ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аудиттің стандарты және нормативтері.Лекцияның мақсаты: Аудит теориясының негізгі элементтері туралы жалпы мағлұмат беру, стандарттар мен қағидалар, нормалар мен компоненттер және концепциялары туралы түсінік қалыптастыру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: Аудиттегі негізгі ұғымдар: аудит постулаттары, компоненттері, стандарттары, нормалары мен қағидаларын, сондай-ақ нормативтері туралы жалпы мағлұмат беру. Сұрақ 1. Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар. Концепциялар (тұжырымдамалар) аудит теориясының бағытын белгілеп береді. “Концепция” деген сөз латын тілінен аударылғанда – табиғат құбылысын түсіну, адамның өмірге көзқарасының жүйелілігі деп түсінуге болады. Концепциялар аудит теориясының бағытын белгілеп береді. Негізгі бес тұжырымдаманы қарастырайық: 1. Мінез-құлық этикасы жалпыға бірдей этика нормаларын белгілеп қана қоймай, аудитор тәртібінің арнайы ережесін де белгілейді. 2. Тәуелсіздік ең алдымен пікірдің объективтілігін және шнайы болуын қамтамасыз етеді. Әрбір аудитор өз пікірін дербес қалыптастыруы керек және оған ешандай сыртқы факторлар (қысым, күш көрсету) әсер етпеуі қажет. 3. Кәсібилік. Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделуі болуы қажет. 4. Дәлелділігі. Аудиторларға қисынға негізделген шешім қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде құзырлы мағлұматтар мөлшерін жинап бағалау керек. 5. Ұсынудың дәлдігі. Ақпаратты ашу мен ұсыну бара-барлығы әдетте бір мәнді ережелердің толық жинағы ретінде қарастырылатын жалпы қабылданған аудиторлық стандарттарға қызмет етеді. Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі – оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат – бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Постулаттар көмегіменаудиторлықстандарттардың мазмұнын танып білуге болады. Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез-келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды негізгі ала отырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады. Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды. Батыс ғалымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К. Маутц және Х.А. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар қте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолана бастады. 1982 жылы америкалық ғалым Т.А.Ли өзінің постулатын қосты. Сондай –ақ Дж. Робертсон, Р.К. Мауц пен Х.А. Шараф постулаттарын «экономикалық тиімділіктің максимасы» деп аталатын тағы бір постулатпен толықтырды. Әр түрлі ғалымдар мен маман-практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады: 1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін. 2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдылығы. 3. Верификацияның (қандай да бір нәрсенің дұрыстығын тексеру) мүмкіндігі. 4. Есептеме дұрыс жасалмаған. 5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттемеленеді. 6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес. 7. Аудитордың пікірі оның мүдделеріне тәуелді. 8. Есеп беру мәліметтерінің объективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорционалды. 9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз болады. 10. Аудиторлың әрбір пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады. 11. Бұрынға (алдыңғы) ақпараттың құндылығы. 12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау. Осылайша, аудит саласын стандарттау және теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы зор. Олар аудитордың тәжірибелік жұмыстарына міндетті түрде қажет болады. Оларды күнделікті іс-тәжірибеде біліп қолдану аудиттің мақсаттары мен техникасын, аудиторлық стандарттардың, нормалардың, мазмұнын терең түсінуге мүмкіндік береді. Аудиторлық стандарттарды жобалауда қолданылуы аудиторлық қызметтің тиімділігіне оң әсер ететін, кәсіби маман топтар талқыға салатын постулаттардың нақты жүйесі негізгі алынуы керек. Сұрақ 2. Аудит стандарттары дегеніміз- аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар. Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді. 2000 жылы наурыз айында өткізілген аудиторлардың Ү Республикалық конференциясында Қазақстан аудитін халықаралық стандарттарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабылданды. Аудиторлық қызметтің жалпы қабылданған стандарттары өзара байланысты 3 тізбекті бөлімнен тұрады: 1. жалпы стандарттар; 2. жұмыс стандарттары; 3. есеп беру стандарттары. Жалпы стандарттар – бұл алға қойылған мақсатты тиімді әрі кәсіби орындауы үшін аудиторға қажетті біліктілік деңгейі мен белгілі бір сапасы. Аудиторға қойылатын негізгі талаптар: - даярлылығы; - құзыреттілігі; - тәуелсіздігі; - ақпаратты алуға, тексеруге және оған баға беруге, есеп берулерді жасауға, қорытынды шығаруға, ұсыныс жасауды дайындауға тиісті көңіл бөлу. Жұмыс стандарттары – бұл тексеру міндетін орындауда аудитор басшылыққа алатын ережелер. Олардың құрамына кіретіндер: - аудиторлық тексеруге дайындалу; - қадағалауды жүзеге асыру; - анық айғақтар мен сенімді мәліметтерді жинау; - ішкі бақылаудың жағдайын бағалау. Есеп беру стандарттары – қорытындылаушы кезеңде қолданылады әрі аудиторлық тексерудің нәтижелері бойынша материалдарды беруге, орналастыруға және оның формасы мен мазмұнына қатысты ережені білдіреді. Мақсаттары мен салаларына қарай аудиторлық есеп берулер мына формада жасалады: а/ қорытынды- қаржылық тексерулердің нәтижелері бойынша аудитордың тұжырымы; ә/ есеп беру – шаруашылық қызметтерін тексеру бойынша аудитордың тұжырымы; б/ хат – ұйым басқарушылары үшін; в/ ескерту – шығындау фирмалар мен кәсіпорындардың дирекциясы үшін. Есеп берулердің мақсаты – елеулі қателіктерге ұрындыруы мүмкін есеп және бақылау жүйесіндегі кемшіліктердің болуына түсініктеме беру; құрылымдық кеңестер беру; болашақта аудиторлық тексерулер қандай мәнге ие болатынын анықтау. Форма бойынша есеп беруде немесе қорытынды шығаруда мекен-жай, негізгі мазмұн, қойылатын қол, мөрі және күні көрсетілуі керек. Есеп берудің мазмұнында аудиттің уақытылы өткізілуі мен стандарттарға сәйкес келуі, заңдық негізі, мәні, сипаты, мақсаттары мен ауқымы көрініс табуы қажет. ХАС-ң құрылымы: 100-199 Кіріспе актілер 200-299 Жауапкершілік 300-399 Жоспарлау 400-499 Ішкі бақылау 500-599 Аудиторлық дәлелдеулер 600-699 Басқалардың жұмыстарын пайдалану 700-799 Аудитордың қорытынды пікірлері және қорытынды есепті тапсыру 800-899 Мамандандырылған салалар 900-999 Аудитке жалғанбалы қызметтер Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|