ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Шөлшемді графиктерді тұрғызуMatLab-тың кеңістіктегі графиктік мүмкіндіктері үлкен. Онда үш өлшемді графиктер сызу үшін негізінен plot3, mesh және surf функциялары қолданылады. Олардың ішінде ең қарапайымы plot3 функциясы. Айталық z=f(x,y) функциясының графигін сызу керек болсын. Ол plot3(x,y,z) функциясы арқылы орындалады. Әрине бұл функцияны қолданудан алдын x,y және z-тің мәндері анықталған болуы тиіс. Мысалы: >> x=-1:0.1:1; >> y=-2:0.2:2; >> z=exp(-x.^2-y.^2); >> plot3(x,y, z) >> grid on командаларын орындау нәтижесінде z=e-x2-y2 функциясының графигі сызылады. Суреттен көрініп тұрғандай, мұнда график кеңістіктегі бір сызық түрінде сызылады (8-сурет). Ал кеңістіктегі фигура түріндегі графикті сызу үшін mesh және surf функциялары қолданылады 8-сурет. z=e-x2-y2 функциясының графигін plot3 функциясын қолданып сызу.
Мысалы, z=sin(x) функцияның графигін -4≤х≤4, -3≤y≤3 аралығында сызу үшін төмендегі командаларды береміз. (9-сурет) >> u=-4:0.1:4; >> v=-3:0.1:3; >> [x,y]=meshgrid(u,v); >> z=sin(x); >> mesh(x,y,z) 9-сурет. z=sin(x) функциясының графигін mesh функциясын қолданып сызу. Ал толық боялған график сызу үшін mesh(x,y,z) орнына surf(x,y,z) функциясын қолдану керек. Сонда келесі графикті аламыз. 10-сурет. 10-сурет. z=sin(x) функциясының графигін surf функциясын қолданып сызу.
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|