Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Жауап алу тактикасы .




Жоспар:

1. Жауап алу, оның түсінігі мен міндеттері.

2. Жауап алу алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары.

3. Жауаптың қалыптасу кезеңдері.

Негізгі ұғымдары: Жауап алу, беттестіру, сұрақ-жауап.

1. Жауап алу дегеніміз заңда көрсетілген тергеу және сот әрекеті. Ол арқылы жасалған кылмыстың мән-жайлары жөнінде керекті деректі мәліметтер алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады. Іс жүргізу жағдайына байланысты жауап беретін адамнан жауап алудың бірнеше түрі бар. Атап айтқанда: жәбірленушіден, сезікті адамнан, куәден, айыпкерден жауап алу деп, бұл тергеу әрекеті төрт түрге бөлінеді. Кімнен жауап алынса да ол қылмыстық іс жүргізу заңында көрсетілген тәртіп бойынша жүргізілуі тиісті, Бірақ, іс бойынша неғұрлым көп, маңызды мәліметтер жинап, осы тергеу әрекетінің сапасын арттыру үшін жауап алғанда, бұған тиімді, ыңғайлы тактикалык әдістер қолданылады. Бірақ ол қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.

Жауап алғанда кылмысты оқиғаға қатысты мынандай мәліметтер: қылмыстың болған уақыты, оның орны, амал-әдісі, кылмысты кімдердің жасағаны, оған қанша адамның қатысқаны, істеген қылмыстың зардабы, залалы, сипаты мен мөлшері және қылмысты оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталады.

2. Жауап алуға дайындық үстінде осы адамның мінез-құлқы, моральдық және интеллектуалдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.

Дайындық жұмыстарын өткізу барысында жауапты қай уақытта, қай күні алу керектігін шешу керек. Бұл мәселені шешкенде, жауап алуға шақырылатын куәнің денсаулығы, жасы есепке алынуы тиіс. Әрине, егер оны біреулер өтірік жауап беруге азғырып, көндіруі мүмкін деген қауіп туса, одан уақыт өткізбей дереу жауап алған жөн.

Жауап алу уақытын белгілегенде тергеуші бұған өзінің бос уақыты бар ма, жоқ па соны мұқият ескеруі тиіс. Бұрын басқа тергеу әрекеттері жоспарланған, басқа да жұмыстар қат-қабат келген күнге жауап алуды белгілеуге болмайды. Асығыс, шаршап жүргенде өткізілген шараның сапасы, әрине, төмен болады.

Жауап алуға дайындық үстінде осы адамның мінез-құлқы, моральдық және интеллектуалдық қасиеттері жөнінде белгілі мәліметтер жинап, ол адамның кім, кандай адам екенін біліп, онымен қандай бағытта қалай сөйлесу керек екендігін тергеушінің алдын ала жүйелеп алғаны жөн.

3. Жауап алушы – тергеуші әр куәден, жәбірленушіден қандай көлемде және қандай мәлімет алуға болатынын білу үшін, жауаптың куәнің, жәбірленушінің ойында қалыптасу ерекшеліктерін есепке алуы керек.

Жауаптың қалыптасу процесі бірнеше кезеңнен құралады. Бірінші кезең – оқиғаны, не істің басқа бір мән-жайын қабылдау (көру, есту), екінші – осы қабылдап алған мәліметті ойда сақтау, үшінші – осы мәліметтерді есіне түсіріп, тергеушіге айтып жеткізу қабілеті.

Болған оқиғаны қабылдап алу, оқиғаға қатысты мәліметтердің толық қабылдануы белгілі бір себептерге байланысты. Бұл себептер объективті және субъективті болып екі топқа белінеді. Объективті себептер – көруге, естуге бөгет болатын жағдайлар, субъективті – есту, көру мүшелерінің қабілеті. Қабылдауға объективті түрде бөгет болатын себептер оқиғаны шұғыл, тығыл таяң уақытта қабылдау, жарықтың көріну жағдайының нашар болуы, қатты шудан нашар естілу, болып жатқан оқиғаны алыстан көру, ауа-райының жаман болуы, қар не жауын жауып тұрғанда оқиғаны қабылдау, осының бәрі оқиғаны толық және анық көріп, естіп қабылдауына бөгет жасайды, оқиға жөніндегі ақпараттың толықтығына, сапасына кері әсер етеді. Сондықтан жауап алғанда тергеуші осы себептерді ескеруі шарт.

Қосымша сұрақ бергенде тергеуші заңда көрсетілген тәртіпті ескеруі керек:

-қойылған сұрақтардың анық және түсінікті болуы, куәні, не жәбірленушіні шатастырмауы тиіс;

-жетектеуші сұрақтарды қоюға болмайды;

-берілген сұрақтар куәні, не жәбірленушіні кемітіп, қорлауға, қорқытуға бағытталмауы керек.

 

Дәріс

Тақырып.Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау тактикасы.

Жоспар:

1. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың түсінігі.

2. Айғақтарды оқиға болған жерде тексеру мен нақтылаудың кезеңдері мен тәсілдері.

Негізгі ұғымдары: Айғақтар, куә, тергеу,

1.Қылмыстық істерді тергеу үстінде көп жағдайларда куәнің, жәбірленушінің, айыпкердің берген жауаптарын оқиға болған жерге барып анықтап, тексеруге тура келеді.

Осындай тексеру арқылы тергеуші жауаптағы мәліметтерді оқиғаның болған жеріндегі нақты жағдаймен, ол жердегі объектілердің орналасуымен салыстырып, жауапта айтылған мәліметтер шындыққа жата ма, жоқ па деп сынап көреді.

Осындай қарау үстінде жауапта айтылған жерді, онда орналасқан объектілерді тергеуші өз көзімен көріп, олар жөнінде толық ақпарат алады. Айтылған жауапты тексеру арқылы, оқиғаның болу жолын, осы жердің ерекшелігімен, жағдайымен салыстырып, мұндайда қандай іздер қалады, олар қай жерде қалуы мүмкін деп болжап, іс бойынша жаңа деректер, дәлелдемелер тауып алуы мүмкін.

Айғақты оқиға болған жерде тексеру мен нақтылау, сондай-ақ алдын ала тергеу кезінде берген жауаптың шындыққа жататынын не жатпайтынын анықтауға көмектеседі. Айталық, сезікті адам өзінің оқиғадан бұрын осы жердегі алдында тұрған ордан секіріп, тоғай жаққа кетіп қалғанын алдында берген жауабында айтқан болатын. Оқиға болған жерге келіп, қай ордан секіріп тоғай жаққа кеткенін көрсетуге келгенде 4м. ордан секіріп кетуге болмайтындығына көзі жеткен соң шьндығын айтуға тура келді.

2. Куәні немесе айыпталушыны оқиға болған жерге олардың келісімімен ғана шығару керек.

Әзірлік және тексеруді өткізу кезінде айыпталушының оқиға болған жерге баруға ішкі есеппен келісім беруі де мүмкін екендігін, оның ақиқатты ашуға шын ниетімен көмектесуге ықылас білдіруімен бірге, ретін тауып күзетшіден сытылып, құтылып кетуге, қандай жолмен болсын сыбайластарымен байланыс орнатуға, оқиға болған жердегі ізді өшіріп жіберуге немесе тергеушінің әлі неге назар аудармағанын білуге тырысатынын естен шығаруға болмайды.

Аталған тергеу әрекетіне әзірлік кезеңі әрекетке қатысушыларға тиісті нұсқау берумен аяқталады. Онда тергеу әрекетінің мақсаты мен тәртібі, қатысушылардың құқығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, екі мәселеге айрықша назар аударылады:

а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне қатысушылардың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бұрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді;

ә) барлық ұйымдық мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді;

б) жауабы тексерілетін адамға сұрақ тек тергеушінің рұқсатымен беріледі, қандай әрекет болсын ол тек тергеушінің нұсқауымен жасалады.

Тергеуші де өз әрекетіне өте мұқият қарауы, яғни өзіне икемдейтіндей әрекеттен немесе сұрақтан сақтануы тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, айыпталушы немесе куә тергеушінің айтқанына ілесіп, оның сұрақтарын мақұлдай беретін болса тергеу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тергеу кезінде тергеушінің ақиқатқа көзі жеткен, тек оны оқиға болған жерде "нықтай" түсу қажет болғанда ғана мұндай әдістің қолданылуы мүмкін.

Дәріс




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных