Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Аңкалы алюмосиликаттардың жалпы сипаттамасы




Қанқалы алюмосиликаттар тобы дала шпаттар (фельдшпатиттер) және фельдшпатоидтарғабөлінеді, радикалдары [Sin-xAlxO2n]-x.

Дала шпаттар (фельдшпатиттер) тобы.Жер қыртысында силикаттардың ішіндегі ең көп тараған дала шпаттар, оның құрамында мөлшері 50,0 % құрайды. Олардың 60,0 % магмалық, ал 30,0 % метаморфтық таужыныстарының (көбінесе кристалдық тақтатастардың) құрамына кіреді. Қалған 10,0-11,0 % құмтастар мен конгломераттарда кездеседі, олардың ішінде жұмырланған түйірлер боп немесе галькалар құрамында болады. Дала шпаттары деген аты қалай пайда болғаны белгісіз, мүмкін «шпаттар» – ол екі бағытта жымдастығы бар минералдар, және олар далада көп кездескеннен болар.

Химиялық құрамы бойынша дала шпаттар Na, К және Са алюмосиликаттары болады: Na[AlSi3O8], K[AlSi3O8], Сa[Al2Si2O8]. Кейде өте аз мөлшерде Li, Rb, Cs изоморфты түрінде сілтілерді ауыстырады, ал Sr Ca- ды.

Осы кластың минералдарын сипаттайтын келесі ерекшелігі, олардың изоморфты бинарлы қатарлар құруы болады. Осындай болатындар, мысалыға алсақ, келесі қатарлар: Na[AlSi3O8]Сa[Al2Si2O8], Na[AlSi3O8] – K[AlSi3O8].

Минералдар моноклиндік және триклиндік сингонияларында кристалданады, бірақ олардың морфологиялық қасиеті бойынша бір-бірінен айырмашылығы аз. Рентгенометриялық зерттеулер бойынша барлық дала шпаттардың кристалдық құрылымы бір-біріне көп ұқсас келетіндігі дәлелденген. Физикалық қасиеттері де ортақ болады, олардың көпшілігі ашық түсті, қаттылықтары жоғары 5-6,5, жымдастықтары екі бағытта жетілген, олардың қыйлысу бұрышы 900- қа жуық, ал тығыздықтары жоғары емес – 2,5-2,7. Осы қасиеттері арқылы олар өздеріне ұқсас минералдардан оңай ажыратылады.

Олар көбінесе магманың кристалдануынан жаратылады. Магмалық интрузивтік және эффузивтік таужыныстар құраушы басты минералдары болады. Ірі кристалдық түйірлер боп олар пегматиттерде кварц, слюдалар, топаз, берилл, турмалин және тағы басқаларымен кездеседі. Миаролиттік қуыстарда ірі кристалды дала шпаттардың друзалары кездеседі. Олар тағыда жапсар-метасоматиттік кенорындарда және гидротермалық желілерде болады. Аймақтық метаморфизм кезінде дала шпаттардың түзілуіне жағдай туады. Сонымен, дала шпаттардың жаратылуына жоғарғы температура ыңғайлы болатындығы белгіленеді.

Дала шпаттары (фельдшпатиттер) құрамы бойынша натрийлік-кальцийлік (плагиоклаздар) және калийлік – натрийлік (калишпаттар) дала шпаттар тобына бөлінеді.

Натрий-кальцийлік дала шпаттары – плагиоклаздар тобы. Плагиоклаздар деп құрамы ауыспалы, үздіксіз изоморфизм қатарын айтады. Бұл топтың шеткі мүшелері альбит Na[AlSi3O8] – және анортит – Сa[Al2Si2O8]. Бұл компоненттердің бір-бірімен ауысуы толық, Na+ және Si4+ – Сa2+ және Al3+ ауысады.

«Плагиоклаз» жымдастығымен байланысты, грек тілінен «қисық сынғыш» деп аударылады. Жымдастығының ара бұрышы тіктен төмен және 86024/ 86050/ тең болады. Сингониясы триклиндік. Плагиоклаздардың құрамы магмалық таужыныстарының жүйелеуіне маңызы зор болғандықтан, Е.С. Федоров оларды жүйелеу үшін, әр плагиоклаздың нөмірін анортиттік молекуласының пайыздық мөлшеріне сәйкес белгілеуді ұсынды (8 кесте).

8 кесте

Е.С. Федоровтың плагиоклаздар тобындағы минералдарды жүйелеуі

Аттары   Плагиоклаздың №, анортиттің молекуласының мөлшері, % Құрамы
1. Альбит Na[AlSi3O8] Үздіксіз изоморфизм қатары 0-10 қышқыл
2. Олигоклаз 10-30
3. Андезин 30-50 орта
4. Лабрадор 50-70 негізді
5. Битовнит 70-90
6. Анортит Сa[Al2Si2O8]. 90-100

 

Плагиоклаздың нөмірі, оның химиялық құрамын сипаттайды. Мысалы, плагиоклаз № 30 андезин болады, оның 30,0 % анортит, ал 70,0 % альбит құрамды. Альбиттен анортитке қарай кремний қышқылы құрамында азаятын болғандықтан (альбитте – 68,81 %, ал анортитте – 43,28 %- ға дейін), № 0-№ 30 плагиоклаздары қышқыл деп аталады, № 30-№ 50 – орта және № 50-№ 100 – негізді. Қышқыл плагиоклаздар ең көп тараған плагиоклаздар болады, олар қышқыл магмалық таужыныстарды құрайды (8 кесте).

Жақсы құрастырылған кристалдар өте сирек кездеседі. Плагиоклаздар түйірлері тақташа және тақташа-призмалық пішінді, таужыныстарда сеппелер, түйірлі агрегаттар, кейде друзаларды (альбит – клевеландит) құрайды. Оларда қарапайым егіздіктер сирек болады, ал күрделі полисинтетикалық егіздіктер кең тараған. Тез суыған эффузивтік таужыныстарда кристалдық-белдемді құрылысы сирек емес. Олардың ядросы мен ортасы негізді плагиоклаздарымен құрастырылған, ал шеттері – қышқылдауларымен. Сыртқы қасиеттерімен альбитті және лабрадорды, кейде олигоклазды анықтауға болады.

Альбит-клевеландиттің пластинкалы агрегаттары миаролиттік қуыстарда друза құрайды. Түгел плагиоклаздардан тұратын түйірлі-кристалды таужыныстар кездеседі. Мысалы, магмалық анортозиттер және лабрадориттер; қант тәріздес альбитті таужыныс, ол метасоматиттік жолымен пегматиттерде пайда болады.

Түстері ақ, сұрша-ақ, кейде жасылдау, көкшіл немесе қызылдау реңкті, олар құрамындағы әртүрлі қоспаларымен байланысты. Плагиоклаз қатарындағы минералдардың қасиеттері өзгеріңкі өсіп тұрады: тығыздығы альбитте 2,61, анортитте өседі – 2,76, балқу температурасы – альбиттердің 11000-12500, анортиттердің 15000-15500. Қаттылығы 6-6,5, жылтырлықтары шыныша, жымдастықтары (001) және (010) қималарында жетілген. Олигоклазға көгілдір, ал лабрадорға көк иризация тән. Диагностикасы оптикалық әдіспен ғана тура болады.




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных