Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Тергеу қарауының тактикасы.




Жоспар:

1. Тергеу қарауының түсінігі, мәні және түрлері

2. Оқиға болған жерді қараудың түсінігі, маңызы және міндеттері

3. Оқиға болған жерді қарау алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары

Негізгі ұғымдары: тактика, оқиға болған жер, объектілер, қарау, тергеуші.

1. Тергеу қарауы – қылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, құжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және қылмыстық істің мән-жайларын зерттеу мақсатында тергеушінің кез-келген объектілерді тікелей қабылдауы мен зерттеуінен тұратын тергеу әрекеті.

Қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша қарау – қылмыс ізін, өзге материалдық объектілерді анықтау, сондай-ақ іс үшін маңызы бар жағдайларды анқындау мақсатында тергеуші, ал ол жоқ болған жағдайда анықтаушы немесе қылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, құжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.

Криминалистикалық әдебиетте тергеу қарауының келесідей мақсаттары көрсетілген:

- тергеушінің жеке объектіні, объектілердің жиынтығы немесе кешенін тікелей зерттеуі;

- оқиға, қылмыстың механизмі, жері, қылмыскердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстық іс бойынша анықтауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапқы ақпаратты алу;

- қылмыстың суымаған ізі бойынша қылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;

- тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;

- тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау;

Тергеу қарауының түрлерін әртүрлі негізер бойынша жіктеуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бойынша, көлемі бойынша.

2. Оқиға болған жерді қарау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмысты іс қозғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп қылмыстардың тергеуі оқиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тергеу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қылмысты ашуға керекті, өте құнды д әлелдемелер жинап алуға болады. Қылмысты оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдардың белгілі бір әрекет-қимылдарынан тұратындықтан ол айналадағы ортаға әсер етіп, сол қылмыс жасалған жерде көптеген іздер қалдырады.

Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (қолдың ізі, аяқ киімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы кең мағынада қылмыс іздері деген ұғымға оқиға болған жерде қалған заттар, қираған, сынған нәрселер және қылмысқа байланысты айналада болған өзгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердің бәрін негізге ала отырып, окиға болған жерді қарау үстінде тергеуші оқиғаның қалай болғанын, айталық, оның механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Оқиға болған жерді қараудың маңызы, әрине мұнымен шектелмейді. Себебі, қарау үстінде тергеуші осы қылмысқа байланысты іздерді, айғақ заттарды, өте құнды деректерді тауып алып, оларды дәлелдеме есебінде пайдаланады.

3. Тергеушінің дайындық жұмысы екі кезеңге бөлінеді. Бірінші кезең – тергеушінің оқиға болған жерге шықпай тұрып, оқиға жөнінде хабар алысымен жүргізетін дайындық жұмыстары. Бұл бірінші кезеңде тергеуші мына төмендегі дайындық жұмыстарын атқарады:

1. өзі келгенше оқиға болған жерді өзгеріссіз сақтап қалу үшін белгілі бір лауазымды адамдарға, атап айтқанда, полиция қызметкерлеріне нұсқау береді;

2. оқиға болған жерді қарауға өзімен бірге қатынасатын лауазымды адамдарды (жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізетін), мамандарды нақтылап белгілеп, олардың оқиға болған жерге кешікпей келуіне керекті шара қолданады;

3. оқиға болған жерді қарағанда қолданатын криминалистикалық құрал-саймандарды және басқа да керекті жабдықтарды дайындайды.

Тергеуші оқиға болған жерге өзі келгенше оны өзгеріссіз сақтап қалу жөнінде нұсқау берумен қатар полиция қызметкерлеріне қылмыстың басында болып, оны көрген адамдарды анықтау және басқа да жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізуге арнайы тапсырма береді.

Дәріс






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных