Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс. Эндогендік минералжаралу процестері (пегматиттік саты). Тізбекті және таспалы силикаттардың және алюмосиликаттардың жалпы сиппатамасы




Қатты минералдар магмадан бөлінгенде магма құрамындағы ұшпалы компоненттер көбейе бастайды және қалдық магма пайда болады. Оның құрамында – су, CO2, HF, HCl, H2S, H3BO3 болады. Ұшпалы компоненттер силикатты балқыманың тұтқырлығын, кристалдану температурасын мейілінше төмендетіп жылжымалығын арттырады. Осындай қасиеттерге ие болған қалдық балқыма аналық интрузияның шет жағаларына немесе айналадағы таужыныстарының жарықтары мен қуыстарына еніп кристалданады да ірі кристалды желілік пегматит (грекше «пегматос» – «мықты байланыс») деп аталған денелер түзейді.

Пегматиттер магмалық таужыныстарының бәрінде кездесетін түзілімдер. Әйткенмен де олар граниттік және сілтілі магмалық таужыныстарында көп дамыған. Пегматиттерге тән жалпы ерекшелік – олардың минеаралдық құрамы өздері бөлініп шыққан аналық магмалардың минералдық құрамымен ұқсастығы.

А.Е Ферсманның көзқарасы бойынша пегматиттердің ішіндегі пайдалы қазындыларға перспективасы жағынан ең маңыздысы граниттік пегматиттер. Олар Жер қыртысында көп дамыған, сирек және сирек жерлі элементтерге және ұшпалы заттар-минерализаторларға (хлора, фтора, бор қоспаларына) бай болады. Пегматиттер интрузивтерден 1-2 км қашықтыққа дейін ұзап кетуі мүмкін. Пегматиттердің құрылысы жиі белдемді болады. Олардың дене пішіндері желі мен ұя тәріздес боп келеді. Желілердің ұзындығы 400 м, еңі 30 м жетеді. Олардың кристалдану температурасы 350-7000С шамасында болады. Граниттік пегматиттерді А.Е. Ферсман құрамдық ерекшелігіне қарай екі топқа бөлді: 1) аналық магмадан бөлініп шыққан күйде сол магмаға ұқсас құрамын өзгертпей сақтап қалған пегматиттер «таза пегматиттер»; 2) аналық магмадан бөлініп шыққан пегматиттік балқыма айналасындағы таужыныстарымен өз ара химиялық реакцияға түсіп, заттық алмасу жасап пайдаболған «бұдандасқан пегматиттер».

Негізді және ультранегізді таужыныстарында пегматиттерде SiO2 және Н2О азаяды. А.Е. Ферсман пегматиттер процесінде минералжаралуды температуралық шектелуіне қарай 10 сатыға – геофазаларға бөлді, әр геофаза құрамындағы қосымша және акцессорлық минералдарға сәйкес 10 пегматиттер түрлерін анықтады: 1) нақты пегматиттер; 2) сирек элементті пегматиттер; 3) бор-фторлы; 4) фтор-бериллилі; 5) натрий-литийлі; 6) марганец-фосфатты; 7) фтор-алюминийлі; 8) фтор-карбонатты; 9) сульфидті; 10) сілтілі пегматиттер.

Пегматиттер минералдарының парагенетикалық ассоциациясы 4 кестеде көрсетілген.

4 кесте

Пегматиттер минералдарының парагенетикалық ассоциациясы

Минералдар
Басты Қосымша және акцессорлық Практикалық маңызды
     
1. Граниттік пегматиттер (керамикалық және мусковиттік)
Плагиоклаз, микроклин-пертит, кварц, мусковит, биотит, апатит, шерл Гранат, берилл, монацит, циркон Дала шпаттары және кварц – керамикалық шикізат. мусковит, берилл
2. Граниттік пегматиттер (сирек металды)
Клевеландит, кварц, микроклин, сподумен, лепидолит Мусковит, рубеллит, полихромды турмалин, берилл, касситерит Сподумен, берилл, лепидолит, касситерит, турмалин
4 кестенің жалғасы
     
3. Граниттік пегматиттер (мөлдіртасты)
Кварц, мөлдіртас, морион, альбит, топаз, берилл Мусковит, биотит Мөлдіртас, ысталған кварц
4. Граниттік пегматиттер «бұдандасқан»
Флогопит, биотит, Горнбленд, кварц, мусковит, Берилл, зүбәржат
4 кестенің жалғасы
     
тальк, хлорит, актинолит, плагиоклаз флюорит, берилл  
5. Сілтілі пегматиттер
Микроклин, нефелин, эгирин, мусковит, биотит, горнбленд, альбит Сфен, ильменит, циркон, пирохлор Пирохлор

 

Пегматиттермен сирек металдардың – танталдың, ниобийдің, берилийдің, литийдің; слюданың, керамикалық шикізаттардың, пъезооптикалық кварцтың, асыл тастардың – топаздың, аквамаринның, аметисттің, турмалиннің өндірістік кенорындары байланысты.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных