Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Экологиялық аудиттің объектілері. Экологиялық аудит жүргізу бағдарламаларын жасау.




Лекцияның мақсаты: соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан экологиялық аудит туралы жалпы түсінік қалыптастырып, мағлұмат беру.

 

Қарастырылатын негізгі сөздер: қысқартылған арнайы, толық арнайы, қысқартылған кешенді, толық кешенді.

Сұрақ 1. Экология саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері.

1. “Қоршаған ортаны қорғау туралы”ҚР Заңы 15.07.1997ж.

(11.05.1999ж.№381-1 және 29.11.1999ж.№488-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).

2. “Экологиялық сараптау туралы”ҚР Заңы 18.03.1997ж. №85-1(11.05.1999ж.№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерді қоса алғанда)

3.“Ерекше қорғалатын табиғи территориялар туралы”ҚР Заңы 15.07.1997ж.№162-1(11.05.1997ж№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімн қоса алғанда).

4.“Жануарлар әлемін пайдалану мен ұдайы өндіру,қорғау туралы”ҚР Заңы 21.10.1993ж. (11.05.1999ж №381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).

5.ҚР Орман кодексі 23.01.1993ж.(11.05.1999ж №381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).

6.ҚР Су кодексі 31.03.1993ж.(11.05.1999ж.№381-1 ҚР Заңына сәйкес өзгертулерімен қоса алғанда).

7.“Қазақстан Республикасының қоғамдық және экологиялық қауіпміздігінің концепциялары туралы”ҚР Президентінің жарлығы.30.04.1996ж.№2967

8.“Атомдық энергияны пайдалану туралы”ҚР Заңы.14.04.1997ж.№93-1

9.“Халықтың радиациялық қпуіпсіздігі туралы”ҚР Заңы.23.04.1998ж.№219-1

10.“Қоршаған ортаны ластауға рұқсатты беру Ережесін бекіту туралы”ҚР Үкіметінің қаулысы.06.09.2001ж.№1154(28.10.2004ж№1104 толықтырулар мен өзгертулерді қоса алғанда)

11. ҚР Үкіметінің қаулысымен 23.08.2004ж.№889 төмендегілер бекітілген:

• экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялауға бағытталған мамандану дәрежесінің талаптары;

• экологиялық аудиторлық қызметті лицензиялаудың ережелері;

• экологиялық аудиторлық қызметті жүргізудің ережелері.

Сұрақ 2. Халықаралық тәжірибені есепке ала отырып экоаудиттің негізгі міндеттерін егжей-тегжейлі көрсетуге болады:

1 табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметі жөнінде сенімді ақпарат алу, өнімнің экологиялық жаңа технологияларын енгізу арқылы олардың халықаралық нарықта бәсекеқабілеттілігін арттыру;

2 шаруашылық жүргізуші субъектілерге экологиялық талаптардың, нормалардың және ережелердің орындалуына бағытталған алдын-ала ескеру шаралырын жүзеге асырудағы өз бетімен басылымдықтарды қалыптастыру мен экологиялық саясатты реттеуде қолдау көрсету;

3 сақтандыру және қаржы-несие ұйымдардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық тәуекелдігінің төмендеуіне жағжай жасау;

4 табиғатты пайдалануды реттеудің негізгі бағыттарын жүзеге асыру үшін құралдар жинағын құру;

5 қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтің басқа да салалармен интеграциялық, «экологиялық шот жүргізуді» енгізу;

6 экоаудиттің халықаралық принциптерін, әдістерін және процедураларын пайдалану;

7 экологиялық бухгалтерлік есеп және аудит бойынша мамандарды дайындау;

8 қорытынды есеп беру мәліметтерінің табиғатты пайдалану саласындағы нормативтерге сәйкестігін анықтау;

9 табиғатты пайдалану саласындағы кәсіпорын мен оның құрылымдарының «ауру» жерлерін анықтау, олардың келтіретін зиянын анықтау және оларды жою, олардың алдын-алу бойынша шараларды ұсыну.

Сұрақ 3. Экоаудиттің объектісі ретінде қоршаған ортаға әсерін тигізетін құрылыстар мен кәсіопрындар, шаруашылық жүргізуші объектілерді жою және консервациялау, кеңейту реконструкциялау, салу бағдарламаларының немесе жоспарларының жобалары, сонымен қатар территорияны игерудің жобалары саналуы мүмкін.

Сонымен, мұндай жағдайда экологиялық аудиттің объектісі ретінде халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына кері әсерін тигізетін қандай да бір инвестициялық, шаруашылық немесе әкімшілік қызметтің түрлері танылуы мүмкін. Оларға төмендегілер кіреді:

· қызметі халықтың денсаулығы мен қоршаған орта үшін экологиялық

тәуекелділік пен байланысты меншік иелену нысандарының қандай түріне жататындығына қарамасатан ұйымдар мен мекемелердің, кәсіпорындардың дамуының инвестициялық және жекешелендіру бағдарламалары мен жобалары;

· несиелік келісімдер, инвестициялық мердігерлік келісім-шарттар:

бұларды жүзеге асыру халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаның жағдайына кері әсер етуіне, экологиялық нормативтердің бұзылуына алып келуі мүмкін;

· жүзеге асырылуы экологиялық нормативтердің бұзылуына алы

келетін салалық және жергілікті шаруашылық және әкімшілік шешімдері;

· экологиялық тұрғыдан қауіпті объектілер, жүйелер, кешендер;

· мемлекеттік кәсіопрындар мен ұйымдардың меншіктерін

жекешелендіру объектілері.

Инвестициялдардың аудиторлық негізделуінің құрамына бөлімдердің жеткілікті саны, оны ішінде қоршаған ортаға әсер етуді бағалау (ҚОӘБ) кіреді.

Бұл бөлім аумақтың табиғи жағдайлары және оның жеке компоненттерінің жағдайы туралы ақпаратты қамтиды (әуе кеңістігінің, жер бетіндегі және жер астындағы сулардың, геологиялық ортаның пайдалы қазбалар мен жер ресурстарының, табиғи ландшафтардың, мәдени-тарихи және табиғи ескерткіштердің, жануарлар және өсімдіктердің әлемінің).

Қарастырылып отырған объектінің оның құрылуы, пайдаланылуы және жойалуы кезеңдеріндегі қоршаған ортаға әсер ететін көрсеткіштерін (факторларын) анықтаудың құрамына әсер ету түрі (сипаты), олардың көздері, әсердің жойылған зонасының сипаты және тағы да басқалар кіреді. Кәсіпорынның әсер ету зонасындағы табиғи ортаның жеке компаненттерінің жағдайының мүмкін болатын өзгерістеріне талдау жүргізіледі, сонымен қатар шаруашылық қызметін жүзеге асырудан пайда болған теріс экологиялық және әлеуметтік зардаптардың алдын-алу бойынша кешенді шаралар жасап, шығарылады.

ҚОӘБ процесінде алдын-ала жоспарланған құрылыстың қоршаған ортаға тигізетін әсерінің ұзақ мерзімді зардаптарын болжамды түрде бағалаудың, сонымен қатар табиғи кешендермен халыққа кәсіпорынды салу мен оны жұмысқа енгізу кезеңдерінде тигізілетін зиянның (оның қатарына жер учаскілерінің бұзылуы, ландшафтың өзгеруі, жануарлар және өсімдіктер әлеміне зиян келтіру және тағы да басқалар жатады) орнын жабуды есептеудің маңызы өте жоғары.

Инвестициялық жобаны оның тиімділігін негіздеу тұрғысынан экономикалық бағалау мен қаржылық талдаудың құрамына барлық әлеуметтік-экономикалық және экологиялық шектеулер мен талаптардың орындалуын сақтау жағдайында нұсқалар бойынша құрылыстың құнын анықтау, сонымен қатар өндірістің экологиялық шығындарын анықтау кіреді.

Инвестициялық қызметті аудиторлық негіздеудің қорытынды процедурасы болып Инвестициялық пиғылдар туралы декларация және Экологиялық мәлімдеме дайындау табылады. Екі құжат та барша халық пен мамандарға арналғандықтан, нақты және түсінікті түрде жасалуы керек. Еуропалық кеңестегі экоаудит пен экоменеджмент жүйесінің талаптарына сай Экологиялық мәлімдеменің құрамына төмендегілер кіреді:

  • кәсіпорынның қызметі мен алып отырған шекарасын, инвестициялық

жобаның мақсаттары мен міндеттерін сипаттау;

  • осы қызметке қатысты бар маңызды экологиялық мәселелерді бағалау;
  • қоршған ортаға ластаушы заттарды шығару, қалдықтардың

қалыптасуы, шикізаттардың, энергияның және судың шығындалуы, қоршаған ортаға тигізілетін шулы және басқа да әсерлер туралы мәліметтер;

  • қарастырылып отырған кеңістікте енгізілетін компанияның

бағдарламалары мен басқару жүйесінің, экологиялық саясатының негізгі ережелерін сипаттау.

Тіркеулік үлес пен Экологиялық мәлімдеменің білікті органдар арқылы бекітілуінен кейін ғана кәсіпорынның учаскелерінің (орналасу орындарының) тіркелуі жүзеге асырылады. Егер компания Экологиялық мәлімдемесін ұсынбаса учаске инвестициялық қызмет регистрінен алалынып тасталынады. Белгілі бір жағдайларда екі процедураны да жүргізудің қажеттігі мен мүмкіндігі туындайды. Бұл қазіргі жағдай кезінде, ҚОӘБ-ды жүргізу бойынша талаптар тұрақтандырылғанда, экологиялық сараптамаға өндірістегі өзгерістерді негіздеу материлдарын ұсыну бойынша міндеттер пайда болғанда өте маңызды. Белгілі бір жағдайларда экоаудиттің материалдары ҚОӘБ-ды дайындауда немесе «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі ретінде қолдануда экологиялық сараптамадан өтуде пайдаланылады. Осыған байланысты экоаудитті үнемі жүзеге асырып отыру бірте-бірте кәсіпорынның кәдімгі тәжірибесіне көшуі керек, өйткені алынатын есеп беруле қымбат тұратын ҚОӘБ-ды толықтай алмастыра алады. Шетел тәжірибесінде экоаудит өзінің жоғарғы экономикалық тиімділігін дәлелдейді.

Бұдан басқа, аудиттің материалдары мемлекеттік бақылау органдарына экологиялық қорытынды есепті тапсырудың негізі бола алады.

Аудиттін барлық бағдарламаларын шешілетін мәселелердің көлеміне және мақсаттарының сипатына қарай бірнеше топқа бөлуге болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных