Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ішкі аудиттің мақсаты, міндеттері және атқаратын қызметтері. Ішкі аудиттің құрамы.




Лекцияның мақсаты: Ішкі және сыртқы аудит ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыру және ішкі аудит қызметіне сенімділікті арттыру туралы жалпы мағлұмат беру.

 

Қарастырылатын негізгі сөздер: міндетті, бастамашылық, ішкі, сыртқы, сәйкестік, операциялық, бастапқы, келісілген, салықтық, банктік, дәлелдеуші, жүйелі бағытталған.

 

Сұрақ 1. Аудит түрлері

 

Р/с Критерийлер Түрлері
  Ақпаратты пайдаланушыларға қатысты 1. Сыртқы 2. Ішкі
  Заң талаптарына қатысты 1. Міндетті 2. Бастамашылық
  Аудит объектілері бойынша 1. Банктік аудит 2. Сақтандыру компанияларының аудиті 3. Биржалар, инвестициялық институттар мен зейнетақы қорларының аудиті 4. Жалпы аудит 6. Мемлекеттік аудит
  Тағайындалу бойынша 1. Қаржылық есеп беру аудиті 2. Салықтың аудиті 3. Сәйкестік аудиті 4. Операциялық аудит 5. Арнайы аудит
  Жүзеге асырылу мерзімі бойынша 1. Бастапқы 2. Келісілген
  Тексеру сипаты бойынша 1. Дәлелдеуші 2. Жүйелі бағытталған 3. Тәуекелдікке негізделген аудит

 

Сыртқы аудит дегеніміз:

Мемлекеттік салықтағы басқа құрылымдардың тапсыруымен келісім-шарт бойынша жүргізілетін аудит қызметі Кәсіпорынның тапсыруымен келісім-шарт бойынша жүргізілетін аудит қызметі Акционерлердің, банктің шетелдік сыбайластардың тапсыруымен келісім-шарт бойынша жүргізілетін аудит қызметі

Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

Ішкі аудит Сыртқы аудит

аудит объектісі

Тапсырушы анықтайды. Нақты кәсіпорын активін тексеру, табыстылығын қамтамасыз ету мәлімет жүйесін дұрыс қолдану Сыртқы аудит статусы анықтайды. Қаржы есебін тексеру, оның көрсеткіштерінің дұрыс екенін анықтау. Дамыған елдердегі өндіріс барысының аудиті.

Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

Ішкі аудит Сыртқы аудит

біліктілік

Кәсіпорын басшыларының қалауы бойынша анықталады. Тәуелсіздік. Мамандарды бақылау. Мемлекет тұрғысында өте қатал талап қойылады, оны біліктілік комиссиясы шешеді. Шексіз дербес – тәуелсіздік

 

Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

Ішкі аудит Сыртқы аудит

әдістері

 

Ішкі және сыртқы аудит қызметінде әдістері бірдей. Ерекшеліктері аудит объектісі мен мақсатына сәйкес әртүрлі болады. Ішкі және сыртқы аудиттің әдістері бірдей. Олардың айырмашылығы аудит күрделігіне сәйкес бөлінеді.

 

Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

Ішкі аудит Сыртқы аудит

мақсаты

Тапсырушылар басшысымен және жұмыс жоспарымен анықталады. Заң талабына сәйкес аудит принциптерімен анықталады. Сол сияқты мәлімет қолданатын талапкер үшін.

Ішкі және сыртқы аудиттің айырмашылықтары

Ішкі аудит Сыртқы аудит

ақпарат

Тапсырушыға, кәсіпорын басшыларына. Тапсырушыға

Сұрақ 2. Ішкі аудиттің ұйымдастыру ерекшеліктері:

1. Шаруашылық субъектілерінің басшылары,

әкімшіліктері ішкі аудит қажет деп тапқан жағдайда

өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап,

аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;

2. Аудитор маманы мен кәсіпорын басшылары

келісім-шарт жасасып;

а) аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;

б) жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;

в) аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы анықталады.

Ішкі бақылаудың негізгі міндеттері:

- Заң талаптарын;

- Мүлікті ысыраптан қорғау;

- Ағымдағы шаруашылық операциялардың тиімді орындалуы;

- Басқарудың барлық деңгейлерінде бұйрықтарды, өкімдерді және басқа нұсқауларды орындау;

- Құжаттар мен олардағы ақпараттың толықтылығы мен дәлдігінің қажетті деңгейін сақтау;

- Кездейсоқ және әдейі қателер мен бұрмалауды анықтау мен болдырмау;

- Бухгалтерлік қорытынды есепті уақытында және дұрыс дайындау;

- Кәсіпорын басшылығы саясатын қолдану;

- Шаруашылықты жүргізудің тиімдірек және прогрессивті әдістерін енгізу.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Сыртқы аудит және оның түрлері?

2. Ішкі аудиттің міндеттерія?

3. Сыртқы аудит пен ішкі аудит ұқсастықтары?

4. Ішкі және сыртқы аудит ерекшеліктері?

 

Лекцияда пайдаланылатын слайдтар:

1. Аудит түрлерін жіктеу

2. Ішкі және сыртқы аудит ерекшеліктері

 

Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

1. Әжібаева З.Н., Байболтаева Н.Ә., Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит». Алматы: Экономика 2006 ж.

2. Абленов Б.О. «Қаржылық және басқарушылық аудит: теориясы, әдіснамасы, тәжірибесі» Алматы: Экономика, 2007 ж.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных