Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі




1-ші модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрактар:

1. Кристалл деген не, кристалдардың шектеу элементтері қандай?

2. Фигураның симметриялығы калай анықталады, симметрияның өсі, центрі және жазықтығы деген не?

3. Қандай категориялар мен сингониялар бар, симметрия түрлерінің саны қанша?

4. Қарапайым пішін және комбинациялар дегеніміз не, қандай қарапайым пішіндер ашық болып саналады?

5. Қандай қарапайым пішіндер жабық деп саналады, қарапайым пішіндердің саны қанша борлады?

6. Моноклиндік, триклиндік және ромбылық сингонияларының қарапайым пішіндерін атаңыз?

7. Тригондық, тетрагондық сингонияларының қарапайым пішіндері қандай болады?

8. Гексагондық, кубтық сингонияларының қарапайым пішіндері қандай болады?

9. Моос шкаласына жататын минералдарды атаңыз?

10.Минералдардың физикалық қасиеттері – мөлдірлік, түсі, жымдастықтары, қаттылықтары, меншікті салмақтары қандай болады?

11.Минералдардың магниттілік, электр өткізгіштік, радиоактивтілік қасиеттерін сипатта?

12.Дарақтар дегеніміз не, минералдық агрегаттардың түрлері қандай болады?

13.Сингонияларға байланысты минералдардың келбеттері қандай болады?

14.Минералдардың габитусы дегеніміз не, полиминералды, мономинералды агрегаттар қандай болады?

15.Егіздіктер, дендриттер, друзалар, тасшемендер, тасберіштер, сферолиттер, оолиттерге сипаттама бер?

16.Сауыстанған пішіндер, псевдоморфозалар қандай болады, олар қалай пайда болады?

2-ші модуль бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрактар:

1. Минералдарды жүйелеунің негізі, химиялық байланыстардың түрлері, координациялық сандар, шарлардың тығыз қалануы.

2. Сомтума элементтердің ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

3. Изоморфизм, изоморфизмнің түрлері. Полиморфизм.

4. Жай, қос сульфидтердің және дисульфидтердің ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

5. Элементтер кларкі. Химиялық компонентердің Жер қыртысында таралуы қандай?

6. Минералдардың парагенетикалық ассоциациясы, генерациялар және типоморфизм деген ұғымдар.

7. Карбонаттардың ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

8. Сульфаттардың ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

9. Ұсақ кластарының жалпы сипаттамасы.

10.Ұсақ кластар минералдарының ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

11.Силикаттардың жүйелеуі, құрылымдарының сипаттамасы қандай?

12.Силикаттар класының жалпы сипаттамасы.

13.Аралдық силикаттардың ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

14.Тізбекті силикаттардың ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

15.Таспалы силикаттардың ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

16.Қабатты силикаттардың ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

17.Каркасты силикаттардың ерекше диагностикалау белгілері, жаратылысы және қолдануы қандай?

18.Эндогендік минералжаралу процестері қандай болады?

19.Экзогендік минералжаралу процестері қандай болады?

20.Минералдық зерттеулердің басты әдістері.

Аралық аттестайцияға арналған сұрақтар:

1. Жоғарғы, ортаңғы және төменгі категория минералдарына қандай симметрия элементтері тән?

2. Төменгі категория минералдарына қандай қарапайым пішіндер тән?

3. Тетраэдр, куб, октаэдр, ромбододекаэдр деген пішіндер қандай болады?

4. Моос шкаласының 5 минералын атаңыз.

5. Моос шкаласының 7 минералын атаңыз.

6. Минералдар түсіне қарай қалай ажыратылады?

7. Минералдар жылтырлығына қарай қалай ажыратылады?

8. Минералдар тығыздығына қарай қалай ажыратылады?

9. Минералдар жаратылысына қарай қалай ажыратылады?

10.Алмаз, графит және сомтүма кұкірттің қандай диагностикалау белгілері бар?

11.Анартас кристалдарының пішіндері қандай?

12.Пироксен тобындағы қай минерал литий кені болып табылады?

13.Никель кені болып есептелетін силикаттарды атаңыз.

14.Мусковиттің жаратылысы және оның пайдалану саласы қандай?

15.Лепидолиттің түсі қандай, оның құрамында қандай элемент бар?

16.Лабрадордың түсі, жылтырлығы қандай, ол қайда пайдаланады?

17.Ортоклаздың микроклиннен айырмышылығы неде?

18.Лабрадор мен ортоклаздың ұксастығы мен айырмашылықтары қандай?

19.Дала шпаттарының практикалық маңызы қандай?

20.Нефелиннің түрлестерін атаңыз, физикалық қасиеттері қандай және қолдану салаларын атаңыз?






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных