ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Міндетті этика. Орындауға болмайтын істер мен қатынастар.Лекцияның мақсаты: Аудит қызметін жүзеге асыру барысында аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың міндетті этикасы мен орындауға болмайтын істер мен қатынастары туралы түсініктеме беру.
Қарастырылатын негізгі сөздер: этика, этикалық жанжалдар, салықтық тәжірибе, паблисити, басқа аудиторлармен қарым-қатынас, халықаралық қызмет және т.б.
Сұрақ 1. 1995 жылы шілде айында аудиторлар Палатасының кезектен тыс конференциясында ҚР аудиторларының Этикалық кодексі қабылданды. Ол кодекстің жобасын «Қазақстанаудит» акционерлік компаниясы жасады. Этика- адамзаттың таңдау мәселелерін, адамдар басшылыққа алатын жақсы және жаман стандарттарды және де ең соңында ол талпынатын жақсылықтарды жүйелі түрде зерттеумен айналысатын философия саласы. Қазақстанда қабылданған этикалық Кодекс төмендегілерді белгілейді: - аудиторлардың мінез-құлық стандарттарын; - жалпы мақсаттарға қол жеткізу үшін аудиторлар сақтауға тиісті негізгі принциптерді. ҚР аудиторларының этика кодексі 13 тараудан тұрады және ол шетелдік этика нормаларының ең жақсыларынан құралған. Этика Кодексінде мынадай тараулар бар: «Этикалық жанжалдарды шешу», «Салықтық тәжірибе», «Халықаралық қызмет», «Паблисити», «Келісім-шарт бойынша ақы төлеу және комиссиондықтар», «Клиенттердің ақша қаражаттары», «Басқа аудиторлармен қарым-қатынас», «Жарнама және қызмет ұсыну». Кодекстің кіріспе бөлімінде қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда жоғарғы деңгейдегі тиімділікке қол жеткізу үшін өте биік кәсіби нормаларға сәйкес жұмыс атқару болып табылатын аудитор кәсібінің мақсаты анықталған. Бұл негізгі төрт талаптың сақталуын болжайды: дұрыстық, кәсіби біліктілік, қызметтің сапасы және сенім. Аудиторлардың этика кодексіндегі үш шешуші элемент:
Аудиттің кәсіби этика кодексі мынадай бөлімдерден тұрады: А БӨЛІГІ • 1-бөлім. Адалдық және әділдік. • 2-бөлім. Этикалық келіспеушіліктерді шешу. • 3-бөлім. Кәсіби жетік білімділік 1) кәсіби жетік білімді алу 2) кәсіби жетік білімділікті шыңдау • 4-бөлім. Құпиялықты сақтау. • 5-бөлім. Салық практикасы. Б БӨЛІГІ • 1-бөлім. тәуелсіздік. • 2-бөлім. клиенттің ісіне қатысу немесе клиенттермен қаржылық араласу. • 3-бөлім. компаниялардағы тағайындаулар. • 4-бөлім. клиенттерге басқа да қызметтер көрсету. • 5-бөлім. жеке және жанұялық қарым-қатынастар. • 6-бөлім. қызмет үшін төлем • 7-бөлім. көрсетілген қызметке ақы төлеу. • 8-бөлім. тауарлар және қызметтер. • 9-бөлім. капиталға иелік ету құқығы. • 10-бөлім. бұрынғы партнерлар. • 11-бөлім. нақты сот процессі немесе сотта іс қозғау қаупі. • 12-бөлім. аға персоналдың клиентпен ұзаққа созылған қарым-қатынасы. • 13-бөлім. кәсіби жетік білімділік. • 14-бөлім. кәсіби қызметтерге төлем жасау. • 15-бөлім. тәуелсіз қызмет көрсету практикасында басқадай кәсіби аудиторлармен қарым-қатынас. Қорытындылай келе этика – өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір қоғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін-өзі ұстау әдеп ретінде баяндалды. Сұрақ 2. Аудитордың тәуелсіз көзқарасын қорғау үшін кейбір процедуралар мен ұйымдар бар: аудитор ротациясы, аудиторлар соты, аудиторларды үкіметтің немесе үкімет ұйымдарының тағайындауы, аудитордың мемлекеттік департаменті, аудиторлық комитеттер. 1. аудиторлар ротациясы, егер бір аудитор жыл сайын бір ғана фирманы тексеретін болса, онда ол жекелей немесе толығымен өзінің тәуелсіздігін клиент-компания жұмысшыларымен немесе басшылығымен тығыз қарым-қатынас орнатуы нәтижесінде жоғалтады деген ұйғарымға негізделген. Аудиторлық тағайындау ротациясы бірнеше жылда бір рет болуы мүмкін. 2. Аудиторлар соты, аудиторлардың тәуелсіздігін жоғалту жағдайларының алдын-алу үшін құрылған, әсіресе, егер клиент аудиторға акция иемденушісі болып, жеке негізде кеңес беру қызметін көрсетуді ұсынатын болса. 3. Аудиторды тағайындау, негізінен үкімет тарапынан жасалуы керек. Мұндай жағдайда клиенттің әр уақытта өздері көздеген мақсаттары орындала бермеуі мүмкін. Бірақ аудитордың тәуелсіздігі арта түседі. 4. Мемлекеттік департамент кәсіпорындар туралы жаңа заңға әсер етуі мүмкін ұлттық аудиторлық саясатты қалыптастыруы, бұл жұмыста жалпы еуропалық ұйымдармен бірігуі және өмірге ұлттық, халықаралық есеп құрылымдарын енгізу және ең соңында аудиторларды тағайындауды бақылауы мүмкін. 5.Аудиторлық комитеттер- американдық жаңалықтардың бірі. Бұл комитеттер қиын жағдайда фирманың жоғары басшылығы акционерлердің алдында толығымен жариялағысы келмеген жағдайда белгілі бір сұрақтар бой көтеруіне көмектеседі. Сұрақ 3. Талап қоятын ереже (міндетті этика) - біліктілік комиссиясына емтихан тапсыру арқылы өзінің білімін, мамандығын жетілдіру; - шаруашылық субъектілерінің экономикалық жағдайын, жалпы дамуына көмек көрсетіп, олардың қоғамға қажетті өнімді көбейтуіне іскерлікпен көмектесу; -тапсырушылармен жұмыс барысында сыпайы және әділетті қарым-қатынаста болу; - ұжымдағы қызметкерлермен сенімді, сыйлы қатынаста болу; - өз мамандығының беделін жоғары ұстау және қоғам алдында өзінің беделін көтеру; - келісім-шартта кәсіпорын басшыларының тізімін көрсету қажет, аудит қызметі барысында уақытылы хабарласып, мәлімет беріп отыру; - аудит тапсырушыға үлкен зиян келтіретін фактілерді хабарлап отыру; - аудиттік тексеру барысында анықталған шаруашылық зұлымдық қылмыстар туралы заң, тергеу мекемелеріне хабарлауды-тапсыруды ұсыну; - аудиторлық тексеру барысында кәсіпорын шаруашылығында нақты қылмыстық фактілер анықталса аудит қызметін жүргізуден бас тартуы қажет; - аудит қызметін төлем ақысына, орындалатын жұмыс көлеміне сәйкес анықтау. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|