Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Семинар. Криминалистикалық (сот) баллистикасы.




Баллистика (гр. сөз. «balle» – «лақтырамын») – оқ және бытыраның қозғалысы мен жылдамдығын зерттейтін ғылым. Баллистика сыртқы және ішкі болып екіге бөлінеді. Ішкі баллистика қару оқпанындағы оқтың қозғалысы. Сыртқы баллистика кеңістіктегі оқтың қозғалысы.

Сот баллистикалық зерттеулер екі түрлі процесуалдық нысанда жүргізіледі: тергеуші (кейбір жағдайларда маманның қатыстырылуымен) жүргізілетін тергеу әрекеті ретінде – оқиға болған жерді қарау, атыс қару-жарағын, оқ-дәрі жабдықтарын, ату іздерін қарау, атыс қару-жарағы немесе оқ-дәрі жабдықтарымен тергеу экспериментін жүргізу; зерттеуді сот баллистикалық сараптама нысанында жүргізу. Сот баллистикалық зерттеу объектісі болып негізінен ату және атылу мүмкіндігімен байланысты заттай дәлелдемелер табылады. Қысқаша конспект, сызба сызу.

Әдебиет:

1. Криминалистика. Оқулық / Жәкішев Е.Ғ., Исаев Ә.А., Найманова Г.Х.

Алматы: Жетi жарғы, 2006.-126-138бет.

2. Белкин Р.С., Аубакиров А.Ф., Басаров Э.О., Бычкова С.Ф., Виницкий Л.В., Гинзбург А.Я., Джакишев Е.Г.,Поврезнюк Г.И. Криминалистическая энциклопедия. - Алматы, 1995- 125 бет.

3. Гинзбург А.Я.,Белкин А.Р. Криминалистическая тактика. Учебник, Алматы, 1998- 149 бет.

№5 семинар. Құжаттаррды криминалистикалық зерттеу.

Құжаттар – мөлшері, пішіні, материалдардың түрлері, қорғау әдістері, мәтіні (адресат), қолтаңбасы, мөртаңбалары бойынша және бұрыштамалардың болуымен сипатталады. Кәсіпорындар мен мекемелер атынан берілетін көптеген ресми құжаттардың міндетті элементтері (реквизиттері) белгілі бір мемлекеттік стандарттарға және нұсқауларға сәйкес болуы керек. Ресми емес құжаттардың элементтері олардың қолдануына байланысты анықталады. Кейбір жағдайда қылмыстық процеске түсетін құжаттар, бір элемент – «мәтіннен» ғана тұрады.Берілген оқулықтарды пайдаланып, ауызша сипаттама беріңіз.

Әдебиет:

1. Криминалистика. Оқулық / Жәкішев Е.Ғ., Исаев Ә.А., Найманова Г.Х.

Алматы: Жетi жарғы, 2006.- 145-168бет.

2. Аверьянова Т.В., Белкин Р.С., Бородулин А.И. и др. Криминалистическое обеспечение деятельности криминальной милиции и органов предварительного расследования /Под ред. проф. Р.С.Белкина. - М., 2000г.

3. Аверьянова Т.В., Статкус В.Ф. «Эксперт» - Руководство для экспертов органов внутренних дел. М., 200З

№6 семинар. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу.

Заттар мен материалдар – қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсілдері, сондай-ақ қылмыскерлер мен қылмыстық оқиғаның жағдайы туралы ақпарат көздері ретінде өте ертеден қолданып келеді. Орта ғасырдың өзінде-ақ алтын тиындардың немесе әшекей бұйымдардың сандық құрамын зерттеу арқылы олардың жалған екендігі анықталған. Асыл тастарды морфологиялық талдау арқылы тастардың жалғандығын анықтауға немесе ұрланған заттың құнын білуге мүмкіндіктер болған. Бірақ В.С. Митричевтың теориялық еңбектерінің арқасында «Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу» тарауы криминалистикалық техниканың жеке бір тарауы ретінде соңғы жиырма жылда қалыптаса бастады. Қысқаша конспект жазып, ауызша сипаттама беріңіз.

Әдебиет:

1.Жәкішев Е.Ғ. Криминалистік тактика. Алматы – 1997 ж – 111 бет.

2. Аубакиров А.Ф. «Криминалистическая цифровая фотография»,Алматы, 2003- 99 бет.

3. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. - Алматы,1997г- 48 бет.

№7семинар. Криминалистикалық габитология.

Габитология – әртүрлі көріністегі адамның сыртқы бейнесін бекіту заңдылықтарын зерттейтін және қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайдаланудың техника-криминалистикалық құрал-жабдықтары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіретін криминалистикалық техниканың бір саласы болып табылады.

Адамның сыртқы бейне белгілері бойынша танудағы криминалистикалық ілімді жете меңгеру – білім жетістіктерін тәжірибеде кеңінен қолданып қылмысты тергеу мен айыпкерді іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді. Бір-біріңізді сыртқы келбет бойынша ауызша суреттеңіз.

Әдебиет:

1. Криминалистика. Оқулық / Жәкішев Е.Ғ., Исаев Ә.А., Найманова Г.Х.

Алматы: Жетi жарғы, 2006.-208-223бет.

2. Беляев Г.А., Калашников А.Н. Методы технико-криминалистического исследования документов - Волгоград, І987г.- 121 бет.

3. Быков В.М. Преступная группа: криминалистические проблемы. - Ташкент, 1998г- 141 бет.

№8семинар. Криминалистикалық тіркеу.

Криминалистикалық тіркеу түрінен оның формасын ажырату қажет, яғни тіркелетін ақпараттарды жинау тәсілдері. Криминалистикалық ақпараттарды бекіту әдістері де әртүрлі: сипаттайтын, бейнелейтін, графикалық, коллекциялық болып келеді. Тәжірибеде тіркеу әдісінің мынандай аралас түрлері де жиі қолданылады: ұсыныстар-альбомдармен, карточкалармен; ал ақпаратты бекітудің суреттеу тәсілі-фототүсірілім, дактилоскопиялық карта және т.б. жасау арқылы үйлестіріледі.

Криминалистикалық тіркеуді оқып білудің негізі – бізді қоршаған әлемді, материалдық танымды, диалектикалық заңдар мен таным теориясын танып білуге неізделеді.Берілген оқулықтарды пайдалана отырып,сызба сызу арқылы түсіндіру.

Әдебиет:

1. Криминалистика. Оқулық / Жәкішев Е.Ғ., Исаев Ә.А., Найманова Г.Х.

Алматы: Жетi жарғы, 2006.-225-238бет.

2. Беляев Г.А., Калашников А.Н. Методы технико-криминалистического исследования документов - Волгоград, І987г.- 126 бет.

3.Исаев А.А., Шакенов А.О. Криминалистика және сот сараптамасы сұлба нысанында.Оқулық құрал Алматы – 2005 ж – 141 бет.

№9 семинар. Криминалистикалық тактика. Тергеу қарауының тактикасы.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау – қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды анқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті. Тактиканы пайдаланып, ауызша сипаттама беріңіз.

Әдебиет:

1.Виницкий Л.В. Осмотр места происшествия: организационные, Процсссуальные и тактические вопросы. - Караганда, 1989г- 100 бет

2. Арыстанбеков М.А., Шакенов А.О. Криминалистика. Оку-әдістемелік кұрал. - Қарағанды, 2003- 62 бет.

3.Жәкішев Е.Ғ. Криминалистік тактика. Алматы – 1997 ж – 102 бет.

№10 семинар. Тергеу экспериментінің тактикасы.

Тергеу эксперименті дегеніміз - ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.

Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі.Тергеу экспериментінің нәтижелеріне баға беру және оның тергеу үшін маңыздылығын ауызша сипаттап беру.

Әдебиет:

1.Нұрғалиев Б.М., Шакенов А.О. Криминалистика.Оқулық құрал.Қарағанды – 2001 ж – 163 бет.

2.Поташник Д.П. Криминалистическая тактика. 1998 – 123 бет.

3. Арыстанбеков М.А., Шакенов А.О. Криминалистика. Оку-әдістемелік кұрал. - Қарағанды, 2003- 98 бет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных