Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Курс бойынша емтихан сұрақтары




1. Кристаллография ғылымы нені зерттейді, оның салалары қандай?

2. Табиғи кристалдық заттар және олардың басты қасиеттері қандай болады?

3. Аморфтық және кристалдық заттардың арасында айырмашылығы неде?

4. Кристалдар неден пайда болады және олар қалай өседі?

5. Кристалдардың төменгі, ортаңғы және жоғарғы категорияларына қандай параметрлер және симметрия элементтері тән?

6. Кристалдардың қарапайым пішіндерінің саны қанша болады?

7. Төменгі категорияның қарапайым пішіндерін сингониялар бойынша шолу.

8. Ортанғы категорияның қарапайым пішіндерін сингониялар бойынша шолу.

9. Жоғарғы категорияның қарапайым пішіндерін сингониялар бойынша шолу.

10.Қарапайым пішіндерінің комбинациялары қалай сипатталады?

11.Стеннон заңы нені байымдайды және онымен байланысты 7 сингониялар қалай бөлінген?

12.Минералдардың ішкі құрылысы немен сипатталады?

13.Жер қыртысында қандай элементтер жиі кездеседі, минералдардың таралуы қандай болады?

14.Минералдардың парагенетикалық ассоциациялары жаратылу жағдайын қалай белгілейді?

15.Минералдардың құрамына кіретін су қандай түрлерге бөлінеді?

16.Коллоидтық жүйелер, коллоидтық ерітінділер дегеніміз не?

17.Минералдардың химиялық құрамы және формуласы қалай шығарылады?

18.Минералдардың физикалық қасиеттері қалай анықталады және сипатталады?

19.Минералдардың ерекше диагностикалау белгілеріне қандай физикалық қасиеттер жатады?

20.Минералдардың пайдалану саласын табуында қандай физикалық қасиеттері маңызды?

21.Минералдар аграгаттарының морфологиясы нені сипаттайды?

22.Минералдар агрегаттарының түрлері қандай?

23.Минералдардың келбеттері қандай жағдайда сипатталады?

24.Минералдардың қарапайым пішіндерінін түрін габитус деп неге атайды?

25.Колоидтық ерітінділерден пайда болған пішіндердің түрлері қандай болады?

26.Минералдар агрегаттарының бітімі мен құрылымы немен сипатталады?

27.Минералдар, кен, минералдар агрегаттары, таужыныстар деген ұғымдарға анықтама беріңіз?

28.Минералогия нені зерттейді және минералогияның халық шаруашылығында пайдалануы?

29.Минералогия ғылымының мазмұны және оның басқа Жер тұралы ғылымдарымен байланысы қандай?

30.Минералогияның қандай бөлімдері бар және олар нені зерттейді?

31.Минералдық шикізаттар және минералдық қорлар деген не?

32.Кристаллохимия негізінде минералдарды жүйелеуі және олар қандай кластарға бөлінеді?

33.Сомтума элементтер класы қандай топтарға бөлінеді?

34.Сомтума металдарға қандай минералдар жатады және олардың қолдануы қандай?

35.Сульфидтер қандай топтарға бөлінеді, жай сульфидтер қандай металдардың кені болады?

36.Қос сульфидтер қандай металдардың кені болады?

37.Дисульфидтер мен күрделі сульфидтер қандай металдардың кені болады?

38.Сульфидтердің пайдалы физикалық қасиеттері қандай?

39.Сульфидтердің қолдану салалары қандай?

40.Қандай минералдар тотықтар тобына кіреді?

41.Сулы тотықтарға қандай минералдар жатады?

42.Тотықтар мен сулы тотықтардың ерекше анықтау белгілері қандай?

43.Тотықтар мен сулы тотықтар қандай металдардың кені болады?

44.Галогенидтер класына қандай минералдардың тобы жатады?

45.Галогенидтер қандай қышқылдардың қоспалары болады?

46.Галогенидтердің пайдалану салалары қандай?

47.Тұздар тобының жаратылысы және қолдану салалары қандай?

48.Карбонатты класы қандай топтарға бөлінеді?

49.Карбонаттардың пайдалы физикалық қасиеттері қандай?

50.Қарбонаттарды қандай өндірістерде пайдаланады және олардан нені өндіреді?

51.Қандай карбонаттардан металдар өндіреді, олардың пайдалы физикалық қасиеттері қандай?

52.Сульфаттар қандай топтарға бөлінеді, олардың ерекше пайдалы физикалық қасиеттері қандай?

53.Сульфаттардың пайдалы минералдарын қандай өндірістік салаларда пайдаланады?

54.Ұсақ кластарға қандай пайдалы минералдар кіреді, олардың пайдалы физикалық қасиеттері қандай?

55.Ұсақ кластардың құрамында қандай минералдар металды пайдалы қазбаларға жатады?

56.Силикаттар класының минералдары кремний оттекті тетраэдрлердің құрылымы арқылы қандай топтарға бөлінеді?

57.Силикаттардың және алюмосиликаттардың ерекше пайдалы физикалық қасиеттері қандай?

58.Силикаттардың топтарындағы минералдық құрамы қандай болады?

59.Силикаттар және алюмосиликаттардың қолдану салалары қандай болады?

60.Фельдшпатиттердің минералдары және олардың қолдану салалары?

61.Асыл тастарға қандай минералдар жатады, олардың физикалық қасиеттері қандай болады?

62.Түсті металдар қандай кластың минералдарынаң өндіріледі?

63.Қара металдар қандай кластың минералдарынаң өндіріледі?

64.Сирек металдар қандай кластың минералдарынаң өндіріледі?

65.Анартастар тобындағы минералдар және олардың ерекше физикалық қасиеттері?

66.Негізгі минералжаралу процестері қандай?

67.Магманың құрамы, қассиеттері және түрлері қандай?

68.Магмалық интрузивтік және әффузивтік таужыныстар қандай топтарға бөлінеді?

69.Аса негізді және негізді магмалық таужыныстарының минералдар ассоциацияларын атаңыз?

70.Орта және қышқыл магмалық таужыныстарының минералдар ассоциацияларын атаңыз?

71.Сілтілі магмалық таужыныстарының минералдар ассоциацияларын атаңыз?

72.Нақты магмалық процесімен байланысты пайдалы қазбалар?

73.Магмалық пегматиттік минералжаралу сатысының сипаттамасы.

74.Пегматиттік минералдарының парагенетикалық ассоциациясын атаңыз?

75.Пегматиттермен байланысты қандай пайдалы қазбалар болады?

76.Магмалық пневматолиттік және гидротермалық минералжаралу сатыларын сипаттаңыз.

77.Пневматолиттік және гидротермалық минералдарының парагенетикалық ассоциациясы қандай?

78.Пневматолиттермен және гидротермалиттермен қандай пайдалы қазбалар байланысты?

79.Мору процесі, физикалық және химиялық морудың себепкерлерін атаңыз?

80.Қандай минералдар мору қыртысына тән?

81.Мору қыртысына қандай пайдалы қазбалар кенорындары тән болады?

82.Тотығу және керіштік белдемдерінің минералдары және пайдалы қазбалары қандай?

83.Шөгінді минералжаралу процесінің сатылары қандай болады?

84.Нақты шөгінді аутигендік минералдарды атаңыз?

85.Шөгінді процестермен байланысты пайдалы қазбалар қандай?

86.Қандай шөгінділермен шашылымдар кенорындары байланысты?

87.Кесекті шөгінді таужыныстарымен байланысты пайдалы қазбалар қандай болады?

88.Метаморфтық және метасоматиттік процестердің мағынасы неде болады?

89.Катаклаздық метаморфизмнің басты себепкерлері қандай?

90.Жапсар-термалық метаморфизмнің басты себепкерлері қандай?

91.Аймақтық метаморфизмнің басты себепкерлері қандай?

92.Катаклаздық және жапсартермалық метаморфтық таужыныстар және олардың минералдарының парагенетикалық ассоциациялары қандай?

93.Аймақтық метаморфтық таужыныстар және олардың минералдарының парагенетикалық ассоциациялары қандай?

94.Метасоматиттік таужыныстар және олардың минералдарының парагенетикалық ассоциациялары қандай?

95.Метасоматиттік процесімен байланысты пайдалы қазбаларын атаңыз?

96.Метаморфтық процесімен байланысты пайдалы қазбаларын атаңыз?

97.Минералдық зерттеулердің нысандары және мақсаттары қандай?

98.Минералдық далалық зерттеулердің мақсаты?

99.Зертханалық зерттеулер қашан колданады?

100. Минералдық зерттханалық әдістерінің түрлері және қолдануы қандай?

ГЛОССАРИЙ

Кристаллография ғылымы кристалдық заттардың сыртқы пішінін, ішкі құрылысын, құрылымын, пайда болу жолын, химиялық және физикалық қасиеттерін зерттейді.

Аморфты заттар (грекше «пішінсіз зат») – оларды құрайтын бөлшектер ретсіз орналасқан, өзіндік қырлы пішіндер түзбейді (мысалы жанартаулық шыны). Оларда кристалдану, симметрия құру қасиеттері жоқ.

Кристалдар деп құрамына енетін бөлшектер, атомдар, иондар, молекулалар заңды түрде орналасқан көп жақты қатты денелерді атайды.

Анизотроптық деп параллель бағыттарда қасиеттері бірдей, параллель емес бағыттарда қасиеттері әртүрлі денелерді атайды. Кристалдардың әртүрлі физикалық қасиеттері, мысалы, жылу өткізгіштігі, қаттылығы, серпінділігі ж.б. осы аталған бағыттардың өзгеруіне байланысты болып келеді.

Изотроптық денелерде заңдылық жоқ, олар барлық бағытта да бірдей қасиетке ие.

Симметрия (инверсия) центрі С – кристалдың бір-біріне тең әрі параллель қарама-қарсы жатқан екі жағының дәл ортасынан өтетін нүкте симметрия центрі (С) деп аталады.

Симметрия жазықтығы Р ол әрбір затты (кристалды) айна қатесіз тең екі бөлікке ойша бөлетін жазықтық.

Кристалды ойша жүргізілген сызықтың төңірегінде айналдырғанда, оның бірдей бөліктері бірнеше рет қайталанатын болса, ал 3600 айналғанда, фигура толығынан өз-өзімен сәйкес келсе, осы сызық с имметрия өсі (L) деп аталады.

Кристалдар балқыған магмадан, ертінділерден, газдардан, қатты аморфты заттардан, бастапқы кристалдардың қайта кристалдануынан түзіледі.

Кристалдардың өсуі дегеніміз, оны құрайтын бөлшектердің реттеліп, кеңістік торда белгілі тәртіп бойынша түзіліп құралуы.

Кристалдардың сингониясы (грек тілінен «син» – «ұқсас», «гониа» – «бұрыш») деп симметрия түрлерінің тобын атайды, олар бір немесе бірнеше ұқсас симметриялық мүшелерге ие.

Стеннон – Ломоносов – Лильдердің заңы: бір текті қысым және температура жағдайында пайда болған бір заттың барлық кристалдарында, бір қалыпты жақтардын арасындағы бұрыштары тұрақты болады.

Қарапайым пішіндер дегеніміз симметрия элементерімен байланысқан ұқсас жақтардың жиынтығын атаймыз. Қарапайым пішіннің бірнеше түрлері қауысқан пішіндерді комбинация деп атайды.

Минералдар дегеніміз Жер қойнауында өтіп жататын табиғи физико-химиялық процестердің нәтижесінде жаралған таужыныстарын және кендерді құрайтын бір текті химиялық құрамы және құрылымы бар кристалдық заттар.

Минералогия – минералдардың құрамын, құрылымын, қасиеттерін, жаратылу жағдайларын, таралу заңдылығын және практикалық маңызын зерттейтін ғылым

Минералдардың морфологиясы олардың сыртқы пішінін сипаттайды.

Сферолиттерде инеше немесе ұзын призмалық кристалдар тарамдары радиалды-сәулелі сәулесін шашқан күн тәріздес боп келеді.

Өсімдік тәрізденіп өсетің кристалдарды дендриттер деп атайды (грекше «дендрон» – «ағаш»).

Друза (щетке) – ол бір тұғырда заңсыз қырланып өскен кристалдар тобы.

Тасшемендер (секрециялар) – құыстарды толтырған, келбеттері түзу емес, домалақ денелер, коллоидты немесе кристалдық заттармен құрастырылған, олар концентрлік-белдемді орналасқан. Ұсақ тасшемендерді (көлденені 10 мм дейін) миндалиналар дейді, олар кейбір эффузивтерге тән. Ірі тасшемендер (көлденеңі 10 мм - ден зорлар) жеода деп аталады, оларда, орталарында қуыстар, қабырғаларында кристалдар және сауыстанған заттар болады.

Тасберіштер (конкрециялар) – шар тәріздес немесе дұрыс емес пішінді денелер және түзілімдер, ішкі құрылымы кейде радиалды-сәулелі, сферолиттік (пирит, марказит, фосфориттер) не түйіршекті (құмтастар). Ташемендерге (секрецияларға) қарағанда, тасберіштер ортасынан іргесіне қарай өседі.

Оолиттер ( «oon» – «жұмыртқа», «литос» – «тас» деген грек сөздерінен шыққан) сфералық түзілімдер, өлшемі 0,1 – 2 мм дейін, концентрлік немесе қабықша құрылымды. Егер түзілімдер 2,0 мм жоғары болса, оларды пизолиттер — («písos» – «бұршақ», «литос» – «тас» деген грек сөздерінен шыққан),деп атайды.

Минералдық агрегаттарының сауыстанған пішіндері – коллоидтар-гельдер арқылы пайда болады.

Псевдоморфозалар («псевдо» – «бөтен», «морфос» – «пішін») өзіне тән емес пішінді иеленіп алған минералдар. Егер жаңадан пайда болған минерал өзі ығыстырып отырған минералмен химиялық құрамы бірдей болса онда псевдаморфозалар параморфозалар деп аталады.

Минералдардың агрегаттарының бітімі деп минералдардың орналасу ерекшеліктерін айтады.

Құрылымы деп минералдардың агрегаттарының ішкі құрылысының ерекшеліктерін айтады.

Изоморфизм деп минералдардың кристалдық торында бір химиялық элементтің басқа элементтермен ауысу құбылысын атайды.

«Полиморфизм» грек тілінен аударғанда «көп пішінді» деген ұғым береді. Химиялық құрамы бірдей, бірақ кристалдық құрылысы мен сингониясы бір-бірінен өзгеше келетін минералдардың тобын полиморфтық модификациялар деп атайды.

Эмпирикалық формулалар минералды құрайтын әртүрлі элементтер сандық құрамын анықтағанымен, сол минерал түзетін элементтердің өз ара байланысы және ара қатынастары туралы мәліметтер бермейді.

Құрылымдық формулалар минералдардың химиялық құрамын, оны құрайтын элементтердің өз ара байланыстарын толық көрсетеді.

Егер кристалды минералдардың ең ұсағы 10-4 см болса, коллоидтық минералдардың ұсақтығы 10-5-10-7 см.

Парагенетикалық ассоциациясы деп жаратылысы біртекті минералдар тобын, немесе бірге жаралған минералдарды атайды.

Ф. Бекке 1903 жылы таужыныстарының регионалдық метаморфизм кезінде өзгеру сатыларын зерттей келіп, әр сатыда жаралаған минералдар ерекшеліктерін «типоморфизм» деп атады.

Әр кезде жаралған – уақыт өткен сайын жаралуы біресе тоқтап, біресе қайта жалғасатын минералдық заттарды минералдық генерациялар (ұрпақтар) деп атайды.

Магаманың кристалдану температурасы интрузивтік жағдайда 900-7000С, эффузивтік жағдайда Жер бетіне атқылаған және тасыған лаваларда – 1200-10000 С.

Магмадан бөлініп шыққан ыстық газдар таужыныстарының жарықтары арқылы көтеріліп, бір-бірімен және айналасындағы сыйыстырушы таужыныстарымен реакцияға түсіп, соның нәтижесінде пневматолиттік минералдар түзіледі.

Жер бетіндегі энергиясы қатысу арқылы пайда болатын минералдарды, экзогендік минералдар дейді. Төменгі температура, атмосфера қысымы жағдайларында эндогендік минералдар үгіліп, ыдырап жаңа жағдайға тұрақты болатын экзогендік минералдар түзіледі.

Шөгінді таужыныстардың пайда болу процестері өте күрделі және үзақ мерзімге – ондаған миллиондар жылдарға (геологиялық дәуірлерге) созылады. Олар гипергенез, седиментогенез және диагенез сатыларында өтеді. Одан кейіңгі сатылары катагенез және метагенез деп аталады, ол шөгінді таужыныстардың терендікке түсіп өзгеруімен байланысты.

Метаморфизм процестері деп Жер қойнауында температура, қысым, ыстық ерітінділер мен газдар әсерінен бұрын жаралған магмалық және шөгінді таужыныстар минералдарының қайта кристалдануын айтады.

Стресс тектоникалық қозғалыстарымен байланысты.

Аймхан Турапбаевна Касенова






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных