Негізгі түсініктер
MatLab жұмыс ортасы төмендегі (1-сурет) негізгі терезелерден тұрады.

1-сурет. MatLab жұмыс ортасы
MatLab жұмыс ортасы келесі элементтерден тұрады:
- Меню қатары;
- Саймандар панелі қатары;
- ToolBox ортасының әр түрлі модульдеріне, жұмыс орнының мазмұнына байланыс жасау үшін Launch Pad және Workspase бөліктері бар терезе;
- Нәтижені көруге және алдыңғы енгізілген командаларды шақыруға арналған және де ағымдық каталогты орнататын Command History және Current Directory терезелері;
- Ағымдық курсор мен енгізуге шақыру белгісі бар командалық терезе;
- Қалып күй қатары;
Егер 1-суреттегі терезелер жоқ болса, меню қатарындағы View командасынан қажет пункттерді алуға болады: Command Window, Command History, Current Directory, Workspase, Launch Pad. Орындалатын командаларды командалық терезеде теру қажет. >> белгісін терудің қажеті жоқ. Жұмыс облысында Home, End, PageUp, PageDown клавиштер арқылы қатар басына, соңына, бет басына, соңына өтуге болады. MatLab программасы нәтижені есептесін десек кез келген команда немесе өрнек соңында Enter клавишасы терілуі қажет. MatLab бағдарламасы осы команданы орындауы үшін немесе есептелуі үшін кез келген командадан кейін Enter клавишасын басылуымен аяқталатынын есте сақтау маңызды.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|