Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс. Кристалдардың өсуі. Қарапайым пішін деген ұғым. Сингониялары бойынша қарапайым пішіндерді шолу




Кристалдар балқыған магмадан, ертінділерден, газдардан, қатты аморфты заттардан, бастапқы кристалдардың қайта кристалдануынан түзіледі.

Ерітінділерден кристалданғанда еріткіш өзінін құрамындағыерітілген заттын артық мөлшерін тұндырады, демек кристалдар түзілуі тек қаныққан ерітінділерден болады. Ерітіндінің қанығуы әртүрлі себеппен байланысты: еріткіштің булануымен, ерітіндіге түзілген кристалдардың еруін төмендететін заттар қосуымен, қысым мен жылудың өзгеруімен. Көлдердің түбіндегі тұздардың түзілімдері ерітінділерден кристалдануының мысалы болады.

Балқымалардан кристалдану процестері заттардың қатаю нүктесіне дейін сууы кезінде өтеді. Тереңдіктегі, саяздағы және Жер бетіндегі көптеген кристалтүйірлік таужыныстар оттай-сұйық балқымадан – магмадан пайда болған.

Газ тәріздес қалыптан кристалданған кезде кристалдар сұйық фазаға өтпей булардан және газдан пайда болады. Осындай процестер кенеттен температураның төмендеуімен және қысымның өсуімен байланысты. Табиғатта газ тәріздес заттардан кристалдану жанартаулардың атқылауынан болады, сонда бөліңген жанартаулық газдар кебу жарықтарға еңеді, сонда олар суып кристалданады (күкірт, ас тұз, сильвин және т.б.). Мысалы, булардан қаршалар, терезенің әйнегіндегі аяздың өрнектері пайда болады.

Қатты заттардан кристалдану процестері. Бастапқы магмалық және шөгінді таужыныстары жоғарғы қысым және температурада балқып, олардан басқа метаморфтық таужыныстарының минералдары кристалданады. Оның мысалы ретінде метасоматоз процесі болуы мүмкін, ол кезде бастапқы минералдардың балқуы және жаңасы пайда болуы бір мезгілде өтеді, ал таужыныс қатты күйінде қалады. Аморфты жанартаулық шынылары, қысымға немесе қызуға ұшыраса, олардың ішінде кристалдар пайда болады. Күн көзінде көп жатқан шыныда, күңгірт тартып кристалдана бастайды.

Кристалдардың өсуі дегеніміз құрамындағы бөлшектер – атомдар, иондар, немесе атомдар мен иондардың топтары, заңды түрде реттеліп, кеңістік торда белгілі тәртіп бойынша түзіліп құралуы. Егер осындай топ зарядталған болса, оны радикал деп атайды, ал ол бейтарапты болса – молекула дейді.Ал кристалдардың геометриялық дұрыс пішінді боп өсуі, олардың ішкі атомдық құрылысымен байланысты.

Ерітінді ішінде немесе балқыма ішінде кристалдардың барлық жақтары бірдей жылдамдықпен өседі. Табиғатта кейде белдемді кристалдар да кездеседі. Бұл процесс, кристалдардың өсу кезінде кристализацияның бірде тоқтап, бірде қайталануымен байланысты. Соның себебінен кристалдардың жақтары өздеріне параллель бағыттарда ауысып отырады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных