Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сомтума элементтер класының жалпы сипаттамасы




Сомтума элементтер деп механикалық әдістерімен айырылып алынатын, атом құрылысты минералдарды айтады. Сомтума элементтер түрінде кездесетін 80 химиялық элемент белгілі, басымдысы металдар, көпшілігі өте сирек кездеседі. Сомтума элементтер Жер қыртысының жалпы массасының 0,1 % құрайды. Сомтума элементтер табиғи жағдайда көбінесе таза бола бермейтінін, ескерте кетейік, олардың ішінде де аздаған әртүрлі аралас қоспалар болады.

Сомтума металдарға күшті металша жылтырлық, төмен қаттылық, ілмекше жарылымдар тән. Олар тапталғыш, жақсы электр және жылу өткізгіш болады, тығыздықтары жоғары және химиялық төзімді (алтын тек қана «патша арағында» ериді, басқа қышқылдарда ерімейді) келеді. Сомтума элементтердің жаратылыстары: магмалық (алмас), гидротермалық (алтын, күміс), метаморфтық (графит), жанартаулардың атқылауынан пайда болған түзілімдер (сомтума күкірт) және экзогендік (мыс, күкірт).

Сомтума элементтер зергерлік (алтын, күміс, платина, алмас) және тіс емдеу (алтын) істерінде, күкірт қышқылын, жарылғыш заттарды өндіруге және ауыл шаруашылық зиянкестермен күресуге (күкірт), металлургияда (графит), электротехникада (мыс, графит), алмаздық коронкалар және кезкіштер шығаруға пайдаланады.

Сомтума металдарды мысты-қызыл (мыс), алтындай-сары (алтын), күмістей-ақ (күміс), қоғасынша-сұр (платина) түстерімен, металша жылтырлықтарымен, металша жылтыр сызық түстерімен, төмен қаттылығымен, табталғыштығымен, жымдастығы жоқтығымен, элекрт тоғын өткізгіштігімен және жоғары тығыздығымен белгілеп анықтайды. Алтын, күміс, мыс кристалдар түрінде өте сирек кездеседі, жиі дендриттер, пластинкалар, жапырақшалар, қабыршақтар және сомтумалар түзеді.

Қосымша әдебиеттер: [7, с. 1-21]; [8, с. 51-65, 193-262,405-435]; [9, с. 146-149, 150-178, 253-268]; [10, с. 87-94, 121-152]

Бакылау сүрақтары:

1. Минералдардың химиялық байланыстар түрі, координациялық сан, атомдық және иондық радиустар деген не?

2. Шарлардың тығыз қалануының принципі қандай?

3. Сомтума элементтердің жалпы сипаттамасы қандай?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных