ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Тінтудің криминалистикалық түсінігі, оның түрлері және міндеттері.2. Тінту алдында жүргізілетін дайындық жұмыстары. 3. Тінтудің тактикалық әдістері және оның қорытындысын бекіту. Негізгі ұғымдары: тінт, үй-жай, қора-аула, мәйіт. 1. Тінту дегеніміз үй-жайды, қора-ауланы еріксіз түрде қарау арқылы іске қатысы бар заттай дәлелдемедерді, тығылып қалған қылмыскерді тауып алу үшін жүргізілетін, заңда көрсетілген күрделі тергеу әрекеті. Кейбір авторлар қандай объектілерді іздеп табу керек екенін тізбектеп айтып көрсетеді. Мысалы, қылмыс жасауда қолданылған қару, жалған құжаттар, қылмыскердің киген киімі, т.б. Бұлардың бәрін іске керекті заттай дәлелдемелер деп тұжырымдап көрсетсе де болады. Оқиға болған жерді қарау мен тінтудің ұқсастығы – осы екі тергеу әрекеті кезінде де белгілі бір нысан, не пәтер қаралып, заттай дәлелдемелер ізделеді. Бірақ оқиға болған жерді қарау мен тінтудің арасында көп айырмашылық бар. Ол біріншіден, осы тергеу әрекеттерінің міндеттерінен, екіншіден, олардың жүргізілу әдісінен көрінеді. Оқиға болған жерді қарау оқиғаның қалай болғанын, қылмыстың жасалу тетігін зерттеуге, оның кімнің жасағанын анықтауға бағытталады. Тінтудің мақсаты – әдейі тығып қойған немесе тығулы тұрған заттай дәлелдемелерді арнайы тактикалық әдістерді қолдану арқылы тауып алу. Тінтудің бірнеше түрлері болады. Ол – жеке адамды тінту (личный обыск), тұрғын үйді, жеке бөлмені тінту, ауланы немесе басқа ғимараттар мен нысандарды тінту. Әрине, ол іс бойынша керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып алу үшін жүргізіледі. Ал, заттай дәлелдемелерге қандай нысандар жатады. Ол – қылмыс жасалғанда қолданылған қару-құралдар (мылтық, пышақ, бұзуға пайдаланған құралдар), жалған құжаттар, тергеуден қашып, тығылып жүрген қылмыскерлер, не қылмыскерді әдейі тығып қойған адамдар, мәйіт оның бөлшектері, ұрланған қымбат бұйымдар, заттар. 2. Тінту алдында тергеуші арнайы дайындық жұмыстарын жүргізеді. Біріншіден, ол тінту жүргізілетін объект және үйі тінтілетін адам жөнінде керекті бағдарлық мәліметтерді жинап алу керек. Тінтілетін адам және пәтер болса, оның толық мекен-жайы, неше бөлмеден тұратыны, қылмыс ғимараттың қай қабатында жасалғаны,онда телефон бар ма, жоқ па, қанша адам тұрады, жеке үй болса ауласында не бар, қай мезгілде үйде кісілер болады, міне осының бәрі алдын ала анықталады. Тінтілетін адам жөнінде – оның мінез-құлқы, қаруы болу мүмкіндігі және оны сипаттайтын басқа да мәліметтерді жинап алу керек. Екіншіден, жедел-тергеу тобын құрған кезде алдын ала тінтуге қандай лауазымды адамдардың немесе мамандардың қатысуы керек екендігін анықтап алып, оларды қай жерге орналастыру қажеттігін келісу керек. Үшіншіден, тінтуге керекті арнайы техника құралдарын дайындау керек, айталық, темірден, не асыл металдан жасалған заттарды іздейтін құралдарды дайындау қажет. 3. Тінтудің тактикалық әдістері тергеу әрекетінің кенеттен, тосыннан жүргізілуіне негізделеді. Сондықтан тінтуге керекті деректер жиналысымен және дайындық жұмыстары бітісімен, кешіктірілмей дер кезінде жүргізілуі тиіс. Тосыннан, күтпеген жерден жүргізілген тінту арқылы ғана іс бойынша пайдалы және маңызды деректер, дәлелдемелер тауып алуға болады. Сондықтан тергеуші, әр түрлі тактикалык әдістер қолдану арқылы, тінтетін үйге күтпеген жағдайда, кенеттен кіру тәсілін ойластыруы керек. Үйге кіргеннен кейін тінтілетін адамды тінту жөніндегі қаулымен таныстырып, іске байланысы бар объектілерді тергеу орнына өз еркімен беру тінтілетін адамның міндеті екені айтылады. Тергеушінің бұл талабы бойынша олар кейбір заттарды өз еркімен беруі де мүмкін. Бірақ тергеушінің жұмысы осы берген заттармен ғана шектелмейді. Өйткені дерек заттар үй астына ма, шатырға ма, әйтеуір қарауға ыңғайсыз бір жерлерге тығылып қойылуы мүмкін. Дәріс Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|