Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Криминалистикалық болжаулар және тергеуді жоспарлау.




Жоспар:

1. Тергеу болжауының және тергеу жоспарының түсінігі, олардың өзара байланысы.

2. Тергеу жоспарының негізгі қағидалары, элементтері және жоспар жасау техникасы.

3. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы.

Негізгі ұғымдар: Болжаулар, жоспарлау,схема.

1. Болжаудың мазмұны және мағынасына байланысты тергеу болжауы жалпы және жеке болып екі түрге бөлінеді. Жалпы болжау — ол нақты қандай қылмыстың болғандығы жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Айталық, оқиға болған жерде мәйіт табылған жағдайда тергеуші осы оқиға жөнінде мына төмендегідей болжаулар жасай алады: жәбірленушіні біреу қасақана өлтірді, абайсызда өлтірді, не өзін-өзі өлтірушілік. Атап айтқанда, мұндай жалпы болжауда қандай қылмыс жасалғандығы жөнінде белгілі бір пікір туындайды. Осы жасалған жалпы болжаудың әрқайсысынан сұрақтар туындап, олар жөнінде жеке болжаулар жасалады. Мысалы, қылмысты белгілі бір адамның жасағандығы, қашан, қай мезгілде және қандай қару пайдаланғандығы жөніндегі, т.б. сұрақ-болжаулар. Осындай шығармашылық талдаудан туындаған тергеу болжауларының бәрі бірдей тексерілуі қажет. Бастапқы кезде жасалған болжаулардың қайсысы дұрыс екенін біліп аңғаруға болмайды. Сондықтан жасалған болжаулардың бәрін бір кезекте қосарлы түрде тексеріп анықтау керек. Егер тергеуші осы сәтте шындыққа жатады деп тапқан бір болжауды ғана тексерумен айналысса, кейін ол болжау бекітілмей қалған жағдайда, басқа болжаулардың тексерілуін кешіктіріп алады.

Сонымен тергеу болжауы дегеніміз тергеудің белгілі бір кезеңдерінде туындаған жағдайларға, жиналған айғақты дәлелдемелерге негізделген қылмыстың түрі, оның болу тетігі және қылмыстың басқа да мән-жайлары жөніндегі тергеушінің ой-пікірі. Қылмыстық іс бойынша жасалған болжауларды және одан туындайтын сұрақтарды шешу үшін арнайы тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру және басқа да анықтама жұмыстарын жүргізу керек. Бұл жүргізілетін жұмыстар белгілі бір кезекпен, тәртіппен, жоспарлы түрде өткізілуі керек болғандықтан, анықталатын сұрақтарды, тергеу шараларын толық қамтитын тергеу жоспары жасалады. Тергеу жоспарын осы тұрғыдан алып қарастырсақ, ол негізінен тергеу болжауын тексеріп, анықтауға бағытталған жоспар екендігі айқын көрінеді. Сонымен тергеу жоспарының логикалық негізі – тергеу болжаулары. Тергеу болжауларының, оны тексеруге бағытталған тергеу жоспарының жалпы бір шығармашылық жұмыстың бірімен-бірі байланысты екі сатысы екендігі, міне, осымен сипатталады. Тергеушінің шығармашылық ой-пікірі, осыған байланысты жасалған болжаулары қағазға жоспар арқылы түсіп, жоспарда көрсетілген тергеу шараларын жүргізу арқылы жүзеге асады.

2. Тергеу жоспарын жасау белгілі бір қағидаларға негізделеді. Жоспарды жасау үстінде тергеушінің міндетті түрде ескеретін шартты қағидалары бар. Олар: жоспардың жекелігі, нақтылығы, серпінділігі, жоспарланған шаралардың іске асу айқындығы, заңдылығы және қолайлылығы.

Жоспардың жекелілігі дегеніміз ол жоспардың тіке осы қылмысты ашуға, іске керектігі не осы іске байланысты сұрақтарды анықтауға бағытталуы және қылмыстық істі жүргізу үстінде жиналған дәлелдемелерге негізделуі. Анықталатын сұрақтарды, жүргізетін тергеу әрекеттерін және басқа да ұйымдық жұмыстарын тергеушінің тіке өзінің жоспарлауы оның бұл бағыттағы жұмысын шығармашылық арнаға түсіреді, сонымен қатар тергеушінің жауапкершілігін арттырады.

Тергеу жоспарының нақтылығы дегеніміз – ол анықтауға жататын сұрақтардың түсінікті және анық болуы, осы сұрақтарды шешу жолдарының нақтыланып көрсетілуі. Жоспарда жалпы және декларативті сипатта көрсетілген тармақтардың болмауы шарт. Егер де іс бойынша анықталуға жататын жалпы сұрақтар болса, олар нақтыланып, анықталып көрсетілуі тиіс. Сұрақтардың анық көрсетілуі оларды тез арада шешіп, анықтауды жеңілдетеді.

Жоспардың серпінділігі (динамикалық қағидасы) ол тергеудің әр кезеңінде әрқилы тергеу ситуациясына сай өзгеріп тұруы. Тергеу процесі құбылмалы, әр уақытта өзгеріп отыратын процестердің қатарына жатады. Тергеу үстінде, әрине, бұрын жоспарды құрғанда белгілі болмаған мәселелердің, сұрақтардың туындауы мүмкін. Осылардың бәрін дер кезінде жоспарға кіргізіп жасалған тергеу жоспары толықтырылып, өзгертіліп отырылады. Сондықтан болған өзгерістерді дер кезінде енгізіп, қосып отыруға тергеу жоспары бейімді болу керек. Тергеу жоспарын құрғанда оған іс жүзінде анықтауға болатын сұрақтарды және белгілі мерзімде нақтылы орындауға мүмкін жұмыстарды, тергеу шараларын кіргізу қажет. Бұл жоспардың нақты орындалуын қамтамасыз етеді.

3. Қылмыстық Іс Жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші заңда көрсетілген тергеу әрекеттерін өткізу арқылы әр қозғалған іс бойынша қылмыстың мән-жайын анықтап, жасалған қылмысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші тек заңда көрсетілген әрекеттерді жүргізу арқылы, өзінің күшімен ғана бұл заңда көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеушінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың қызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған қылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде бұл органдардың қызметкерлеріне арнайы нұсқаулар беру жайындағы өкілеттігі заңда көрсетіліп, бекітілген. Тек жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында анықталған мәліметтерді және осы органның басқа да мүмкіншіліктерін толық пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының бірлесіп істеуі арқылы қылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті заттай дәлелдемелерді толық жинап алуға болады. Қандай қылмысты тергегенде болсын бұл екі органның алдында тұрған тағы бір міндет – ол қылмысты алдын алу, қылмысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қолдану. Осындай ортақ міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айтқанда, бір мекеме шеңберінде болуы олардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы ұйымдық тактикалық жұмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.

 

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Криминалистика. Оқулық / Жәкішев Е.Ғ., Исаев Ә.А., Найманова Г.Х.

Алматы: Жетi жарғы, 2006.- 520бет.

2. Аверьянова Т.В., Белкин Р.С., Бородулин А.И. и др. Криминалистическое обеспечение деятельности криминальной милиции и органов предварительного расследования /Под ред. проф. Р.С.Белкина. - М., 2000г.

3. Аверьянова Т.В., Статкус В.Ф. «Эксперт» - Руководство для экспертов органов внутренних дел. М., 200З

 

Қосымша әдебиеттер:

1.Алиев Р.М. Расследование уголовных дел налоговой полинией. Учебно-практическое пособие. - Алматы, ТОО «Аяи Эдет», 2000г.

2. Аубакиров А.Ф. История становления криминалистических зианий в Казахстане. В сб. Научные труды Высшей школы «Эділет». Алматы,2002г.

3. Арыстанбеков М.А., Шакенов А.О. Криминалистика. Оку-әдістемелік кұрал. - Қарағанды, 2003.

4. Аубакиров А.Ф. Криминалистическая экспертиза машинописных текстов. Караганда, 1991 г.

5. Аубакиров А.Ф. «Криминалистическая цифровая фотография»,Алматы, 2003

6. Ахпанов А.Н. Проблемы уголовно-процессуального принуждения в стадии предварительного расследования. - Алматы,1997г.

7. Баев О.Я. Криминалистическая тактика и уголовно-процессуалышй закон. Воронеж, 1991г.

8. Баев О.Я. Конфликтные ситуаиии на предварительном следствии. Основы размещения и предупреждения. - Воронеж,1992г.

9. Бандура О.А., Лукашевич В.Г. Криминалистическая версия: гносеологический, логический и психологический аспекты. - Киев, 1994 г.

10. Бахин В.П. Следственная практика: проблемы изучепия и совершенствования. - Киев, 1994 г.

11. Белкин Р.С. Эксперимент в следственной, судебной и экспертной практике. -М. «Юристь», 1997г.

12. Белкин Р.С. Курс криминалистики в 3 т., т. 1 - М., «Юристь»,1997г.

13. Белкин Р.С. Очерки криминалистической тактики. - Волгоград,1993г.

14. Белкии Р.С., Аубакиров А.Ф., Бясаров Э.О., Бычкова С.Ф., Виницкий Л.В., Гинзбург А.Я.. Джакишев Е.Г.ДІоврезнкж Г.И. Криминалистическая энциклопелия. - Алматы, 1995г.

15. Белкии Р.С. "Криминалистика" 1 том. М., 1987 г.

16. Белкин Р.С. «Криминалистика». М., 1999

17. Белозеров Ю.Н., РябокоІІь В.В. Производство следственных деііствий. -М.,1990г.

18. Беляев Г.А., Калашников А.Н. Методы технико-криминалистического исследования документов - Волгоград, І987г.

19. Быков В.М. Преступная группа: криминалистические проблемы. - Ташкент, 1998г.

20. Бычкова С.Ф., Гиизбур А.Я. Следственные действия. Краткий комментарий к УПК Республики Казахстан. - Алматы, ТОО «Аян Эдет». 2000г.

21. Васильев А.М. Тактика отдельных следственных дейстыий. - М, «Юрид.лит.», 1981г.

22. Виницкий Л.В. Освидетельствование иа предварителыюм следсівии. -Смоленск, 1999г.

23. Виницкий Л.В. Осмотр места ироисшесгвия: организационные, Процсссуальные и гактические вопросы. - Караганда, 1989г.

24. Возгрин И.А. Криминалистическая методика расследования преступлении. -Минск, 1989г.

25. Белкин Р.С., Аубакиров А.Ф., Басаров Э.О., Бычкова С.Ф., Виницкий Л.В., Гинзбург А.Я., Джакишев Е.Г.,Поврезнюк Г.И. Криминалистическая энциклопедия. - Алматы, 1995г.

26. Гинзбург А.Я.,Белкин А.Р. Криминалистическая тактика. Учебник, Алмагы, 1998г.

27. Гинзбург А.Я., Поврезнюк Г.И., Калинин А.В. Справочник следоваля. Алматы, 1998г.

Нормативтік – құқықтық актілер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

2. ҚР құқықтық реформаның Мемлекеттік Бағдарламасы.

3. Қазақстан Республикасының жедел іздестіру кызметі туралы Заңы. 1994.

4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. 1998.

5. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. 1998

 

 

1 Аралық бақылау коллоквиум сұрақтары:

1.Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және әдістемелік негіздері.

2.Криминалистикалық индентификация және диагностика.

3.Трасалогия.

4.Адамның трасологиялық іздері.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2025 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных