Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Далалық зерттеулер әдістері




Далалық минералдық зерттеулер жалпы геологиялық барлау жұмыстарының бөлімі боп табылады. Негізінен минералдық нысандарды зерттеу нақты геологиялық карталар мен сұлбаларды жасаудан басталады, оларда зерттеу нысандардың геологиялық құрылымы, морфологиясы мен мөлшері, кеңістікте орналасуы көрсетіледі.

Келесі сатысы кенорындарында пайдалы қазбалар сыйыстырушы таужыныстарының ашылымдарын немесе ұңғымалар таужыныстарын (кернің) құжаттап зерттеу болады. Сол кезде мынандай мәселелерді шешу керек: 1) таужыныстар денелерінің пішіні және олардың өлшемдері мен жатыс элементтері; 2) асты-үстінгі қабаттарымен қарым-қатынастары; 3) таужыныстардың қалындығы және олардың көсілу бойындағы өзгерістері; 4) петрографиялық сипаттау жүргізу (таужыныстардың немесе кендердің бітімі, құрылымы, түсі, минералдық құрамын анықтау), бұл жұмысты өткізгенде минералдық агрегаттарының денелерін сызба түрде мұқият суреттейді немесе фотоға түсіріп алады, кенорындағы минералдық ассоциацияларының санын, олардың жаралу уақыттары және реттілігін, кенорынның жаралу жағдайларын, жеке кристалдар мен агрегаттарының өсуі туралы деректер жиналады; 5) таужыныстағы органикалық қалдықтардың құрамы мен көмілу жағдайларын анықтау; 6) әртүрлі кірмелерді анықтау; 7) әр қабаттан зертханалық зерттеулер үшін сыналар алу; 8) жиналған мәліметтер бойынша таужыныстарының пайда болу жағдайы туралы алдын ала қорытынды жасау.

Далалық зерттеулерге пайдалы қазбалар кенорындарын минералогиялық әдіспен зерттеу де жатады. Минералогиялық зерттеулерге пайдалы қазбаларды бірден табу, оларды дұрыс диагностикалау, бағалау және минералдардың орналасу заңдылығын, соның шектерін анықтау жатады.

Өзендер мен байланыста алмас, алтын, қалайы, киноварь және т.б. пайдалы қазбалардын кенорындарын зерттеген кезінде, өзендер арналардың шөгінділерінен белгілі бір мөлшерде сынамаларды (шлихтерді) жинау қәжет. Шлихтер өзен суының ағысы баяуланған йірімдерден алынады, сол жерлерде пайдалы ауыр минералдар тез тұнуына жағдай жасалынған. Астауға салынған шлих алдымен жуылып тұндырылады. Астауды, өзеннің суына шайқаған кезде топырақ, құмдардың жеңіл минералдары (дала шпаттар, кварц, слюдалар) сумен бірге ағып кетеді де, түбінде біраз мөлшерде байытылған ауыр пайдалы минералдар қалады. Оны сұр түсті шлих деп атайды, бастапқы минералдық құрамын зерттеу далалық жағдайда өтеді, содан кейін, шлихтер әртүрлі зертханалық әдістермен зерттеуге жіберіледі.

Далалық жағдайларында, минералдық іздеу жұмыстарын өткізгенде, келесі белгілерін қолдану керек: 1) таужыныстарының өзіне тән минералдық парагенетикалық ассоциациялары бар (пегматиттік, скарндық, граниттік, әктастық, құмтастық т.б.); 2) кенорындарымен байланысты белгілі бір типоморфтық минералдар бар (каолинит, цеолит, хлорит т.б.); 3) тотығу белдемдердегі кездесетін минералдық ассоциациялар, бастапқы құрамының өзгерген түрін көрсетеді (мысалы, малахит, азурит, лимонит табылған жерлерде, терең қабаттарында бастапқы мыс сульфидтердің барын көрсетеді); 4) минералдар кенорындарынан алыстаған сайын олардың сырт пішіні, химиялық құрамы және қасиеттерінің өзгеруін ескеру керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных