Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі ұғымдар : Ұстау , әзірлік, дайындық.




1.Ұстау дегеніміз – қылмысты жасауы мүмкін деген сезікті адамды, оның кінәсі анықталып, айып жариялағанша тұтқынға алуға байланысты кідіртпей жүргізілетін, занда көрсетілген тергеу әрекеті.

Қылмыс үстінде немесе кейін қылмысқа тікелей қатысты қолға түскен, көзімен көргендер, оның ішінде жәбірленушілер, жаңағы адамды қылмыскер ретінде көрсеткен, сезік келтірген адамның денесінен не киімінен немесе оның тұрған үйінен жасалған қылмыстың іздері табылған жағдайда ол адам тұтқынға алынады.

Заң бойынша егер қылмыс жасады деуге негіз болатындай басқа да деректер кездескен, ол адам қашуға әрекет еткен немесе оның тұрақты мекені болмаған, сондай-ақ сезік келтірушінің аты-жөні анықталмаған жағдайда ғана ұсталуы тиіс. Сондай-ақ егер анықтау органдары жедел-іздестіру немесе қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес басқа да шараларды жүзеге асырғанда қылмыс жасаған адам анықталса оның ұсталуы мүмкін.

2. Ұсталуға тиісті сезік тудырушының жеке басын зерттегенде қылмыс жасаған кездегі оның әрекетінің қаншалықты қатыгездігі, қауіптілігі, оның бойында қаруының бар-жоқтығы, бұрын ауыр қылмыс жасаған не жасамағандығы, сондай-ақ бұған дейін «полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен жоқ па, дәл қазір оның осындай әрекетке баруы мүмкін бе², міне осы мәселелердің бәрі егжей-тегжейлі зерттеледі. Осыған қоса, оның күнделікті тұрмыс-тіршілігі, өмір салты, мінез-құлқы, уақытын қайда, қалай өткізетіні, әдетте, қайда, қалай жүріп баратыны, қылмыстық байланысы, т.б. тексеріледі. Аталған әрекеттер ұстау кезінде қылмыскердің қалай әрекет ететінін дәл болжап, соған орай тиімді қимыл жасау, яғни жедел топтың, әрекет мәнерін дұрыс жоспарлау, ұсталатын жер мен ұстау уақытын дұрыс белгілеу, тиімді тактикалык әдісті іріктеу, жедел топтың сандық құрамын дәл анықтау үшін қажет.

Сезік тудырушыны ұстау көзделген жерді зерттеу арқылы жедел топ ұстау кезінде төңіректі еркін болжап, батыл қимылдай алады, топ мүшелеріне нақты жағдайға орай міндет жүктеледі, бақылау нүктесі, көлік қоятын жер белгіленеді, қозғалыстың бағыты анықталады.

3. Ұстаудың тактикалық әдісін ұсталатын жерге орай қарау қалыптасқан. Сонымен қатар, қылмыскердің алдын ала әзірлік жүргізу арқылы және жағдай талап еткендей, ешқандай дайындықсыз-ақ ұсталатынын естен шығаруға болмайды.

Алдын ала әзірлікжүргізу арқылы қымыскер ашық жерде, қоғамдық орындарда, айталық, мейрамханада, мәдениет орындарында, адам көп жиналатын сәулетті ғимаратгарда, қылмыс жасалған жерге барар жолда, ұрланған мүліктер жасырылған жерде, қылмыс жасалған жерде, жұмыс орнында, тұратын мекен-жайында ұсталуы мүмкін.

Қылмыскерді ашық жерде кенеттен ұстаған жеңіл. Өйткені ол құқық қорғау органдарының қызметкерлерін көпшіліктің арасынан айыра алмай қалады. Дегенмен, сонымен бірге, мұндайда қылмыскердің қарулы қарсылық көрсетуі, сөйтіп, айналадағы адамдардың өміріне қауіп төндіруі мүмкіңдігін де ескерген жөн. Сондыктансезік келтірушініңоқшауланып, жеке шыққан сәтін пайдаланып кенеттен қолғатүсіру керек. Ол үшін полицияның кем дегенде үш қызметкері сезіктелушіге жақындап, оған ойда жоқта тап береді де, оны қарусыздандырады, ал үшіншісі қаруын әзірлеп, қандай жағдайға болсын дайын тұрады. Өйткені, қылмыскер қарсы қарулы әрекет жасауы немесе бойындағы заттай дәлелдемелерді, құжаттарды жоқ қылып жіберуге тырысуы әбден мүмкін. Мұндайда, әрине қылмыстының күш-қайратьш алдын ала ескеріп. оған сан жағынан да, айла жағынан да басым күшті жұмылдыру қажет.

Бір топ қылмыстыны ашық жерде ұстау үшін де жеке қылмыстыны ұстағандай әдіс колданылады, тек одан өзгешелігі әр қылмыскерді ұстауға жедел топтың жеке арнаулы қызметкері бөлінеді. Жедел топтың жетекшісі, мейлінше, ұтымды сәтті күтіп, сол сәт соққанда қимылға кірісуге бұйрық береді. Оның қарауында кез келген уақытта көмекке ұмтылатын қосымша күш әзір тұрады.

 

Дәріс






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных