Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ішкі аудит стандарттары.




Лекцияның мақсаты: халықаралық аудит стандарттарын Қазақстан тәжірибесінде пайдалану және ұйымның ішкі аудит стандарттарын жасау туралы жалпы түсіні беру.

 

Қарастырылатын негізгі сөздер: ілеспе қызметтерді көрсету стандарттары, мемлекет тарапынан бақылауды жою, терминология, процедуралар, эксперт жұмысын пайдалану.

 

Сұрақ 1. Стандарттар аудитті жүргізу тәртібін аудиторлық тексеру көлемін, аудиторлық есеп берудің түрлерін, әдістеме сұрақтарын, сондай-ақ аудиторлар ұстанатын негізгі принциптерді айқындайды. Аудит стандарттарының мәні мынада:

- аудиттің жоғарғы сапасын қамтамасыз етеді;

- аудиторлық тәжрибеге жаңа ғылыми жетістіктерді ендіруге көмектеседі;

- пайдаланушыларға аудитті жүргізу процесін түсінуге көмектеседі;

- аудитор мамандығының имиджын қалыптастырады;

- мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

- аудиторлық процестің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді;

Трансұлттықкорпорациялардың дамуы, аудиторлық ұйымдардың бірігуі және ірі халықаралық топтар құруы. Аудитті халықаралық масштабта унификациялауды талап етеді. Бүкіл дүние жүзіндегі аудит сапасындағы проблемалар бірдей. Кәсіби талаптарды дайындау мен халықаралық деңгейде бірнеше ұйымда, соның ішінде 1977 жылы құрылған Халықаралық бухгалтерлер федерациясы айналысады. Халықаралық аудит стандарттары тәуелсіз аудит жүргізудің кез-келген жағдайларында қолданылады. Дегенмен, халықаралық стандарттар аудит қызметін реттейтін жергілікті стандарттардан басым болмайды. Кейбір мемлекеттерде (Австралия, Бразилия, Голландия, Қазақстан) халықаралық стандарттар ұлттық аудит стандарттарын жасауға негіз ретінде пайдаланылады, ал ұлттық стандарттар жасауды талап етпейтін мемлекеттерде (Кипр, Малаизия, Нигерия, Фитжей, Шри- Ланка) халықаралық стандарттар ұлттық стандарттар ретінде пайдаланылады. Ұлттық аудит стандарттары бар жоғары қарқынды дамыған елдерде (Канада, Ұлыбритания, Ирландия, АҚШ) халықаралық стандарттар кәсіби ұйымдар мен жәй ғана ескеріледі.

Сұрақ 2. Аудит стандарттары екіге бөлінеді:

1. Аудит жүргізудің халықаралық стандарттары; (IAG)

2. Ілеспе қызметтерді көрсету бойынша стандарттар; (IAG/ RS)

IAG 1. Қаржылық есеп берулерді тексеру мақсаты мен көлемі.

IAG 2. Аудит жүргізуге келісім хат.

IAG 3. Аудит жүргізудің негізгі принциптері.

IAG 4. Жоспарлау.

IAG 5. Басқа аудиторлар жұмыс нәтижелерін пайдалану.

IAG 6. Аудит жүргізуге байланысты қолданыстағы бухгалтерлік есеп жүйесін және сәйкесінше ішкі бақылау құралдарын оқып, зерттеу және бағалау.

IAG 7. Аудит сапасын бақылау.

IAG 8. Аудит мәліметтері.

IAG 9. Құжаттау.

IAG 10. Ішкі аудит жұмысының нәтижелерін пайдалану.

IAG 11. Қате және алаяқтық.

IAG 12. Талдамалық тексеру.

IAG 13. Қаржылық есеп беру бойынша аудитор қорытындысы.

IAG 14. Тексерілген қаржылық есеп мәліметтері бар құжаттардағы ақпараттар.

IAG 15. Мәліметтерді электрондық өңдеу жағдайындағы аудитті жүргізу.

IAG 16. Аудиттің компьютерлік әдістері.

IAG 17. Қызығушылық танытқан тараптар.

IAG 18. Эксперт жұмысын пайдалану.

IAG 19. Аудиторлық сұрыптау.

IAG 20. МЭӨ пайдаланғандағы есеп жүйесі және сәйкесінше ішкі бақылау құралдарын оқу мен бағалауға әсері.

IAG 21. Аудитор қорытындысының күнін қою. Балансқа қол қойғаннан кейінгі іс- әрекеттер. Қаржылық есеп беруді баспаға жариялағаннан кейінгі анықталған фактілер.

IAG 22. Басшылықтың түсініктемесі.

IAG 23. Кәсіпорындар.

IAG 24. Аудиторлардың арнайы есеп беруі.

IAG 25. Мәнділік және аудиторлық тәуекел

IAG 26. Есептік бағалау аудиті.

IAG 27. Перспективті қаржылық ақпаратты зерттеу.

IAG 28. Қаржылық есеп беруді алғашқы тексергендегі бастапқы қалдықтары үшін аудитордың жауапкершілігі.

IAG 29. Бақылау тәуекелдігін бағалау және олардың тәуелсіз процедураларға әсері.

IAG/ RS 1. Жалпы шолуды пайдалану үшін негізгі міндеттеме принциптері.

IAG/ RS 2. Қаржылық есеп беруді шолу.

IAG/ RS 3. Келісілген процедураларды орындау бойынша міндеттеме.

IAG/ RS 4. Қаржылық ақпаратты жинау бойынша міндеттеме.

Қазақстандыө аудит стандарттары аудиторлық қызметтің қандай да бір бөлігін айқындауы керек, қысқа бірақ стандарт обьектісін реттейтін толық сипаттама беруі тиіс. Стандарт мынадай бөліктерден тұруы тиіс:

1. Жалпы ережелер.

2. Негізгі ұғымдар мен түсініктер.

3. Стандарт (мәні бойынша түсіндіру)

4. Практикалық қосымша (егер қажет болса)

Стандарт мынадай міндетті реквизиттерден тұруы тиіс:

1. Номер.

2. Қолданысқа енгізілген күн.

3. Атауы.

4. Терминология.

5. Мақсаты.

6. Проблема мен оны шешу жолдарының мәнін анықтау.

7. Проблеманы талдау.

8. Қатысушылар.

9. Процедуралар.

10. Қолдану аясы

11. Рәсімдеу.

Жалпы аудит стандарттары 3-ке бөлінеді:

1. Жалпы стандарт

2. Жұмыс стандарттары

3. Есеп беру стандарттары

Сұрақ 3. Ішкі аудит стандарттары – аудиторлық ұйымдағы тексеру жүргізудегі бірегейлікті қамтамасыз етеді және ол мынадай элементтерден тұрады:

- келісім мақсатын анықтау;

- бизнеске шолу жасауц;

- ықтималды тәуекелділікті бағалау;

- аудит стратегиясын жасау үшін ішкі бақылау жүйесін бағалау,

- аудиторлық тексеру стратегиясын анықтау;

- бақылау жүйесінің тиімділігін бағалау;

- тәуелсіз зерттеулер жоспары;

- аудитті аяқтау;

- аудиторлық есеп беруді ұсыну.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Ішкі аудит стандарттарының элементтері?

2. «IAG 5. Басқа аудиторлар жұмыс нәтижелерін пайдалану» стандартын түсіндіріңіз.

3. «IAG 22. Басшылықтың түсініктемесі» стандартының мәнін ашыңыз.»

 

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

1. Халықаралық аудит стандарттарының баптарына түсініктеме

2. Ішкі аудит стандарттарын қалыптастыруға қойылатын негізгі талаптар

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.

2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных