Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Түсіндірме беретін жазба




Заң факультеті

Ылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік және студенттік сұрақтар бойынша проректор п.ғ.д., профессор ______________М.Ж.Мальтекбасов

«_____»__________________2015 ж.

 

 

Криминалистика пәні бойынша

 

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

 

Мамандық: 5В030100- «Құқықтану»

Оқу формасы: күндізгі

 

Талдықорған 2015 ж.

Оқу - әдістемелік кешенді типтік оқу бағдарламасына сәйкес және МЖМБС негізінде 5В030100 «Құқықтану» мамандығы бойынша аға оқытушы А.З.Жангушукова құрастырған.

____________________________

(оқытушының қолы)

Қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының отырысында қарастырылды.

«____»________ 2015 ж. №___хаттама

 

Кафедра меңгерушісі_______________ з.ғ.к., доцент Б.А. Сериев

 

«_____»__________ ___2015 жыл. №______ хаттама

Заң факультетінің әдістемелік бюросы мақұлдаған.

Әдістемелік бюроның төрайымы _________________ А.Б. Жүніспаева

 

Түсіндірме беретін жазба

Бағдарлама типтік бола отырып, «Криминалистика» бағамын оқыту нысанын, мазмұнын және мөлшерін анықтайды. Аталмыш құжат жоғарғы оқу орындарында «Заңтану» мамандығы бойынша күндізгі, сырттай және біліктілікті көтеру факультеттерінде білім беруге арналады. Осы бағдарламаны және оқу жоспарын негізге ала отырып, әрбір жоғарғы оқу орны қажетті оқу – әдістемелік құжаттарды дайындайды, алдымен әрине жұмыс бағдарламаларын, сондай-ақ нақтылы тақырыптарды оқытуға берілетін сағаттарын анықтайды.

Криминалистика бағамын оқу арқылы студенттер қылмыстың алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын криминалистикалық құралдар мен әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйренеді.

Типтік бағдарламаны дайындау барысында құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күрес жолындағы құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруде бағытталған ҚР Конституциясының, ІІО туралы Заңының, заңды күші бар, Ел басы Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының қағидалары. сондай-ақ Прокуратура, Жоғары Сот пленумының, Білім және Ғылым Министрлігінің нормативтік актілері, сондай-ақ Жоғары арнайы білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарт қағидалары ескерілген.

Еліміздегі құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күресте қолданылатын криминалистикалық әдіс- құралдардың тәжірибелік бағытын аталмыш бағдарлама анық беріп отыр.

«Криминалистика» пәнін оқып білу келешек құқық қорғау органдарының мамндарына қажет екендігін, студенттермен алғашқы күннен ұғынуы – ең бастапқы талаптардың бірі болып саналады.

Криминалистика бағамының бағдарламасы осы және басқа да ғылым салаларындағы теориялық ойларды жетік меңгеріп, оларды тергеуші, анықтама органы және криминалистикалық бөлім қызметкерлеріне арналған тәжірибелік нұсқаулармен байланыстырады.

Бағдарлама, Қазақстан және басқа да мемлекет жоғары оқу орындарында «Криминалистика» бағамын оқытудың көпжылдық тәжірибесін талдау негізінде және қоғамдық өмір жағдайын жан-жақты бағалай білетін, қажетті кәсіби білім және дағдымен қамтамасыз етілген, сондай-ақ жоғары дәрежелі қазіргі заман мамандарын дайындау талаптарына сай құрастырылып отыр.

Типтік бағдарламаның негізгі элементерінің біріне пәннің тақырыптық жоспарын жатқызуға болады, оның ішінде қажетті тарулар мен тақырыптар тізімі орын алған.

Негізгі сабақ түрлері болып дәріс, семинар, практикалық және лабораториялық сабақтар есептеледі. Практикалық және лабораториялық сабақтарды жүргізу барысында оқу топтары екі топшаға бөлінеді. Оларды жүргізу кезінде қажетті техникалық – криминалистикалық құралдар, оқу-әдістемелік кабинеттері мен сурет шығару лабораторияларындағы құрылғылар, оқу-криминалистикалық объектілер, криминалистикалық полигондар мүмкіндіктері, қылмыстық іс көшірмелері, оқытудың техникалық жабдықтары мен тиісті насихаттық материалдар пайдаланылады.Өздігінен дайындық үстінде студенттер әдебиеттерді оқумен қатар, оқу деңгейіне тиісті практикалық тапсырмаларды орындайды.

Оқу процесінде қылмыспен күрес қатысты елдіміздің және шетелдік құқық қорғау органдарының озық тәжірибесі мен жаңа криминалистикалық техниканы қарастырып зерттеу көзделген.

 
 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных