Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кристалдардың симметрия мүшелері




Кристалдардың симметрия мүшелеріне симметрия жазықтығы (Р), симметрия өсі (L), симметрия центрі (С) жатады. Кристалдың симметриясы геометриялық элементтер (жазықтық, түзу сызық, нүкте) арқылы айқындалады.

Симметрия (инверсия) центрі С – кристалдың бір-біріне тең әрі параллель қарама-қарсы жатқан екі жағының дәл ортасынан өтетін нүкте, симметрия центрі (С) деп аталады және ол нүктеден өткен кез келген түзу сызық екі тарапта да, тең қарама қашықта өзіне сәйкес тепе-тең нүкте кездестіреді. Егер кристалдың әр жақтары өзіне тең, сонымен қатар, олар теріс орналасқандығына қарамай, параллель болса, сонда қарастырылған кристалда симметрия центрі бар (...2 суретке сәйкес).

в г

а) симметрия центрі жоқ (q жағына сәйкес параллель және тең жақ жоқ); б) симметрия центрі бар (барлық жақтар қос-қостап параллельді және тең); в) мысты купоростың кристалы (С – бар); г) алты жақты гексагондық пирамида (С – жоқ).

2 сурет – Көп жақтылардың симметрия центрлері

Симметрия жазықтығы Р ол әрбір затты (кристалды) айна қатесіз тең екі бөлікке ойша бөлетін жазықтық. Симметрия жазықтығы Бравэ символикасы бойынша Р әріппен, ал суретте қос сызықпен белгіленеді.Егерде берілген кристалда симметрия жазықтары көп болса, онда оның белгісінің алдына саны

көрсетіледі. Кристалдарда симметрия жазықтығының (Р) саны 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 9 болады (...3 суретке сәйкес). Мысалы, симметрия жазықтары ең көп фигура – куб, кубта 9 симметрия жазықтығы болады. Кейбір кристалдарда симметрия жазықтары жоқ.

1 2

1) тік бұрышты параллелепипедтің үш симметрия жазықтығы (3Р); 2) текшенің тоғыз симметрия жазықтығы (9Р): а – төрт тік (вертикальді), б – бір горизонтальді, в – төрт диагональді

3 сурет – Кристалдардың симметрия жазықтары

Кристалды ойша жүргізілген сызықтың төңірегінде айналдырғанда, оның бірдей бөліктері бірнеше рет қайталанатын болса, ал 3600 айналғанда, фигура толығынан өзі-өзімен сәйкес келсе, осы сызық с имметрия өсі (L) деп аталады. Кристалдардағы екі симметриялық жазықтықтың түйіскен жері симметриялық өсі болады. Симметрия өсі L әріпімен және , D, o, белгілерімен белгіленеді. Фигураны өзі-өзімен сәйкес келтіретін ең аз айналдыру бұрышын элементарлық айналдыру бұрышы (a) деп атайды. Симметрия өстің дәрежесі, элементарлық айналдыру бұрышының 3600 градустағы санын (п) көрсетеді. Симметрия өстерінің әрбір түріне, өзінің элементарлық айналдыру бұрышы (a) тән. Кристалдарда симметрия өстері 1, 2, 3, 4 және 6 дәрежелі болады. Әрбір симметриялық өске өзінің элементарлық айналдыру бұрышы тән:

L1 (бірлікдәрежелі) – 3600 төмен дәрежелі симметриялық өсі

L2 (екілікдәрежелі) – 1800 төмен дәрежелі симметриялық өсі

L3 (үштікдәрежелі) – 1200 Ê

L4 (төртікдәрежелі) – 900 жоғарғы дәрежелі симметриялық өстер

L6 (алтылықдәрежелі) – 600 È

Симметриялық өстердің шығуы жақтардың ортасындағы немесе көп жақтылардың төбелеріндегі нүктелерге байланысты, ал қырларының ортасынан екі симметриялық өстер шығуы мүмкін (...4 суретке сәйкес). Мысалы, текшеде

а б в

а) 3 L4, б) 4 L3, в) 6 L2

4 сурет – Текшенің симметрия өстері

әр бір-біріне параллель қос жақтардың – шаршылардың ортасынан төртік дәрежелі өсь өтеді, ал текшеде, үш қос жақтары барын еске алсақ, 3L4 болады . Сегіз төбелерінде жақтар үш-үштенқиылысады, екі қос төбелерінен үштік оптикалық өсі өтеді, сонда 4L3 болады. Ақырында текше он екі қырларымен шектелген, әр диагональдарға параллель қос қырдан екілік симметриялық өсі өтеді, олардың саны 6L2.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных