Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кристалдардың симметрия түрлері




Аталған кристалдардың симметрия мүшелері (P, L, C), олардың толық сипаттамасы боп табылады және олар кристалдық көп жақтының симметрия түрлері болып саналады. Кристаллографияда математикалық әдіспен 32 симметрия түрлері есептелген, оларды бірінші боп шығарған И. Гессель – 1830 ж., А.Б. Гадолин – 1867 ж.

Симметрия түрлері, сингонияға топталады, ал сингониялар – үш категорияға: төменгі, ортаңғы және жоғарғы. Кристалдардың сингониясы (грек тілінен «син» – «ұқсас», «гониа» – «бұрыш») деп симметрия түрлерінің тобын атайды, олар бір немесе бірнеше ұқсас симметриялық мүшелерге ие. Сингонияның бөлінуі Стеннон – Ломоносов – Лильдердің заңына сүйенеді, оның мазмұны мынада: бір текті қысым және температура жағдайында пайда болған, бір заттың барлық кристалдарында, бір қалыпты жақтарының арасындағы бұрыштары тұрақты болады. Осы заң бойынша сингониялар бөлінгені, олардың параметрлері және оларға жататын минералдарының мысалы төменде көрсетілген.

1. Моноклиндік – ; = = ; (гипс, мусковит, авгит).

2. Триклиндік – ; (плагиоклаздар, дистен).

3. Ромбылық – ; = = = (барит, күкірт, топаз).

4. Тригондық – а = ; = = (кальцит, кварц, турмалин).

5. Тетрагондық – а = ; = = = (халькопирит, рутил, циркон).

6. Гексагондық – а=в ; = = ; = (апатит, берилл, графит).

7. Кубтық – а=в=с; = = = (алмас, пирит, галит, анартас).

Триклиндік, моноклиндік және ромбылық сингониялар төменгі деп аталады, өйткені оларда екі дәрежелік (L2) симметриялық өстен жоғарысы жоқ.

Тригондық, тетрагондық және гексагондық сингониялар ортаңғы деп аталады, олар тек қана бір жоғарғы дәрежелі симметриялық өске ие, L3, L4 немесе L6 сәйкес.

Кубтық сингония бірнеше жоғарғы симметрия өсіне ие (L3 және L4), ол жоғарғы сингония деп аталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных