Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Пәннің қысқаша сипаттамасы.




«Криминалистика» модулі бойынша бұл пән міндетті компоненті болып саналады.

Курсты оқу барысыда студенттер қылмыстың алдын алып, әшкерелеуде қолданылатын криминалистикалық құралдар мен әдіс-тәсілдерді білікті пайдалануды оқып үйренеді.

Сондай - ақ дайындау барысында құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күрес жолындағы құқық қорғау қызметкерлерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған Қазақстан Республикасы Конституциясының, Ішкі Істер органдары туралы Заңының, заңды күші бар, Ел басы Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының қағидалары, сондай-ақ Прокуратура, Жоғары Сот Пленумының, Білім және Ғылым Министрлгінің нормативтік актілері, сондай-ақ, Жоғары арнайы білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандарт қағидалары ескерілген.

Еліміздегі құқықтық тәртіпті нығайту және қылмыспен күресте қолданылатын криминалистикалық әдіс-құралдардың тәжірибелік бағытын аталмыш бағдарлама анық беріп отыр.

Пәннің тақырыптық жоспары 3 модулге бөлінген.

Оқытудың мақсаты:

"Криминалистика" пәнін оқып білу келешек құқық қорғау органдарның мамандарына қажет екендігін, студенттермен алғашқы күннен ұғынуы ең бастапқы талаптардың бірі болып саналады.

Оқытудың міндеті:

Криминалистика бағамының бағдарламасы осы және басқа да ғылым салаларындағы теориялық ойларды жетік меңгеріп, оларды тергеуші, анықтама органы және криминалистикалық бөлім қызметкерлеріне арналған тәжірибелік нұсқаулармен байланыстырады.

 

Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:

Қазақстан және басқа да мемлекет жоғары оқу орындарында "Криминалистика" бағамын оқытудың көпжылдық тәжірибесін талдау негізінде және қоғамдық өмір жагдайын жан-жақты бағалай білетін, қажетті кәсіби білім және дағдымен қамтамасыз етілген, сондай-ақ жоғары дәрежелі қазіргі заман мамандарын дайындау талаптарына сай.

Оқу процесінде қылмыспен күреске қатысты еліміздің және шетелдік құқық қорғау органдарының озық тәжірибесі мен жаңа криминалистикалық техниканы қарастырып-зерттеу көзделген.

 

Студенттердің меңгеретін білімі мен іскерлігі:

Студенттер негізгі ұғымдар мен әкімшілік құқықтықң институты бойынша теориялық біліммен жабдықталуға, оларды игеруге тиіс және алынған білімдерді дұрыс қолдануды, әкімшілік құқықтық нормативтік түпнұсқаларын оқуда тиісті бағыт-бағдар жасауды білуі қажет. Алған білімдерін тәжірбиеде қолдана білуі қажет.

Осы пәнді оқыту үрдісінде келесі компетенцияларды қалыптастыруға бағытталған:

а) түйіндік құзіреттілік (ТҚ)

- кәсіби қызметінде заман талабына сай білімді болу;

- алған білімі негізінде құқықтың әр саласынан хабары болып, білімін көрсете білуі;

- үнемі ізденісте болу.

б) пәндік құзіреттілік (ПҚ)

- сөйлеу шеберлігі, дауыс мәнері, өзіне қарата білу қабілеті мен мәдениетті болуы, қызметінде ортамен тіл табысуға бейім болуы;

- инновациялық технологияларды қолдану шеберлігінің болуы;

- өзінің жан-жақтылығын арттыруға ұмтылысының болуы;

в) арнайы құзіреттілік (АҚ)

- теориялық алған білімін, дағдыларын іс жүзінде дұрыс пайдалана білуі;

- біліктілігі жоғары, тәжірибесі мол адамдардың тәжірибесінен үлгі алып, кеңейтіп, қолдана білуі;

- нормативтік-құқықтық актілер туралы білімінің болуы мен оның өзгерістеріне ілесе алуы, нормативтік құқықтық құжаттармен жұмыс жасай білуі тиіс;

- кез келген тығырықтан шығу үшін шешім қабылдай білу қабілеті мен сын айта білу, ойын жүзеге асыру қабілетінің болуы.

 

Пән бойынша студенттің білімін балмен бағалау көрсеткіші

 

Бағаланатын бағдар (позиция) 1-8 аптадағы бағалау мөлшері 9-15 аптадағы бағалау мөлшері Баллдың максималдық (жоғары) мөлшері Электронды журналға балл қоюдың кезеңі
Ағымдық бақылау     Әрбір бағалауға 100 баллдан Апта сайын (бірінші аптадан басқа)
СӨЖ     Әрбір СӨЖ –ге 100 баллдан 4,7,11, 14 апталарда
Аралық бақылау     Әр аралық бақылауға 100 баллдан 8 және 15 аптада
Кіру рұқсатының рейтенгісі   R1   8 апта
Кіру рұқсатының рейтенгісінің   R2   15 апта
Академиялық кезеңдегі кіру рұқсатының рейтенгісі R= (R1 + R2)/2   15 апта
Емтихан Е   16-19 апта
Қорытынды баға І = R*0.6+E*0.4    

 

 

Силлабуста әрбір бақылау түріне қойылатын баллдың критерии көрсетілуі тиіс. Осы мақсатта оқытушы пәннің (спецификасын) өзіне тән ерекшелігін, студенттің мүмкіндігіне сәйкес қойылатын талаптарды ескереді, сонымен бірге оқытушы жалпы белгіленген талаптарды да ескеруі тиіс.

«Ағымдық бақылау» параметрінде сабаққа қатысу, практикалық және үй тапсырмаларының орындалуын бақылау ескеріледі. Студенттің дәріс сабағындағы белсенділігін де ескеру керек. Балл қойылады: қатысқаны үшін, сабақ барсыныда лектордың тарапынан қойылған проблемалық сұрақтарды талқылауға ат салысқаны үшін, лекторға сұрақ қойғаны үшін, сыни тұрғыдан ойлауына; практикалық (семинар) және ОСӨЖ сабақтарындағы студенттің барлық қатысу мүмкіндіктері бағаланады. Балл қойылады: мәселенің шешімін тапқаны үшін, үй және тест тапсырмаларын орындағаны үшін, оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап бергені үшін, тақтада практикалық жұмыс жүргізгені үшін, бүкіл сабақтың барысында студенттің белсеңді ат салысқаны үшін, ОСӨЖ тапсырмаларын дайындауда және қорғауға өзіндік шығармашылқ ізденістерін танытқаны үшін және т.б. Әр оқытушы өз пәнінен жүргізілетін жұмыс түрлерін, тапсырмаларын пәннің өзіне тән ерекшелігін және бағдармадағы мазмұнын ескере отырып дербес анықтайды, әр аралық бақылаудағы білімді бағалаудың рейтингтік жинақталған жүйесін жасайды.

СӨЖ-ге қойылатын жоғары 100 балл тапсырманың түріне және мазмұнына (ауыр, жеңілдігіне) байланысты бөлінеді, оның негізіне белгіленген талаптар, тапсыру мерзімінің сақталуы тапсырмалар мөлшері, орындалу сапасы жатады.

Әр пәннің мақсаты мен міндеті ескеріле отырып, білім алушының дайындық дәрежесі және өздік жұмысқа бөлінген сағат санын есепке алып СӨЖ формасы (нышаны) мен түрі таңдап алынады. Әрбір СӨЖ талапқа сәйкес бірнеше тапсырмалардан тұрады. Силлабуста әрбір тапсырманың мазмұны мен маңыздылығы және соған сәйкес сол тапсырманы орындағандағы балы көрсетілуі тиіс.

Бағдарламада көрсетілген студенттің қосымша іс-әрекетіне «ғылыми баяндамалары, мақалалары, олимпиядаға конкурс, жарыстарға қатысуы халықаралық грант, жобаларға қатысуы және т.б) үстеме балл бонустар қарастырылып, семестрдегі жинаған балына қосылады. Жіберіп алған сабақтарын және маңызды бақылау қорсонында жүргізіледі. Негізсіз себептермен жіберілген сабақтар және оларды мерзімінен кеш өтеуге балл қойылмайды. Себепсіз сабақ жіберіп алған жағдайда, еңбек тәртібін бұзған кезде, сабаққа кешігіп келгенде, СӨЖ және ОСӨЖ тапсырмаларын аралық бақылау және үй жұмыстарын орындамау немесе өз уақытында тапсырмаған жағдайда балл кемітіледі.

Аралық бақылау нышанын (форма) оқытушының өзі анықтайды, оның коллоквиум, жобаны қорғау, тұсаукесер (презентация), эссе жазба бақылау жұмысы т.б. болуы мүмкін. Силлабуста әрбір аралық бақылаудың нышаны және бағалау критерилері көрсетілуі тиіс. Осы негізінде, оқытушы семестр бойына студенттің үлгерімін және сабаққа қатысуын қадағалайды.

Сабақ үлгерімінің және қатысудың жиынтық рейтингтік бағасын оқытушы әр аптаның соныңда университеттің жергілікті жүйесі арқылы қояды.

 

Білімді бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі

 

Әріппен белгіленген баға Бағаның цифрлік эквиваленті Пайыздық мөлшері Дәстүрлі түрде бағалау
A 4.0 95-100 Өте жақсы
A- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
B 3.0 80-84
B- 2.67 75-79
C+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D   50-54
F   0-49 Қанағаттанарлықсыз

 

Кредиттік технологя жүйесінің өзіне тән ерекшелігі жинақтаушы жүйе қоланылады, яғни білім алушының оқудағы жетістік деңгейі, әр пәннің қорытынды бағасымен анықталады, ол рейтингтен (қорытынды бағаның 60%) және емтихан бағасынан (40%) құралады. Рейтинг студенттің әр пәннен академиялық кезеңде жинаған балынан құралады. Соған сәйкес білім алушының оқу жетістігі үшін (күнделікті сабақтағы жауап беруі, үй тапсырмасын тапсыруды, СӨЖ; аралық бақылау және т.б) 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және соңғы рейтинг барлық бақылау кезеңінде алған бағанын орташа арифметикалық сумасымен шығарылады.

 

Баға қоюдын критерилері

 

Бақылау түрі Максимальдық баға Оқытушының журналына балл қойылатын мерзімі
Ағымдық бақылау: қатысу: 1 сағ.-5 балл үй тапсырмасын орындауы практикалық сабақтың орындалуы белсеңділігі (лекция барысындағы жауаптары....) сабаққа қатысуы, ОСӨЖ тапсырмаларының орындалуы     Әр сабақта
СӨЖ 1* Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 2 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3   СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 3 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
СӨЖ 4 Тапсырма 1 Тапсырма 2 Тапсырма 3     СӨЖ тапсырмаларының тапсыру кестесіне сәйкес
Аралық бақылау 1: коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3     3апта 6апта 8апта
Аралық бақылау 2:коллоквиум Сұрақ 1- баға 1 Сұрақ 2- баға 2 Сұрақ 3- баға 3 Қорытынды баға: (баға1+баға2+баға3)/3   15 апта

 

*СӨЖ мазмұны силлабустағы СӨЖге арналған кестеде көрсетілген

 

 

Дәрістердің күнтізбелік – тақырыптық жоспары

 

Мазмұны сағат саны апта
  МОДУЛЬ 1 «Криминалистиканың жалпы сипаттамасы»
1. Дәріс.Кримнналистиканың жалпы теориясы. Семинар.Криминалистиканың пәні, жүйесі. ОСӨЖ. Криминалистиканың міндеттері мен әдістері.   1-апта
2. Дәріс.Криминалистикалық техниканың жалпы қағидалары. Семинар. Криминалистикалық индентификация және диагностика. ОСӨЖ. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі.(конспект) - Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы).(сызба) - Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы.(конспект)   2-апта
3. Дәріс.Іздер туралы криминалистикалық ілім (трасология). Семинар.Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі. ОСӨЖ. - Адамның трасологиялық іздері.(сызба) - Бұзу құралдарының іздері. (сызба)   3-апта
4. Дәріс.Криминалистикалық (сот) баллистикасы. Семинар.Сот баллистикасының түсінігі мен мақсаты. ОСӨЖ.Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы. (конспект) - Сот баллистикасының объектілерін табу және қарау. (сызба)   4-апта
  МОДУЛЬ 2 «»
5. Дәріс. Құжаттаррды криминалистикалық зерттеу. Семинар. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде. ОСӨЖ. - Криминалистикалық қолжазбатанудың түсінігі, объектісі және ғылыми негіздері.(сызба) - Қолжазба белгілерінің түсінігі. (кесте)   5-апта
6. Дәріс.Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу. Семинар.Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері. ОСӨЖ.- Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу.(кесте) - Лак- бояу және боялған заттарды зерттеу. (конспект)   6-апта
7. Дәріс.Криминалистикалық габитология. Семинар.. Криминалистикалық габитологияның түсінігі және оның ғылыми негіздері. 2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі ОСӨЖ.- «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері.(ауызша суреттеу) - Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану.(сызба)   7-апта
8. Дәріс.Криминалистикалық тіркеу. Семинар.Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құықтық негіздері. ОСӨЖ.Криминалистикалық тіркеудің түрлері. (кесте)   8-апта
  МОДУЛЬ 3 «»
9. Дәріс.Криминалистикалық тактика Тергеу қарауының тактикасы Семинар.Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері. ОСӨЖ.- Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері. (кесте) - Оқиға болған жерді қараудың маңызыдылығы (кесте) - Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. (кесте)   9-апта
10. Дәріс.Тергеу экспериментінің тактикасы. Семинар.Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері. ОСӨЖ. - Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары. (кесте) - Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер. (кесте)   10-апта
11. Дәріс.Тінту тактикасы Семинар.Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері. ОСӨЖ. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. (кесте) - Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту. (конспект)   11-апта
12. Дәріс.Жауап алу тактикасы Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері. Семинар.Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері. ОСӨЖ. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. (кесте) - Жауаптың қалыптасу кезеңдері. (конспект)   12-апта
13. Дәріс.Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы. Семинар.Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері. ОСӨЖ. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі. (конспект) - Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері.(кесте)   13-апта
14. Дәріс.Ұстау тактикасы. Ұстау түсінігі және оның негіздері. Семинар.Ұстау түсінігі және оның негіздері. ОСӨЖ. Ұстау түсінігі және оның негіздері. (конспект) - Ұстауға әзірлік.(ауызша) - Ұстаудың тактикалық әдістері. (кесте)   14-апта
15. Дәріс.Ұстаудың тактикалық әдістері. Семинар.Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы. ОСӨЖ. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы. (кесте) - Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы.(ауызша)   15-апта
  Барлығы: Дәріс: 30 Семинар: 15 СӨЖ, ОСӨЖ: 90  

 

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных