Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС – 2 Ағымдық бақылау жұмысы




Силикаттардың және алюмосиликаттардың магмалық, шөгінді және метаморфтық таужыныстарын құраушы басты минералдары болғандықтан, осы минералдарды жақсы тану және дұрыс анықтау қажет, осымен байланысты бақылау жұмысы өткізіледі.

Тақырып: Аралдық, тізбекті, таспалы, қабатты және қанқалы силикаттарының және алюмосиликаттарының минералдарын үлгітастар бойынша сипаттау және ағымдық бақылау сұрақтарға жазбаша жауап беру.

Тапсырма:

1. Өткен тақырыптардың материалдарын игергендерін анықтау үшін осы аталған кластың 15 минералдарының үлгітастары студенттерге беріледі, оларды сипаттауында: минералдың аты, формуласы, ерекше қасиеттері көрсетілу керек.

2. Ағымдық бақылау сұрақтарының ішінен студенттерге 10 сұрақ беріледі, жауаптары нақты және қысқаша берілуі керек.

Бұл жұмыстың нәтижесінде студенттердің осы кластарының минералдарын ерекше диагностикалау қасиеттері арқылы зерттеуді және сипаттауды қалай үйренгендері белгіленеді және теориялық материалдарды игергендері білінеді.

Жұмыс 100 балға бағаланады.

Негізгі әдебиеттер: [1, c. 675-927].

Бақылау сұрақтары: № 10-14 Зертханалық жұмыстарындағы және аралдық бақылаудағы сұрақтар.

 

2.4 Оқытушының жетекшiлiгiмен орындалатын студенттердiң өзiндiк жұмыстары бойынша өткiзiлетiн сабақтардың жоспары (СОӨЖ)

Рет тік нө-мері Тапсырма Өткізу түрі Әдістемелік ұсыныс Ұсы-ны-латын әдеби-еттер, бет-тері- мен
         
1. Кристалдық көп жақтылардың 5 ағаш модельдерінің симметрия мүшелерін, формуласын, категориясын және сингониясын анықтау.   Кейс құрастыру тәртібі:симметрия мүшелерін және симметрия формуласын анықтап жазу; категориясын және сингониясын анықтау; симметрия түрін көрсету; тренинг және кейс құрасты-ру Симметрия центрі бар кристалдарда қарама-қарсы қос жақтары тең және параллель болады. Кристалдың неше түрлі жатысында, жақтардың жоғарғысында тең және параллель жақ болса, симметрия центрі бар болғаны. Ал бір жаққа өзіне сәйкес жақ табылмаса, ол симметрия центрі жоқ дегенді білдіреді. L2, L3, L4,L6 дәрежелері симметрия өстері кристалдың жақтарының және қырларының ортасынан, тағыда жақ және қырдың ортасынан және төбелерден өтеді. Симметрия Нег. әд.: [3, с. 8-11, 13-20]; қосымша әд.:[8, с. 10-21], [10 с. 9-24].
Кестенің жалғасы
         
  кристалдың қарапайым пішіннің атын табу.     жазықтары қырларының ортасынан, қыйылысатын қырлардың биссектри- сасынан, немесе кристалдың бір жағына перпендикуляр өтеді. Кристалдың симметрия формуласы бірінші орында симметриялық өстер жоғарғыдан төменгіге дейін жазылады, екінші орында – симметрия жазықтары, сонында симметрия центрі. Мысалы, гексаэдрдің (текшенің) симметрия формуласы – 3 L4 4 L3 6 L2 9 РС.  
2. Кристалдардың 5 ағаш модельдерінің қарапайым пішіндерін және комбина- цияларын анықтау, симметрия мүшелерін, формуласын, категория- сын, сингониясын сипаттау. Кейс құрастыру тәртібі:симметрия элементерін, формуласын, категори- ясын және сингониясын анықтау; симметрия түрін көрсету; комбинацияға кіретін қарапайым пішіндер санын білу; олардың атын және пішінін көрсету. тренинг және кейс құрас- тыру Кристалдардың қарапайым пішіндерін және комбинацияларын анықтау үшін олардың бүйір жақтарының теңлігіне, параллельдігі- не және табандарының пішініне көңіл аудару керек. Комбинациялардыңжақтары әркелкі болғандығы, олардын әртүрлі қарапайым пішінге жататындығын көрсетеді. Жақтардын түрлерінің саны қарапайым пішіндердің санына тең болады. Комбинацияның жақтарын ойша қиылысуға дейін созуға, немесе кеңістікте ойша бірдей жақтарды қауыстырып көрсе, сонда олардың саны қанша екені және пішіндері анықталады. Нег. әд.: [2, с. 5-15], [3, с. 12-13, 20-21]; қос. әд.: [8, с. 39-53], [10, с. 24-37].  
3. Минералдардың физика- лық қасиеттері 5 үлгітастары бойынша анықтау.   тренинг және кейс құрас-тыру Әр минералдардың өзіне тән ерекше анықтау (диагностикалау) белгілері болады, олар көбінесе қаттылығы, мөлдірлігі, жылтырлығы, тығыздығы, жымдастығы, түсі және сызық түсі болады, өте сирек магниттілігі. Осы аталған қасиеттерді анықтау қажет. Нег. әд.: [1, c. 9-25], [3, с. 20-21];  
4. Дарақтар және минерал- дық агрегаттарының морфологиясын 5 үлгітастары бойынша анықтау.   тренинг және кейс құрас-тыру Әр минералдардың дарақтар және минералдық агрегаттарының морфологиясын зертегенде олардың кристалдарының келбетіне, пішініне, габитусына, құрылымына назар айналдыру керек. Осы аталған қасиеттерінің анықтамаларын жақсы білу және пайдалану қажет. Қос. әд.: [7, с. 1-21]; [8, с. 51-435];
5. Сомтума класының минералдарын 5 үлгітас- тренинг және Сомтума минералдарын сипаттағанда металдық және бейметалдық топқа Нег. әд.:[1,
Кестенің жалғасы
         
  тары бойынша анықтау, олардың атын, формула- сын, парагенетикалық ассоциациясын және жаратылысын сипаттау кейс құрас-тыру болу қажет. Металдық сомтума минералдарға металша жылтырлық, жоғарғы тығыздық, табталғыштығы және әрқайсысында өзіне тән түсі бар. Бейметалдық графиттің түсі қара-сұр, қаттылығы төмен, қағазға жазады, қолды былғайды, ал күкірт лимонды-сары түсімен жақсы анықталады. Алмастың қаттылығы 10, жылтырлығы алмасша, аса мөлдір болады. с. 160-205].
6. Жай сульфидтер класының минералдарын 10 үлгітастары бойынша анықтау, олардың атын, формуласын, парагенети- калық ассоциациясын және жаратылысын сипаттау.   тренинг және кейс құрас- тыру Сульфидтерді сипаттағанда оларды жылтырлығы бойынша екі топқа бөлу керек: бірінші – металша жылтырлығы бар жай сульфидтер (пентландит, пирротин, галенит, молибденит, антимонит, висмутин, халькозин), екінші – шала металша, алмасша жылтырлығы бар сульфидтер (киноварь, аурипигмент, реальгар, ковеллин, сфалерит). Бірінші топта түстер бойынша топшаларды бөлу: әртүрлі реңкті сұр түсті – галенит, молибденит, антимонит, халькозин; әртүрлі реңкті сары түсті – пирротин, пентландит; қоладай-ақ түсті – висмутин. Сұр түсті минералдардың ішінен төмен қаттылығы бар және жапырақша пішінді түйірлерінен молибденитті (қолды былғайды) анықтау;антимонитті – түйірлердің ұзартылған пішіні бойынша және киноварьмен ассоциациясымен; галенитті – жоғарылау қаттылығынан (2,5), кристалдары кубтық пішінділігінен, түйірлі массаларымен және сфалеритпен ассоциациясымен. Пирротин, пентландитті түстері бойынша ажыратады: пирротин – қызғылт реңкті қараұтты қоладай-сары түсті, пентландит – жарық қоладай-сары түсті. Пирротинде – жетілмеген жымдастық және ол магнитті, пентландитте – жетілген жымдастық және ол магнитті емес болады. Негіз-гі әдеби-еттер: [1, c. 216-292].
 
Кестенің жалғасы
         
      Екінші топта киноварьді қараұтты-қызыл түсімен, аурипигментті – жарық лимонды-сары түсумен, сфалеритті – жымдастық жазықтары бойынша алмасша жылтырлығымен ажыратады.  
7. Қос сульфидтер және дисульфидтер класының минералдарын 10 үлгітас- тары бойынша анықтау, олардың атын, формуласын, парагенетикалық ассоциаци-ясын және жаратылысын сипаттау. тренинг және кейс құрас-тыру Сульфидтерді екі топқа бөлу қажет: біріншісі– қос сульфидтер (халькопирит, борнит),екіншісі – дисульфидтер (пирит, марказит, кобальтин, арсенопирит). Бірінші топта топшаларды түстері арқылы бөлу: қоладай-сары түсті, түрлі-түсті құлпырмамен – халькопирит; қарауытты мысты-қызыл түсті, түсті құлпырмалары жарық көк, сиядай-күлгін – борнит; екіншісінде: сабандай-сары түсті – пирит, құрыштай-сұр түсті қызғылт реңкімен – кобальтин, калайыдай-ақ – арсенопирит. Сары түсті минералдардың ішінен пиритті жоғары қаттылығымен және түйірлерінің кубтық пішінімен анықтайды; халькопирит – төмен қаттылығымен және түсті құлпырмасымен. Қарауытты минералдардың ішінен келесі минералдарды бөлуге болады: көк және сиядай-күлгін құлпырмасы бар – борнит, кобальтин – құрыштай-сұр түсті қызғылт реңкімен, арсенопирит – қалайыдай-ақ түсті Негіз-гі әдеби-еттер:[1, c. 216-292].
8. Тотықтар, сулы тотықтар және галогенидтеркластарының минералдар- ын 10 үлгітастары бойынша анықтау, олар- дың атын, формуласын, парагенетикалық ассоци- ациясын және жаратылы- сын сипаттау.   тренинг және кейс құрас-тыру Минералдарды зерттегенде екі топқа бөлу қажет: біріншісі – шала металша жылтырлықтарымен (магнетит, гематит, хромит, пиролюзит, лимонит); екіншісі – шыныша жылтырлықпен (кварц, корунд, гидраргиллит). Шала металша жылтырлықтары бар минералдар: магнетит бисквитте қара сызық қалдырады және ол магнитті; пиролюзит – қара сызық, бірақ магнитті емес; гематит – шиедей-қызыл сызық; хромит – сызық түсі темекінің түсіндей; лимонит – сары-қоңырқай сызығы бар. Негіз-гі әдеби-еттер: [1, c. 314-338, 342-484]  
Кестенің жалғасы
         
      Бейметалдық жылтырлығы бар минералдар: корунд барлық минералдарды тырнайды; кварц және халцедонның қаттылығы 7, олар морфологиялары бойынша ажыратылады – кварц кристалдар, щеткілер, друзалар, түйіршекті агрегаттар түзеді, ал халцедон – бүйрек тәріздес, тығыз, сауысқан массаларың; ал гидраргиллит, бемит, диаспор бокситтердің құрамына кіреді. Тас тұзы мен сильвиннің тығыздықтары және қаттылығы төмен, мөлдір, ерігіш, ащы немесе қышқылдау ащы дәмімен анықталады. Флюорит полихромды түсі жиі кездеседі, жымдастығы октаэдр бойынша жетілген, қаттылығы 4.  
9. Карбонаттар, сульфаттар және ұсақ кластарминералдарын 10 үлгітас- ры бойынша анықтау, олардың атын, формула- сын, парагенетикалық ассоциациясын және жаратылысын сипаттау.   тренинг және кейс құрас-тыру Карбонаттар:қаттылықтары төмен, мөлдір немесе шала мөлдір, тұз қышқылында қайнап еритін кальцит және арагонит, ал басқалары ұнтақтарында немесе қышқылды жылытқанда қайнайды. Сидерит темірлі карбонат түсі сарғыш-коңырлау болады. Малахит пен азуритте тұз қышқылына ериді, олар жасыл және көк түсті болады. Сульфаттар:барит ақшыл түсті ақшыл минералдардың ең ауыры; гипстің қаттылығы 2, жымдастығы кейде аса жетілген. Ангидрит кальцитке ұқсайды, бірақ тұз қышқылда қайнамайды, баритке ұқсас бірақ жеңіл болады. Ярозит лимонитке ұқсас бірақ түсі жасылдау-сарғыш болады. Вольфрамит касситеритке ұқсас, бірақ қаттылығы одан төмен және кварцпен жиі желілерде кездеседі, шеелит жасылдау-сары түсті. Фосфаттардағыапатиттің қаттылығы 5, түстері әртүрлі, кристалдары призмалық, қант тәріздес түйірлеріде белгілі. Бирюза жасырын кристалды, бүйрек тәріздес Нег. әд.: [1, c. 494-648].  
 
Кестенің жалғасы
         
      пішіндер немесе қабықтар, желішектер және бұрыс пішінді агрегаттар құрайды. Түсі әдемі аспандай-көгілдір, алмадай-жасыл, жасылдау-сары болады. Эритрингеинеше, қабықтар, жағылымдар және жұқа пластинкалық келбеттер тән, әдетте ол жер тәріздес агрегаттар құрайды. Түсі күрен-қызыл, шабдала-қызыл, қараутты-қызғылт.  
10. Аралдық силикаттардыңминералдарын 10 үлгітас- тары бойынша анықтау, олардың атын, формула- сын, парагенетикалық ассоциациясын және жаратылысын сипаттау.   тренинг және кейс құрас-тыру Аралдық силикаттардың минералдарын зерттегенде оларды екі топқа болу керек: біріншісі – пышақпен тырналатындары (қаттылығы 5,5-6) – сфен, дистен, диоптаз; екіншісі – пышақпен тырналмайтындары, өздері пышақта сызат қалдырады (қаттылығы 6-8) – оливин, анартас, берилл, турмалин, топаз және т.б. (7–8). Түстері бойынша қарауттылар –оливин, анартастар, шерл, диоптаз; ашықтар – циркон, топаз, дистен, везувиан, эпидот, берилл. Негіз-гі әдеби-еттер:[1, c. 675-745].  
11. Тізбекті силикаттардың (пироксендердің және пироксеноидтардың)ми- нералдарын 5 үлгітаста- ры бойынша анықтау олардың атын, формула- сын, парагенетикалық ассоциациясын және жаратылысын сипаттау.   тренинг және кейс құрас-тыру Минералдарды түстері бойынша бөлу қажет: ақ – тремолит, ақшылдар – сподумен (ақшыл-сұр), волластонит (сұрша-ақ), родонит (қызғылт); қарауыттылар (әртүрлі реңкті жасылдан қараға дейін) – эгирин, ромбылық пироксендер, диопсид, геденбергит, авгит. Бірінші топта призмалық, қадалы және ине тәріздес аграгаттар түзетін – эгиринді, волластониті; пластинкалы – сподуменді; тұтас тығыз массаларды – родонитті, нефритті бөлу керек. Екінші топта бұрыс түйіршекті агрегаттар түзетін – ромбылық пироксендерді, кейде геденбергитті; қысқа призмалық кристалдық друзалар түзетін – диопсидті, авгитті, геденбергитті бөлу керек. Негіз-гі әдеби-еттер – [1, c. 749-771, 790].  
12. Таспалы (қос тізбекті) силикаттардың (амфибол- дардың)минералдарын 5 тренинг және кейс Әртүрлі реңкті амфиболдар жасылдан қараға дейін) – горнбленд, актинолит және родусит. Пішіндері: призмалық, Нег. әд.: [1, c. 749-
Кестенің жалғасы
         
  үлгітастары бойынша анықтау, олардың атын, формуласын, парагенети- калық ассоциациясын және жаратылысын сипаттау. құрас-тыру ұзын призмалық, қадалы. Аграгатта- рының көлденең қимасы ромб тәріздес болады. 771, 790].
  Тапсырма: Қабатты силикаттар және алюмо- силикаттардыңминерал- дарын 5 үлгітастары бойынша анықтау, олардың атын, формула- сын, парагенетикалық ассоциациясын және жаратылысын сипаттау.   тренинг және кейс құрас- тыру Қабатты минералдарды топтарға бөлу қажет: бірінші – аса жетілген жымдастықпен (мусковит, флогопит, биотит, вермикулит, лепидолит, хлориттер); екінші – қолға майлы (каолинит, тальк, серпентин); үшіншісі – қаттылығы төмен саздар тобы. Негіз-гі әдеби-еттер – [1, c. 799-877].
14. Қаңқалы алюмосиликат- тардыңминералдарын 10 үлгітастары бойынша анықтау, олардың атын, формуласын, парагенети- калық ассоциациясын және жаратылысын сипаттау. тренинг және кейс құрас-тыру Алюмосиликаттарды зерттегенде оларды плагиоклаздар, калишпаттар, фельдшпатоидтар топтарына бөлу қажет. Оларды өзара пішіндері, жымдастықтары, қаттылықтары арқылы ажыратуға болады. Нег. әд.:[1,c. 879-927].
15. Силикатар класының минералдарының 15 үлгітастарын сипаттау және ағымдық бақылау сұрақтарға жауап беру. тренинг және кейс құрас-тыру Силикатар класының минералдарының 15 үлгітастарын сипаттау және ағымдық бақылау сұрақтарға жауап беру. Нег. әд.: [1, c. 675-927].  

 

Студенттердiң өздiк жұмыстары бойынша сабақ жоспары (СӨЖ)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных