бақылау сұрақтары: 1. Аудиттің мақсаты мен міндеттері қандай? 2. Аудит объектілерін атаңыз? 3. Аудит қызметінің шетелдегі тәірибесін қандай? 4. Аудит көлемін анықтауға әсер ететін факторлар?
Лекцияда пайдаланылатын слайдтар: 1. Қаржылық есеп беру аудит жүргізудің негізгі сатылары 2. Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж. 2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика 2007 ж.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|