ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Аралық бақылауды тапсыру кестесі
*- 1-ші аралық бақылау,**- 2-ші аралық бақылау
9.4. Жазбаша (ауызша) түріндегі аралық бақылауды және емтиханды бағалау 1-кестеде көрсетілген әріптік балдық-рейтингтік жүйеге сәйкес 100 балдық (100 пайыздық) шкала бойынша бағаланады. 9.5. Тест түрінде өткізілген аралық бақылауда білім алушыға 20 сұрақ беріледі. Аралық бақылаудың тест түріндегі бағалау көрсеткіші 3-ші кестеде берілген. Кесте 3 Тест түріндегі аралық бақылау көрсеткіші (20 сұрақ бойынша)
9.6. Тестілеу емтиханында білім алушыға 50 сұрақ беріледі. Бағалау көрсеткіші 4-кестеде берілген. Кесте 4 Тест түріндегі қорытынды бақылау көрсеткіші (50 сұрақ бойынша)
9.7. Әрбір аралық бақылаудан кейін осы кезеңдегі білім алушының оқу жетістіктерінің рейтингісі шығады (сәйкесінше 1-рейтинг және 2-рейтинг). 1-рейтинг осы кезеңдегі білім алушының тапсырған ағымдық бақылауын (t1) 0,7 коэфициентке және аралық бақылауын (r1) 0,3 коэфициентке көбейтіп өзара қосындысы түрінде анықталады. 2-рейтинг те осы ретпен есептеледі. Рейтингтің толық бағасы келесі формуламен есептеледі: ;
мұндағы: R1 – 1-рейтинг, t1 – 1-ағымдық бақылау, r1 – 1-аралық бақылау, R2 – 2-рейтинг, t2 – 2-ағымдық бақылау, r2 – 2-аралық бақылау. 9.8. Академиялық кезең (семестр) кезіндегі білім алушының Rорт орташа рейтингтік бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) екі рейтингтің орташа арифметикалық қосындысы түрінде анықталады: . Rорт орташа рейтингтік бағасы (жіберу рейтингісінің бағасы) 35%-дан аз болса, бұл білім алушы емтиханға жіберілмейді. 9.9. Қорытынды бақылауды (емтиханды) өткізу үшін тіркеуші офисі емтихан қабылдайтын оқытушыға білім алушының академиялық кезең бойында жинақтаған балы мен рейтингтік бағасын көрсететін емтихан ведомостін ұсынады. Пән бойынша қорытынды баға келесі формуламен анықталады: , мұндағы: Е –емтиханның бағасы.
Курс саясаты -сабаққа кешікпеу; -сабақ үстінде өзге әңгіме жүргізбеу, ұялы телефонды қоспау; -сағыз шайнамау; -сабаққа сәйкесінше киініп келу; -сабақтан себепсіз қалмау (анықтама болуы тиіс); -сабақтан қалған күндерде оқытушы белгіленген мерзімде өтеу; -әрбір сабақта белсенділік көрсету; -оқытушымен, студент-құрбыларымен достық, ашық қарым-қатынас орнату; -барлық сабақтарда оқытушымен кері байланыста болып отыру; -ұжымдық жұмысқа араласу, аса ұяң студенттерді пікір таласқа қатысуға тарту; -жауапкершілікті, міндеттерді орындай білу; -ішкі тәртіп пен ережелерді қадағалау (Корпоративті мәдениет кодексі, студенттердің этикалық кодексі және т.б.).
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|