Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Тергеу экспериментінің тактикасы.




Жоспар:

1. Тергеу экспериментінің түсінігі, оның түрлері және міндеттері.

2. Тергеу экспериментіне дайындық жұмыстары.

3. Тергеу экспериментін жүргізгенде қолданылатын тактикалық тәсілдер.

Негізгі ұғымдары: экспериментінің тактикасы, әдіс, тәсіл, тәжірибе.

1.Тергеу эксперименті дегеніміз ол қылмысты оқиғаның кейбір мән-жайларын осы оқиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.

Осы келтірілген тергеу экспериментінің түсінігінен туындайтын негізгі қағидалар: бұл тергеу әрекеті, біріншіден, басқа тергеу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердің шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы тексерілетін құбылыс (әрекет) қылмысты оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, ұқсас жағдайда арнайы сынақ тәжірибелерін жүргізу арқылы өткізіледі. Жүргізілетін сынақ тәжірибелердің қорытындысының объективтігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағдайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдың өзін, тексерілетін іс-әрекетті болған күйі қайталауға болмайды, себебі ондай жағдайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен қатар, тәжірибе арқылы болған оқиға толық қайталанбайды, тек оның кейбір бөлігі, көріністері ғана сынақ тәжірибе жүргізу арқылы қайталанады.

2. Тергеуші экспериментінің құрылымына орай оған әзірлік екі кезеңде – эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі.

Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі әзірлік кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін. жағдайдың өзгерісін анықтап алу керек. Яғни, бұл кезең — мамандармен ақылдасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айтқанда технологиялық тәртіпті реттейтін құжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қайтара жауап алу кезеңдері.

Тергеушінің эксперимент өткізетін жерге шықпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топқа бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы қалпына келтіру; эксперимент өткізуге қатынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдықтарды дайындау.

3. Әр түрлі тергеу экспериментін өткізудің өзінше тактикалық ерекшеліктері бар. Сонымен қатар осылардың бәріне тән жалпы тактикалық нұсқау, ұсыныстар да бар. Олар:

1. тәжірибе өткізуге тым көп адам қатыстырмау керек, себебі артық адамдар бір-біріне бөгет жасап, эксперименттің нәтижелі өтуіне кедергі келтіреді; тергеу эксперименті сол тексерілетін оқиға болған жағдайға ұқсас жағдайда өткізілуі тиіс. Ол үшін:

а) эксперимент тексерілетін оқиға болған уақытта, сондай көріну, естілу жағдайында өткізілуі қажет;

ә) эксперимент егер мүмкікшілік болса сол оқиға болған жерде өткізілуі тиіс. Егер бұл жердің көрінісі және басқа жағдайлары өзгеріп кеткен болса, оны бұрынғы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуі керек;

2. тәжірибе бірнеше рет қайталанып жүргізілуі қажет. Егер тергеу эксперименті үстінде әр тәжірибе бірнеше рет қайталандырылып жүргізілсе, оның барысын, қорытындысын дұрыс анықтап, түсінуге болады. Осы қайталау кезінде тәжірибе күрделі және қарапайым түрде өзгертіліп отырылады.

Қайталап өткізу дегеніміз тек бір тәжірибені бірнеше рет қайталау деп түсінуіміз керек. Егер бір тергеу экспериментін өткізгенде екі, үш, не одан да көп тәжірибе өткізілуі көзделсе, онда әр тәжірибе бірнеше рет қайталануы керек.

Дәріс






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных