Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Құжаттарды криминалистикалық зерттеу.




Жоспар:

1. Құжаттар криминалистикалық зерттеудің объектісі ретінде

2. Криминалистикалық қолжазбатанудың түсінігі, объектісі және ғылыми негіздері

3. Қолжазба белгілерінің түсінігі

Негізгі ұғымдары: Құжат, мәтін, жазба, қолжазба, гафикалық.

1.Құжаттар – мөлшері, пішіні, материалдардың түрлері, қорғау әдістері, мәтіні (адресат), қолтаңбасы, мөртаңбалары бойынша және бұрыштамалардың болуымен сипатталады. Кәсіпорындар мен мекемелер атынан берілетін көптеген ресми құжаттардың міндетті элементтері (реквизиттері) белгілі бір мемлекеттік стандарттарға және нұсқауларға сәйкес болуы керек. Ресми емес құжаттардың элементтері олардың қолдануына байланысты анықталады. Кейбір жағдайда қылмыстық процеске түсетін құжаттар, бір элемент – «мәтіннен» ғана тұрады.

Тәжірибеде кездесетін құжаттарды келесідей түрлерге бөлуге болады: тағайындалуы бойынша (қандай да бір фактілер мен құқықты куәландыратын және белгілі бір мәліметтерден тұратын құжаттар, мысалы: анықтамалық сипаттағы); шығу тегі бойынша (мемлекеттік мекемелерден шығатын, ресми және жеке тұлғалардан шығатын – ресми емес); дайындау тәсілі бойынша (қолмен, машинкамен, компьютермен жазылған, баспаханалық, құрама, жеңіл баспаханалық құралдармен дайындалған және фотосурет көмегімен жасалған); шығу кезектілігі бойынша (түп нұсқа және көшірме). Құжаттарды криминалисткалық зерттеудің үш түрі қарастырылады:

1. қолжазуды криминалистикалық зерттеу (қолжазбатану);

2. мәтін авторын криминалистикалық зерттеу (автортану);

3. құжаттарды техника-криминалистикалық зерттеу.

2.Қолжазуларды зерттеу барысында қарастырылатын мәселелер екі топқа бөлінеді:

1. идентификациялық;

2. идентификациялық емес.

Осы сұрақтар қылмыстық және азаматтық істерді қарастыру кезінде шешіледі.

Идентификациялық мәселелерді шешу кезінде мынандай сұрақтар анықталады: Қолжазуды немесе қолтаңбаны орындаған кім? Орындаған осы тұлға ма әлде басқа ма? Егер тергеу барысында орындаушы тұлға анықталынбаса, бірнеше құжаттағы қолтаңба немесе қолжазулар бір адаммен әлде бірнеше адаммен орындалған ба?

Идентификациялық емес мәселелерге: Жазу, қол қою сол қолымен не оң қолымен орындалған ба? Жазу, қол қою осы адам үшін қолайсыз жағдайда орындалған ба? Бұл адам өз жазуын әдейі өзгерткен бе? Жазу, қол қою осы адамның қолжазуына ұқсастырылып жазылған ба?

Жазба дағдысының түрлеріне:

1. техникалық дағды (орындаушының жазу құралын ұстауы, қағаз бетінің орналасу жағдайы, жазу барысында адамның отыру қалпы);

2. графикалық дағдылар (жазба белгілері және олардың байланыс тіркестері);

3. жазба тіл дағдылары (сөздегі әріптердің орналасу құрамын анықтау, сөздік қор құрамын сөз байлығы сөйлемінің қажетті түрлерін қолдану жатады.

Қолжазбаның жекелігі мен тұрақтылық белгісіне байланысты графикалық және техникалық қалыптасқан дағдылардың маңызы зор.

3. Әрбір адамның жазба тіл дағдысын сипаттайтын белгілер жиынтығын екі топқа бөлеміз:

1. жазба тілінің белгілері;

2. жазба белгілері.

Жазба тіл белгілері жазудың мағыналық жағын сипаттайтын тілдің бір түрі. Ал, жазба белгілері жазба тілінің қозғалып сызылу жағынан қарастырады.

Жазба тілі грамматикалық, лексикалық және стильдік жағынан сипаттайды. Егер де мәтін компьютер, жазу машинкасымен емес қолмен орындалған болса, бұл белгілер қолжазба белгілерін толықтырады. Мәтін компьютер, жазу машинкасымен орындалса, оның авторы немесе орындаушысы анықталады. Грамматикалық белгілерге: сөздердің әріптік құрылым ерекшелігі, сөйлем құрастыру мен сөйлем белгілерін қою жатады. Лексикалық белгілер адамның тіл байлығындағы сөз қорына байланысты зерттеледі. Стильдік жағынан зерттеген кезде сөйлемнің жүйелі, кезекті немесе орынсыз қолдануы, жергілікті немесе таңдамалы сондай-ақ, жай немес күрделі, анықтаушы, салыстырмалы және пысықтаушы сөздерді қолдану және т.б. жағдайлары анықталады.

Жазба тілінің мағыналық және қозғалыс жақтары бірге қарастырылады. Сауаттылықтың белгілері бір дәрежесіне қозғалыс координациясының белгілі бір дәрежесі сәйкес келеді және қолжазбаның мазмұны мен оны қолдану мақсаты қолжазба белгілеріне әсерін тигізеді. Осыған байланысты жазба тілді зерттеу идентификацияға маңызы бар жазба белгілерін дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Қолтаңбалық зерттеуде қолжазу белгілері басты рөл атқарады.

Қолжазбаны зерттеу орындаушының әлеуметтік-демографиялық сипатына байланысты жорамалдау мақсатында (жынысы, жасы, кәсібі), сонымен қатар олардың психикалық жай-күйін анықтау (ауруға жалдығуы мен көңіл-күйінің бұзылуы) және идентификациялау мақсатында жүргізіледі.

Дәріс

Тақырып. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу.

Жоспар:

1. Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеудің түсінігі және оның міндеттері.

2. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заттар мен материалдарды табу, бекіту және алу.

3. Лак- бояу және боялған заттарды зерттеу.

Негізгі ұғымдары: Заттар, материалдар, лак, бояулар.

1.Заттар мен материалдар – қылмысты жасау және оның ізін жасыру тәсілдері, сондай-ақ қылмыскерлер мен қылмыстық оқиғаның жағдайы туралы ақпарат көздері ретінде өте ертеден қолданып келеді. Орта ғасырдың өзінде-ақ алтын тиындардың немесе әшекей бұйымдардың сандық құрамын зерттеу арқылы олардың жалған екендігі анықталған. Асыл тастарды морфологиялық талдау арқылы тастардың жалғандығын анықтауға немесе ұрланған заттың құнын білуге мүмкіндіктер болған. Бірақ В.С. Митричевтың теориялық еңбектерінің арқасында «Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу» тарауы криминалистикалық техниканың жеке бір тарауы ретінде соңғы жиырма жылда қалыптаса бастады.

Заттар мен материалдарды криминалистикалық зерттеу процесінде шешілетін диагностикалық мәселелер келесідей топқа бөлінеді:

- қарапайым (тікелей) – олар заттар мен материалдардың құрамын, табиғатын, қолдану аясын, қасиетін анықтаумен байланысты мәселелер. Мысалы, мөлдір тасты сары металдан жасалған жүзік 583-ші сынамалы алтыннан, ал тас 0,4 карат салмағындағы фианитпен, сондай-ақ пышақтың жүзі №…маркілі болаттан жасалынғандығын, тінту барысында алынған ақ түсті ұнтақ-героин, ал бөтелкедегі сұйықтық – этил спирті екендігін анықтау мәселелері.

- күрделі (құрамалы) мәселелер, оларға заттар мен материалдардың бастапқы жағдайының өзгеру себептерін, оның құрылымы мен құрамына әсер ететін фактілерді және өндіріс технологиясын; сондай-ақ бұйымның қарастырып отырған материалдардан жасалғандығын анықтау мәселелері жатады. Мұндай мәселелер көбінде тергеуден болған себептерге әкелетін жолды бақылап анықтауға мүмкіндіктер береді.

2. Криминалистикалық зерттеу шеңберіндегі заттар мен материалдар, олардың тәжірибеде неғұрлым кеңінен таралған түрлері бойынша зерттеледі. Зерттеу объектілері көбінде төмендегідей болып келуі мүмкін:

- газ тәріздес, сұйық, қатты, сусымалы;

- табиғи және жасанды;

- зат немесе мүлік, олардың жиынтығы, бөлшектері және т.б.

Бүгінгі таңдағы тәжірибеге сүйене отырып, мынандай объектілер жиі зерттелетіндігін атап көрсетуге болады:

- лак-бояу және боялған заттар мен бояу қабаттары;

- талшық материалдары мен одан жасалған өнімдер;

- өсімдіктер, топырақтар;

- шыны және одан жасалған бұйымдар;

- жанармай материалдары;

- есірткі заттары;

- психотроптық заттар;

- дәрі-дәрмектер;

- спирт және ішімдік өнімдері мен оларды дайындауға қажетті заттар;

- металдар және металл бұйымдары;

- парфюмерлік және косметикалық өнімдер, оларға қажетті шикізаттар;

- полимерлер және олардан жасалған заттар.

Заттар мен материалдар қылмыстық істердің әртүрлі санаттары бойынша, көбінде: оқиға болған жерді қарау, тінту, алу әрекеттері барысында алынады.

3. Лак-бояу, боялған заттарды сараптаудың негізгі мақсаттары болып мыналар табылады:

- заттың боялған, не бояу жұққан қабатынан лак-бояу заттарының құрылымын және түрін анықтау;

- лак-бояу жұғылған іздерді зерттеу арқылы, заттардың тектік, топтық бірлестіктері мен айырмашылықтарын және олардың шығу тегін анықтау.

Тергеу тәжірибесінде көптеген тергеушілер, соттар сарапшылардың алдына дұрыс сұрақ қоюды жете білмейді. Сондықтан лак-боялауларды зерттеуде көптеген қателіктер кетеді. Мысалы, зерттелетін бояулар химиялық құрамы жағынан бірдей болуы мүмкін, бірақ олардың шығу тегі әртүрлі.

Бүгінгі таңда лак-бояу заттарын зерттеу олардың қай топқа, текке жатуына байланысты жүргізіледі. Бұлай зерттеудің себебі лак-бояуларды жасау тәсілінің стандарттылығына байланысты (біртекті технология).

Соңғы уақытта боялған заттардың өзара қатынасын зерттеуде сараптама көптеген жетістіктерге жетті. Мәліметтегі өзара байланысты анықтау – кешенді сараптаманың мәселесі болып табылады. Бұл мәселені сараптамалық зерттеу өте күрделі жұмыс. Мұндай жағдайлар көбінесе көлік оқиғасымен байланысты.

 

Дәріс

Тақырып. Криминалистикалық габитология.

Жоспар:

1. Криминалистикалық габитологияның түсінігі және оның ғылыми негіздері

2. Адамның сыртқы бейнесі элементтерінің жүйесі

3. «Ауызша суреттеудің» әдістемесі, міндеттері және әдістері

4. Тергеу мен жедел-іздестіру тәжірибесінде «ауызша суреттеу» әдістемесін қолдану

Негізгі ұғымдары: габитология, «ауызша суреттеудің» әдістемесі,тергеу, жедел-іздестіру.

1. Габитология – әртүрлі көріністегі адамның сыртқы бейнесін бекіту заңдылықтарын зерттейтін және қылмыстарды ашу мен алдын алу мақсатында сыртқы бейне туралы мәліметтерді жинау, зерттеу және пайдаланудың техника-криминалистикалық құрал-жабдықтары мен әдіс-тәсілдерін жетілдіретін криминалистикалық техниканың бір саласы болып табылады.

Адамның сыртқы бейне белгілері бойынша танудағы криминалистикалық ілімді жете меңгеру – білім жетістіктерін тәжірибеде кеңінен қолданып қылмысты тергеу мен айыпкерді іздестіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

Адамдарды идентификациялау үшін криминалистикада әртүрлі әдістер мен тәсілдер жетілдірілген (өңделген). Идентификациялауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі – адамды сыртқы бейне белгілері бойынша теңдестіру болып табылады.

Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша идентификациялаудың әдістері мен ғылыми негіздері жаратылыстану ғылымдарының жетістіктеріне: анатомия, физиология, сот-медицинасы, математиканың кейбір бөлімдеріне, жедел-іздестіру және сараптама тәжірибелеріне сүйене отырып ұзақ жылдар бойы қалыптасқан.

2. Адамның сыртқы бейнесінің элементтерін және олардың белгілерін негізге ала отырып, адамның сыртқы бейнесінің белгілері мен элементтер жүйесі дәстүрлі түрде топтастыру арқылы қарастырылады. Адам денесінің құрылыс белгілері мен элементтері және оның өмір сүру әрекетінің көрініс табуы - өзіндік белгілер деп аталады. Олар адамның өзіне ғана тән, оның сыртқы бейнесі бөлінбейді, тек өзіне тиесілі. Адамның сыртқы бейнесін толықтыратын белгілері мен элементтері ілеспелі болып табылады. Олар адам денесінің құрылыс элементтеріне жатпайды, бірақ қандай да бір көлемде өзіндік белгілер мен элементтерді анықтауға (жасын, жынысын, әдет-дағдысын, жүрісін және т.б.) мүмкіндік береді.

Ілеспелі элементтер мен олардың белгілеріне: киім, ұстап жүруге арналған ұсақ заттар адамның сыртқы бейнесі (немесе олардың бөлшегі) мен олардың белгілерін бейнелеуге қолданатын нәрселер.

Өзіндік элементтер мен олардың белгілері жалпыфизикалық, анатомиялық және функционалдық болып бөлінеді.

3. «Ауызша суреттеу» - адамды белгілері бойынша тануға мүмкіндік береді, сыртқы бейнесін есте сақтауды жеңілдетеді, қысқа мерзім аралығында адам белгілерінің дұрыс сипатын құруға, сондай-ақ оның белгілерін фотокарточка арқылы сипаттауға, іздестіріп отырған тұлғалардың бейнелерін компьютердің көмегімен құрастыруға мүмкіндік береді. Бейнелеу кезінде арнайы терминдерді қолдану сипаттау белгілерін барлық адамдардың бірдей қабылдауын қамтамасыз етеді. Ауызша суреттеуді тәжірибеде дұрыс әрі нәтижелі қолдану үшін міндетті түрде:

1. Адамның басының, бетінің және денесінің жеке бөлшектерінің, сондай-ақ киімінің, аяқ киімінің, күнделікті өзімен бірге алып жүретін заттарының дұрыс атауын білу;

2. Адамды сыртқы бейне белгілері бойынша ауызша суреттеу жүйесіне сәйкес сипаттау тәртібі мен кезектілігін сақтау;

3. Нақты іздеген тұлғаны басқа адамдар арасынан ажыратуға мүмкіндік беретін сыртқы белгілердің барынша ерекшеленген белгілерін іріктей білу қажет.

4. Ауызша суреттеу әдістемесі тергеу, жедел-іздестіру және сараптама жүргізу тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Оны негізінен тергеушілер мен жедел-іздестіру қызметкерлері идентификациялық және қылмыстық тіркеу мақсатында қолданып, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіруге, танылмаған мәйітті тануға көрсетуге, сонымен қатар сезікті, айыпкер, куә мен жәбірленушінің және соттан бой тасалап жүрген қылмыскердің жеке басын анықтау кезінде «ауызша суреттеу» әдістемесін басшылыққа алады.

«Ауызша суреттеу» әдістемесі қылмыскерлер мен хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру барысында, іздестіру талаптарына сәйкес, олардың сыртқы бейне белгілерін атап айтқанда: «ерекше белгілері» мен «көзге бірден түсетін белгілерін» нақты сипаттау және адам бейнесін еске түсіру, есте жақсы сақтап қалу үшін қолданылады.

 

Дәріс

Тақырып. Криминалистикалық тіркеу.

Жоспар:

1. Криминалистикалық тіркеудің түсінігі, мазмұны және оның құықтық негіздері.

2. Криминалистикалық тіркеудің түрлері.

3. Криминалистикалық тіркеудің объектілері мен мақсаттары.

Негізгі ұғымдары: Криминалистикалық тіркеу, тіркеудің объектілері, дактилоскопия.

1. Криминалистикалық тіркеудің ғылыми негізін ең алғашқы рет XIX ғ. аяғында 1882 ж. А. Бертильон қылмыскерлерді тіркеудің антропометриялық, ал В. Гершель, Г. Фулдс, Ф. Гальтон 1887-1891жж. дактилоскопиялық тіркеу әдісін енгізу арқылы қалыптастырған. Қазіргі уақытта да криминалистік оқулықтарда кездесетін тіркеудің алғашқы жүйесі «қылмыстық тіркеу» - деп кездейсоқ аталмаған. Бүгінгі таңда криминалистикалық тіркеу жүйесі шеңберінде тіркеудің сан-алуан түрлері қолданылады. Мысалы: алфавиттік, дактилоскопиялық және т.б. тіркеу түрлері.

Криминалистикалық тіркеу түрінен оның формасын ажырату қажет, яғни тіркелетін ақпараттарды жинау тәсілдері. Криминалистикалық ақпараттарды бекіту әдістері де әртүрлі: сипаттайтын, бейнелейтін, графикалық, коллекциялық болып келеді. Тәжірибеде тіркеу әдісінің мынандай аралас түрлері де жиі қолданылады: ұсыныстар-альбомдармен, карточкалармен; ал ақпаратты бекітудің суреттеу тәсілі-фототүсірілім, дактилоскопиялық карта және т.б. жасау арқылы үйлестіріледі.

Криминалистикалық тіркеуді оқып білудің негізі – бізді қоршаған әлемді, материалдық танымды, диалектикалық заңдар мен таным теориясын танып білуге неізделеді. Криминалистикалық тіркеудің дамуы – криминалистикалық идентификация теориясымен, іздердің пайда болу механизімі жөніндегі ілімдермен, және қылмысты жасау тәсілдерімен, дәлелдемелі ақпараттарды бекітумен табиғи байланыста болып табылады.

2. Алынып отырған объектілердің ерекшелігі мен оларды тіркеу кезінде сипаттайтын белгілеріне байланысты – тіркеу: «жедел-анықтамалық, жедел-іздестірудегі» - деп бөлінеді. Осы түрлердің барлығын криминалистикалық деп атауға болады.

Орталықтандыру деңгейіне байланысты тіркеу жергілікті, аймақтық және орталық (центральный) болып бөлінеді.

3. Криминалистикалық тіркеу жүргізу кезіндегі бекітудің негізгі әдістеріне - ауызша суреттеу, фотосуретке түсіру және дактилокөшірілімдерді жасау жатады. Соңғысы тіркелетін тұлғалардың қол саусақтарының бедер іздерін алу арқылы жүзеге асырылады. Тіркеу ақпараттарын сақтау үшін қолданылатын әдісіне байланысты - картотекалар, фотоальбомдар, іздердің коллекциялары пайдаланылады.

Қазіргі кезде тәжірибеде қылмыстық тіркеуге электронды-анықтауыш техникалары да қолданылады. Оны пайдалану кезінде тіркемелік мәліметтер белгілі бір кодпен жазылады және олар компьютерге енгізіледі.

Тіркеу бойынша тексеру кезінде негізінен мынандай мән-жайлар анықталады. Криминалистикалық тіркеудің міндеттеріне келесілер жатады:

а) көрсетіліп отырған тұлға тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса, оның жеке басын (тұрғылықты мекен-жайы, бұрын сотталғандығын, қылмыс жасау түрі мен әдісін, жазасын өтеу мерзімі мен орнын, ісі қысқартылғандығын, іздестіруде жүргендігін, қайыр тілеу мен босқындап жүргендігі үшін ұсталғандығын, сыртқы белгілерін, шұғылданған кәсібін, басқа да бейімділігін, мысалы: есірткіге немесе ішімдікке) сипаттайтын мәліметтер;

ә) қандай да бір тәсілмен жасалған, ашылмаған қылмыс ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; сезікті туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;

б) атыс қаруы кімнің атынан тіркелген; ол ұрланған емес пе; қылмысты жасау кезінде пайдаланылған жоқ па;

в) бұл қарудан атылған оқ және табылған гильза немесе патрондар тіркеуде тұрған жоқ па; олар қашан, қайдан және кімнен алынды;

г) осы адаммен қалдырылған және ұсынылып отырған қол саусақтарының іздері тіркеуде тұрған жоқ па; бұл адам туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;

д) танылмаған мәйіт тіркеуде тұрған жоқ па, хабар-ошарсыз кеткен тұлғамен кімнің және қандай адамның сыртқы бейнесі ұқсас;

е) осындай әдіспен жасалған және ұсынылып отырған жалған ақша белгілері тіркеуде тұрған жоқ па; оларды жасаушылар туралы қандай да бір мәліметтер бар ма;

ж) автомотокөлік құралының нақты иесі кім; автокөлік иесіз емес пе; автокөлік қандай да бір жол-көлік оқиғасына қатысы бар ма;

з) ұрланған ретінде көлік құралының техникалық құжаты тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса ол кімнің атында тіркеуде тұр, ұрлануы туралы қандай мән-жайлар бар;

и) жүргізуші қандай да бір жол-көлік оқиғасына қатысты емес пе, ол әкімшілік жауаптылыққа тартылған жоқ па;

к) белгілі бір куәлік ұрланған куәлік ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; бұл куәліктің иесі іздестірілуде ме;

л) мұндай баспаханалық құжат немесе осы әдіс бойынша есірткі заттарын алу үшін жасалған рецепт тіркеуде тұрған жоқ па; осындай құжаттарды жасайтын нақты тұлғалар туралы мәліметтер бар ма;

м) белгілі бір нөмірленген зат немесе оның бөлшегі (бейнекамера, фотоаппарат, ұялы телефон, автокөлік двигателі және т.б.) тіркеуде тұрған жоқ па; оның иесі жайлы қандайда бір мәліметтер бар ма;

н) қандай да бір сыртқы белгілері бойынша жеке басы анықталмаған адам науқас ретінде тіркеуде тұрған жоқ па; қандай да бір белгілері бойынша жеке басы анықталмаған науқас тұлға хабар–ошарсыз кеткендер қатарында тіркеуде тұрған жоқ па; бұл жеке басы анықталмаған тұлға кім (оның қол саусақтарының іздері дактилоскопиялық картотекаларда бар ма);

о) теміржол транспортымен тасымалданған жүктер ұрланған заттар қатарында тіркеуде тұрған жоқ па, егер тұрса, олардың: ұрланған уақыты, табылған жері, ұрлау тәсілі, оның (буып-түйілуін қосқанда) нақты сипаттамасы, қылмыстық істің нөмірі, істі қозғаған орган, заттардың қайдан табылғандығы және кімнен алынғандығы туралы мәліметтер бар ма.

Дәріс






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных