Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кристалдық торлардың құрылысы




Кристалдық құрылымды минералдар өздерінің құрамына кіретін ұсақ бөлшектерінің: атомдардың, иондардың, молекулалардың кристалл денесінде ретті түрде орналасуымен сипатталады. Олардың ретті де заңды түрде орналасуын кристалдық немесе кеңістік торы арқылы бейнелеуге болады. Кристалдық торды кеңістікте шексіз орналасқан, пішіндерінің мөлшері бірдей, бірнеше параллепипедтердің жиынтығы ретінде қарауға болады. Параллелепипедтердің төбесі кеңістік торының түйіні, ал оларды жалғастырып тұрған сызықтар тордың қатарлары, ал кеңістік торының үш түйіні арқылы өтетін жазықтықтар жалпақ торы деп аталады. Төбесінде тордың түйіні орналасқан дара параллелепипед осы кеңістік торының ұясы деп аталады. Кристалдарда түйіндер жиынтығы олардың төбелерін белгілейді, кеністік тордың қатары кристалдың қыры болып табылады, тор көзінің жазығын кристалдың жағы деп санауға болады (...5 суретке сәйкес).

а б в

5 сурет – Кеңістік тор – а, кеңістік тордын қатары – б, жалпақ тор – в

1855 ж. француз ғалымы О. Бравэ осы кеңістік торлардың ұяларының 14 түрлерін, теориялық жолмен анықтап шықты. Ол жеті сингонияға сәйкес 7 элементарлық ұялары болатындығын анықтады (...6 суретке сәйкес).

1 – триклиндік, 2-3 моноклиндік, 4, 5, 6, 7 – ромбылық, 8 – гексагондық, 9 – тригондық (ромбоэдрлік), 10-11 – тетрагондық, 12, 13, 14 – кубтық..

6 сурет – Бравэнің кеңістік торларының 14 ұялары

Негізгі әдебиеттер:[3, с. 8-11, 13-20];

Қосымша әдебиеттер: [8, с. 10-21], [10 с. 9-24]

Бакылау сүрақтары:

1. Кристалл дегеніміз не, кристалдық заттардың негізгі қасиеттері қандай болады?

2. Кристаллография нені зерттейді, оның салалары қандай?

3. Симметрия деген не, симметрия мүшелері қандай болады, кристалдық торлардың құрылысы қандай?







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2020 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных