Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Карбонаттар, сульфаттар және ұсақ кластарының жалпы сипаттамасы




Карбонаттар класы. Карбанаттар класына 80- нен аса минерал кіреді, олардың көпшілігі табиғатта кең тараған. Латынша «карбо, карбон» – «көмір» деген сөз, сондықтан карбонаттар көмір қышқылының тұздары болып табылады, ең басты Ca+2, Mg+2, Ba+2, Mn+2,Fe+2, Zn+2, Na+2, Cu+2, Pb+2 және сирек жерлердің. Бір валентті металдардың карбонаттары сиректеу кездеседі. Карбонаттар сусыз және сулы болып бөлінеді, құрамына қосымша аниондар ОН-, F- сирек Cl- кіреді.

Карбонаттардың көпшілігінің жымдастығы жетілген. Жақтарына және жымдастық жазықтарына шыныша жылтырлық тән. Қаттылықтары орташа 3, тек доломиттікі 3,5-4,0 болады. Көпшілігі түссіз немесе ақ түсті, ал карбонаттардың түсі минералдардың құрамына кіретін хромофор-иондарымен байланысты. Cu кіретін болса карбонаттар жасыл немесе көк түсті; Fe – құрамдылар ашық-сарыдан қоңырқай түске дейін боялады. Карбонаттардың басқа түстері құрамына басқа заттардың және минералдардың механикалық кірмелерімен байланысты: қара кальцит – битум кірмелерімен; жасыл – хлоритпен; қызыл – гематитпен байланысты және т.б. Карбонаттар – тұз қышқылда едәуір ерігіш минералдар боп табылады, олар еріген кезде 2 бөлініп шығады. Қалыпты жағдайда кальцит, арагонит, малахит, азурит жылдам ерігіш боп табылады. Басқалары тұз қышқылында тек қана қыздырғанда немесе ұнтағында ериді.

Қарбонаттар (кальцит) магмалық, гидротермалық-метасоматиттік (доломит, кальцит) таужыныстарының құрамына кіреді. Шөгінді органогендік және хемогендік процестерде пайда болады. Гидротермалық желілерде карбонаттар сульфидтермен бірге кездеседі, скарндарда да болады. Силикатты таужыныстарының ыстық және құрғақ климаттағы мору қыртыстарында магнезит кездеседі. Zn, Cu, Pb (смитсонит, малахит, азурит, церуссит) карбонаттары сульфидтік кенорындардың тотығу белдемдерімен байланысты. Метаморфтық процестерде кальциттік және доломиттік мәрмәрлар пайда болады. Mn+2, Fe+2 карбонаттары тез тотығып тотықтармен сулы тотықтарға айналады. Карбонаттардың ең көп кездесетін түрі – кальцит.

Сульфаттар класы.Сульфаттар класына табиғатта кездесетін күкірт қышқылының тұздарын жатқызады, оларды 200 шамасындағы минерал құрайды. Сульфаттардың басты катиондары боп келетіндер: Ca2+, Ba2+, Sr2+, Na2+. Халькофильді элементтер – Cu, Zn және ауыспалы элементтер – Mn, Fe өте сирек кездесетін минералдардың құрамына кіреді.

Көптеген сульфаттарға жақсы қырланған кристалдар және олардың друзалары, тығыз қалыптасқан әркелкі түйірлі қоспалар, жер тәріздес агрегаттар, қабықтар, топырақтың түрлі түсті жағылымдары тән. Сульфаттардың көпшілігі түссіз, мөлдір, ақ түсті. Көбі көгілдір түсті (барит, целестин, ангидрит), ол ішкі құрылыстарының радиациялық дефектілерімен байланысты, ионизациялық сәуленуінен кейін пайда болған. Кейбір сульфаттар механикалық кірмелермен байланысты түстелген, соның ішінде битумдардың кірмелерімен. Бұл минералдар жұмсақ, олардың қаттылығы 3,5- нан жоғары болмайды, ал сулы сульфаттарда ол төмен – 2- ге таяу. Сульфаттардың көбісі суда тез ериді. Сульфаттардың жаратылысы негізінде шөгінді – олар хемогендік теңіздік және көлдік шөгінділер боп табылады. Сульфаттар тотығу белдемдердің минералдары және жанартаулық түзілімдері боп келеді. Олар тағыда гидротермалық минералжаралу процестерінде пайда болады, желелік басты минералдар (барит, сирек целестин, ангидрит) боп келеді. Метаморфтық процестерте гипстің қабаттарының дегидратациясы нәтижесінде ангидриттің пайда болуы байқалады. Сульфаттардың қатарындағы көпшілігі ірі денелер құрайды және құрылыс пен химиялық өндірістерге маңызды үлес кіргізеді.

Фосфаттар және арсенаттар класы.Бұл класқа фосфор және күшәла қышқылдырының тұздары біріктірілген, олардың саны 300 минералдан асады. Көбірек кездесетіндер фосфаттар, бірак көпшілігі аз тараған және олар сирек ірі жиынтықтарды құрайды. Құрамдарында басты боп табылатын катиондар Ca2+, Fe2+, UO22+, Cu2+, Al3+, Fe3+. Қосымша аниондар боп басты OH- - иондары, F-, сирек Cl- кездеседі. Сипаттайтын минералдардың құрамында H2O басты рөл ойнайды. Ол бөлігінің 50 %- дан аса құрайтын фосфаттардың, тағыда UO2 кіретін минералдарының барлығының құрамына кіреді. Р және As көбінесе өздеріне тән тетраэдрлік оттекті топтар [PO4]3- и [AsO4]3 құрайды. Фосфор және күшәла қышқылының қалдығына катион ретінде бір немесе бірнеше металл қосылса, онда ол фосфор және күшәла қышқылының тұздары болады, олар фосфаттар және арсенаттар класына жататын минералдары боп табылады. Фосфаттар қатарына жататын минералдар саны көп. Бірақ олардың басым көпшілігі өте сирек кездеседі де, олардың ешқандай практикалық маңызы болмайды. Олардың көпшілігі ұзынша және ине тәріздес кристалдар түзеді, кейде кристалдар тақталы, жалпақ болады. Осы класқа кіретін минералдардың көпшілігіне жер тәріздес, колломорфты агрегаттар, қабықтар, тығыз жасырын кристалды жиылымдар тән. Минералдардың көбі түрлі-түсті бояуымен ажыратылады ол құрамындағы иондар-хромофорлармен байланысты; Co – қызғылттан күрен-қызылға дейін; Fe – қоңырқай, сары, көк; Mn – қызғылт. Минералдардың көпшілігіне төмен және орташа қаттылық тән, сирек ол 5 жетеді. Минералдардың басым бөлігі Жер бетінде өтетін экзогендік процестерімен байланысты. Ал аздаған минералдар магмалық пегматиттік процесте жаралады (апатит, монацит). Апатит барлық минерал жаратылатын процестерде түзіледі.

Вольфраматтар мен молибдаттар класы.Бұл класқа 20- дан аса минералдардың түрі кіреді. Олардың көпшілігі вольфрам және молибден қышқылдарының тұздары боп табылады, молибдаттар саны вольфраматтардан басым келеді. Катиондардан басты рөл ойнайтындар Ca2+, Fe2+, аз дәрежеде Pb2+, Mn2+, және Cu2+ (UO2)2+. Mo мен W бір-бірін изоморфты ауыстырады, және оларда аз дәрежеде V мен Cr- ға ауысуы мүмкін. Минералдардын бір бөлшегінің құрамына конституциялық (OH-) немесе кристаллизациялық су кіреді. Молибден мен вольфрам жоғары дәрежеде тотыққан, тетраэдрлік радикалдары (MoO4)2- және (WO4)2-. Зарядтардың және аниондық топтардың өлшемі бірдей болуына байланысты, кейбір минералдарда бір-бірін ауыстырады. Мысалы, мұндай ауысу шеелит-повеллит қатарына тән. Минералдардың кристалдарына және кристалдық түйірлеріне изометриялық келбет тәріздес. Қаттылықтары 3-4,5. Олардың жақтарына немесе жіктілік жазықтарына қүшті алмасша жылтырлық тән, түзу емес жарылымдарында – майша. Түстері құрамына кіретін хромофор-иондарымен байланысты. Қоспасыз кальций молибдаттар мен вольфраматтар түссіз, бірақ сирек жерлермен, марганец, темір қоспалары немесе радиациялық деффектер барда олар әртүрлі түсті болады. Вольфраматтар (вольфрамит (Mn,Fe)[WO4]) гипогенді минералдар боп табылады, олар жапсар-метасоматиттік (скарндық) түзілімдерде, грейзендерде және жоғары температуралы Sn-W гидротермалық желілеріңде шеелит Са[WO4] кездеседі. Ал молибдаттар өзгеше – Жер бетіндегі процестерде, Mo мен Pb кенорындарының тотығу белдемдерінде пайда болады. Бұл минералдардың көптеген жиынтықтары вольфрам мен молибден өңдіруіне пайдаланатын құнды шикізат болады.

Негізгі әдебиеттер:[1, c. 494-496];

Қосымша әдебиеттер: [8, с. 133-145, [371-404]; [9, с. 136-139]

Негізгі[1, c. 150-155];

Бакылау сүрақтары:

1. Минералдардың типоморфизмі және генерациялары деген не?

2. Карбонаттар, сулфаттар кластарының жалпы сипаттамасы қандай?

3. Ұсақ кластарының жалпы сипаттамасы қандай?




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных