ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
СӨЖ –дің күнтізбелік – тақырыптық жоспары
Глоссарий Авария- ( италияның avariu- бүліну)- халықаралық теңіз құқығында теңіздегі қандай да бір қауіп-қатердің әсерінен туындаған зияндар мен шығындар. Агрессия- латынның «Aggressio» - «басқыншылық» – бір мемлекеттің генмендігіне, территориялық дербестілігіне немесе саяси тәуелсіздігіне қарсы екінші бір мемлекеттің (агрессордың) қарулы күш қолданылуы. Актив- азаматқа немесе заңи тұлғаға тиесілі мүліктік құқылардың, мүліктердің жиынтығы. Аллиментеу - әлде кімді асырауға жұмылатын қаржы. Амнистия - гректің «amnestia» - «ұмыту, кешіру»- қылмыс жасаған адамды жазасын өтеуден толықтай немесе ішінара босату, не әлгі адамға сот тағайындаған жазаны, жеңілірек жазаға ауыстыру. Аннексия – басқа мемлекеттің немесе ұлыстың жерін мемлекеттің зорлықпен қосып басып алуы, сондай-ақ бөгде мемлекеттің шекарасында ұлысты зорлықпен ұстап тұрды. Апелляция - латынның- «жолдау, шағын» – сот үкімін шағымдау пішімдерінің түрі. Әкімшілік тұтқындау – әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне кей реттерде қолданылатын әкімшілік жаза. Тәртіптік тұтқындау – қызмет тәртібінің немесе қоғамдық тәртіптің бұзылуына кінәлі адамға қолданылатын тәртіптік жауапкершіліктің бір түрі. Мүлікті тұтқындау - құқықта мүліктерді тізбелеу және оларға билік етуге тыйым салу. Аутизм - жеке тұлғаның әлеуметтік қатынастардан аластауы. Артефакт – жасанды көріністер мен ситуациялар. Аутопсия – (гректің «auto» – өзі, «opsis»- көру)- өлімнің себебін (яки адамның неден өлгенін) айқындау үшін мәйітті сойып қарау. Сот баллистикасы- «pallo» гректің лақтырамын – ататын қарумен оның оқтарын қолдануға қатысты қылмыстарды тексеру барысында пайда болатын техникалық мәселелерді зерттейтін криминалистиканың бір атауы. Хабарсыз кету - тұрақты тұратын жерінде азаматтық ұзақ уақыт болмауын сот тәртібімен айқындау. Вариациялық топтау – қылмыстылық және онымен байланысты өзге де көріністердің статистикалық көрсеткіштері. Вердикт – латынның дұрыс айтылған төреші қызылар алқасының алдына қойылған мәселелер бойынша, әсіресе, сотталушының кінәлілігін анықтау жөнінде шығарған шешімі. Виктимология - латынның Victrima - «құрбандық» деген – криминологияның бір тарауы қылмыстық әрекеттің құрбаны туралы ілім. Геноцид – халықаралық қылмыс түрінің бірі: нәсілдік, ұлттық,этникалық немесе діни белгілер бойынша тұрғындардың бүкіл тобын қырып жою. Гетеризм – реттелмеген жыныстық қылмыстар. Доктилоскопия – адамды криминалистикалық тұрғыдан сәйкестендіру, қылмысты тіркеу және қылмыскерлерді іздестіру мақсатында қолдың саусақтарының терісінің бедерін зерртейтін криминалистикалық атауы. Диспаша - жалпы авария бойынша шығынды есептеп шығару және олардың құнына өлшей отырып, оларды нешенің, фрактының және жүктің арасында бөлу. Дезодаптация – қылмыскерлердің әлеуметтік ортаға ену ынталарының төмендеуі немесе болмауы. Контрабанда - «contra» - қарсы, «bando» - үкімет өнімі деген сөзден шыққан, экономикалық қызмет саласындағы қылмыс болып табылады. Персона грата – латынның қалаулы, ұнамды адам – қандайда бір елге дипломатиялық өкілдің кандидаты ретінде барған, сол мемлекеті үкіметі қабылдаған адам. Некрофилия – өлі адамдармен жыныстық қатынастарға түсу жолы арқылы көрініс табады. Эксгумация - латынның ex + humus – «жерден» мәйітті көрген қазып алу.
Дәріс кешені: Дәріс Тақырып: Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негіздері. Жоспар: 1. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы. 2. Криминалистиканың жүйесі. 3. Криминалистиканың әдістері. Негізгі ұғымдары:криминалистика, тактика, криминалистикалық техника. Бұл жай құқық қорғау, атап айтқанда, тергеу органдарының жұмысын одан әрі жақсартылуын, олардың қылмысты ашуда, тергеудің нәтижелі және тиімді тәсілдерді жан-жақты пайдаланылуын талап етеді. Жасалған қылмысты тез арада ашып, қылмыс жасаған адамдарға тиісті жаза тағайындау, қылмысқа қарсы күрестің нәтижелілігін арттырады, қылмыс жасаудан кейбір адамдарды сақтандырады. Криминалистика тергеу және басқа құқық қорғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені криминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы, қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды қолдану үшін керекті техникалық құралдарды тергеу қызметкерлеріне дайындап береді. Қылмысты оқиға бір адамның, немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет қимылдарынан тұрады. Сондықтан қылмыс қандай жедел жасалса да ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқтың ізі т.с.с.). Ал жалпы криминалистикалық мағынада қылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Мысалы: жол-көлік оқиға болған жерде көліктің, әлде басқа бір көліктің аварияға ұшырауына (соқтығысу, аударылу) байланысты көліктің жеке бөлшектері, авариядан сынып, опырылып қалған детальдар оқиға болған жерде қалса, олардың бәрін жалпы криминалистикалық мағынада іздер деп атаймыз. Дәріс Тақырып. Криминалистикалық индентификация және диагностика Жоспар: 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі 2. Криминалистикалық идентификация объектілерінің ұғымы (түсінігі). Идентификациялық белгілер және оның классификациясы (топтастырылуы) 3. Идентификация қорытындыларын процеске қатысушылардың бағалауы Негізгі ұғымдары: индентификация және диагностика. 1. Криминалистикалық идентификацияның түсінігі «Идентификация» термині – бұл латын тілінен шыққан сөз, оны тікелей аударатын болсақ «теңдестіру жасау», яғни «тепе-теңдікті анықтау» немесе «тепе-тең ету, сәйкестендіру» деген мағынаны білдіреді. «Идентификация» термині төмендегідей бірқатар түсінік талдауларын жасауда қолданылады: · идентификация – адамның ойлау қабілетінің заңдылығын ашуға мүмкіндіктер беретін ғылыми категория ретінде; · идентификация – танымның әдіс-тәсілі мен құралы ретінде; · идентификация – теңдестіру арқылы тану процесінің белгісі ретінде қарастырылады. «Идентификация» термині – көзделген мақсаты мен шешетін мәселелеріне байланысты пайдаланылады және белгілі бір ойларды жинақтайды. Идентификация ұғымы логика, таным теориясы (философияға), психология және басқа да негізгі ғылымдарға сүйенеді. Таным теориясының (философия) көмегі арқылы адамның танымдық қызметіне ғылыми негізде талдаулар жасалады. Әлемдегі барлық материалды объектілер өзіне-өзі ғана тең. Әрбір объект өзіндік қасиетіне байланысты, өзі тектес басқа да объектілерден ерекшеленеді. Объектілердің көптеген сәйкес келу белгі санына қарамастан материалды дүниедегі әрбір объект жекеленген болып табылады. Бұл жекеліктер адамдарға объектіні тануға, оны өзінің арасындағы басқа да өзі тектес заттардан ажыратып тану немесе сәйкестендіру процесін жүзеге асыруға мүмкіндіктер береді.Танылатын объектінің өзіндік қасиеті мен мақсат, міндеттеріне байланысты материалдық дүние объектілерін тану процесіндегі теңестіру әртүрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Теңдестіру актілері қарапайым, яғни күнделікті тұрмыс-тіршілікте, сондай-ақ ғылыми зерттеулер шеңберінде шешілетіндей күрделі болуы мүмкін. Мысалы: теңдестірудің тұрмыстық актілерінде кішкентай бала өзінің ата-анасын, киімдерін, ойыншықтарын таниды; суретші өзінің салған суретін оңай ажыратады; ұста өзі жасаған детальдарды тез табады және т.б. Ал күрделі актілерде: химик-аналитик – химиялық заттарды, оның табиғатын, сондай-ақ геолог – минералдың, физик – физикалық процестердің табиғатын анықтайды. Адамның ойлау қызметі заңдылықтарын зерттейтін логика ғылымы, идентификация көмегімен теңдестіру заңдылығы және адамды тану қызметіндегі теңестірудің логикалық қағидалары негізінде қалыптасқан. Теңдестіру заңдылығына сәйкес – адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс. Адамның санасында көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы қажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әртүрлі объектілерді теңдестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашқы ойлаудың мазмұнына сәйкес (бір) болуы қажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әртүрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмайды, бұл өз алдына теңдестіру заңдылығының бұзылуына әкеп соқтырады. Дәріс Тақырып. Трасалогия. Жоспар: 1. Трасологияның түсінігі, ғылыми негіздері мен жүйесі. 2. Адамның трасологиялық іздері. 3. Бұзу құралдарының іздері. Негізгі ұғымдары: Трасалогия, із, механоскопия, динамикалық із. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|