ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
MatLab жүйесінің арнаулы графикасыMatLab-тың арнаулы графикасы айнымалылар арасындағы функционалдық байланыстық емес, ал көп сандық жинақталған мәліметтерді визуалдау үшін қолданылады. Солардың бірі bar функциясы. Мысалы: >> x=[4 1 8 3 7 4]; >> bar(x) Мұнда келесі диаграмма сызылады (5-сурет): 5-сурет. bar функциясының қолданылуы. Массив элементтерін графикалық кескіндеудің тағы бір түрі – бұл ұшында дөңгелектері бар тік сызықтар. Ол stem(x,y) функциясы арқылы сызылады. Әдетте ол эксперимент нәтижелерін кескіндеуде қолданылады. Мысалы: арксинус функциясының stem графигі >> x=-1:0.1:1; >> y=asin(x); >> stem(x,y) командалары арқылы сызылады (6-сурет). 6-сурет. stem функциясының қолданылуы. Ал дененің белгілі бір траектория бойынша қозғалысы MatLab-тың динамикалық визуалдау құралы comet (комета) функциясы арқылы орындалады. Мысалы, t 0-ден 20-ге дейінгі аралықта өзгеруі кезіндегі шеңбер бойымен қозғалысты төмендегіше көрсетуге болады: >> t=10:0.1:20; >> x=cos(t); >> y=sin(t); >> comet(x,y) командалары арқылы сызылады (7-сурет) 7-сурет. comet функциясының қолданылуы. MATLAB жүйесі графикасының негізгі мүмкіншіліктері:
Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|