Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кластар иерархиясын жазу 1 страница




Глоссарий

2. Дәрістер

3. Практикалық және зертханалық сабақтар

4. Студенттің өздік жұмысы

 


 

Глоссарий

Бұл ОӘМ-да келесі терминдер және оларға түсініктемелер қолданылған:

 

1. Веб-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.
Контент – веб-беттерде орналастырылған ақпараттар.

2. URI беттер – Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі.

3. Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері.

4. ҒТР-сервер деп FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер аталады

5. Әдістеме –мәселелерді шешу әдістерінің жиынтығы.

6. Принцип – бұл ереже. Принциптер жиі шексіздіктер мен талаптар түрінде көрсетіледі.

 

 

2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы:

Дәріс №1. Web-технологияларға кіріспе

· Web-технологиялар

· Ерекшеліктері

· Артықшылыұқтары

Негізі Web, Веб, Internet, Интернет – сөздерін синоним деп те қарастыруға болады.

Веб-технологиялар – Интернет желісін қолданып пайдаланушылармен бірге жұмыс істеуді ұйымдастыру есептерін шешудің техникалық, коммуникациялық, программалық әдістер кешені.
Анықтама. Контент – веб-беттерде орналастырылған ақпараттар.
Анықтама2. URI беттер – Интернет желісіндегі беттің уникалды адресі.
Мысал: http://www.yandex.ru/all_services.html
URI –ға енеді:

1. Ресурсқа қол жеткізу әдісі, яғни хаттамасы (http).

2. Ресурстың желілік адресі(www.yandex.ru).

3. Сервердегі файлдың толық жолы (all_services.html).

Ерекшеліктері

Web-технологиялардың өзін ақпаратпен жұмыс істеу концепциясы деп алуға болады. Оның мынадай ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады:

  • Web-технологиялардың техникалық негізі – локальды және глобальды желілер, көбіне Интернет
  • Клиенттердің ерекше типін пайдалану: web-браузерлер (браузерлердің типі мен тарихы, қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна)
  • Ақпараттық көздердегі өзгерістер публикацияларда бірден бейнелене алады;
  • ақпаратты тұтынушылар саны шектеусіз;
  • публикацияларда басқа публикацияларға берілген сілтемелер орны мен материалдар көзіне тәуелсіз түрде беріле алады;
  • іздеу машиналардың белсенді жұмысы (іздеу машиналардың тарихы, рөлі мен қазіргі жағдайын өздігінен оқуға беремін. P.S. Гульмира Жумагалиевна);
  • контентті беру мен тираждау тегін.

Артықшылықтары

Web-технологиялар ақпаратты жеткізу құралы ретінде адам мен компьютер арасындағы әмбебап интерфейс болып табылады. Әр адамға жазбалар, тақырыпшалар, сілтемелер мен картинкалар ұғынықты. Веб-интерфейс ақпаратты алу құралы ретінде түсінікті. Интернеттің коммуникациялық арна ретінде кең ауқымды пайдаланылуы веб интерфейстің қарапайым екендігін көрсететіні даусыз. Браузер – веб-беттерді көруге арналған программа. Браузерлер – казіргі компьютерлер жабдықталған проограммалар. Кең тараған браузерлер: Internet Explorer, Firefox, Opera, Safari, Chrome.

Дәріс №2-4. «Жүйе» терминінің түсінігі. Клиент-сервер архитектурасы. Провайдерлер және олардың жүйелері.

· «Жүйе» терминінің түсінігі

· Компьютер-серверлер және компьютер-клиент

· Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер

· Провайдерлер және олардың желілері

· Провайдерлердің желілерін біріктіру

Интернет сөзі Interconnected networks (байланысқан жүйелер) терминінен шыққан, яғни техникалық көзқараспен – бұл кіші және ірі желілер бірлестіктері. Кең мағынасында — бұл бір бірімен мәліметтермен алмасатын жер жүзіндегі миллиондаған компьютерлер арасында бөлінген ақпараттық кеңістік. Көбіне Интернет сөзімен Желінің информациялық құрамын түсінеді. Интернет – бұл өзіне уникальды жетістіктерді толығымен жинаған технология. Интернет сонымен қатар ең күшті және тәуелсіз ақпарат қоры, байланыстың сенімді және оперативті тәсілі, жер жүзіндегі миллиондаған адамдардың шығармашылық түрде өзін-өзі көрсету және ақпараттық технологияларды дамыту негізі болып табылады.Интернеттің басты тапсырмасы бұл – әр тәуліктік, жоғары сенімді байланыс. Интернетке қосылған кез келген екі компьютер (немесе басқа құрылғылар) бір-бірімен кез келген уақытта хабарласа алады. Ары қарай “Желі” сөзін қолданғанда Интернет сөзіне синоним ретінде Желімен интернет арқылы екі компьютерді байланыстыру мүмкіндігін және олардың өзара байланысын қамтамасыз етуді түсінеміз. Интернетке қосылған әрбір компьютер – бұл Желінің бір бөлігі.

Компьютер-серверлер және компьютер-клиент

Интернетке қосылған барлық компьютерлерді екі типке бөледі, олар:серверлер және клиенттер. Бір компьютерде серверді де және клиентті де орнату мағынасында бөлу онша қатаң жүргізілмейді. Жергілікті компьютерде Web-сервер орнатылуы мүмкін және осыған қарамастан, дәл осы компьютерде браузермен және почталық клиентпен де жұмыс жасауға болады.Басқа компьютерлерге анықталған сервис ұсынатын компьютерлерді серверлер (ағыл., to serve – қызмет көрсету) деп атайды, ал осы сервисті қолданатындар — клиенттер. Көп жағдайларда үйдегі клиенттік компьютерлерде әр уақытта Интернетке кіруге мүмкіндігі болмайды, сондықтан Желіге тек керек уақытта ғана қосылады. Керісінше, компьютер-серверлер мәліметтерді берудің жоғары жылдамдықты арналары арқылы Интернетпен байланысқан, сондықтан оларға сұраныс арқылы хабарласуға болады.

Қосымша-серверлер және қосымша-клиенттер

Компьютерлерді серверлер мен клиенттер деп атағаннан гөрі, оларды бағдарламалық қамсыздандыру деңгейіндегі клиенттер немесе серверлер деп атаған жөн. Бір бағдарлама клиент есебінде, ал екіншісі сервер есебінде іске қосылатын қосымшалардың өзара байланысы клиент-сервер архитектурасы деп аталады.Сервердің басты тапсырмасы – сервиске қайсыбір клиент сұраныс жібермейінше әр кезде жұмыс жасап және күту жағдайында болу болып табылады.Серверде сұраныстардың көптігінен оның жұмысы баяулап және белгілі бір сұраныстарға қызмет көрсетуді тежейді. Серверге сұраныс белгілі бір протокол шегінде болады – бұл Желіде компьютерлер арасында байланысты қамтамасыз ететін стандарттар жиыны. Серверлік бағдарламалар клиенттік бағдарламаларға қызмет көрсету үшін компьютердің аппаратты ресурстарын қолданады. Клиент-бағдарлама сұраныс құрып, оны Желі арқылы белгілі бір адреске жібереді және алдын ала белгіленген протокол арқылы сервер-бағдарламамен өзара байланысады. Сол бір компьютерде бірнеше серверлік бағдарламалар орналаса алады. Клиенттік қосымша серверлік қосымша орналасқан компьютерде де, сонымен қатар, серверден керегінше жойылған компьютерде де орналаса алады, бірақ олар Желімен байланысса, бұл айырмашылық тек уақыт бойынша жауаптың кідіруіне сәйкестеледі.

Әрбір сервер-бағдарламаның типі үшін өзіндік клиент-бағдарламасы бар. Осылай, Web-клиент Web-серверге, почталық клиент – почталық серверге хабар береді және т.б. Серверлік бағдарлама әрқашан сұранысты орындауға дайын болу керек және сондықтан да сервер-бағдарлама жұмыс жасайтын компьютерлерге сенімділікке және өнімділігіне байланысты жоғары шарттар қойылады. Клиенттік компьютердің жұмысының тұрақтылығы бір адамның жұмысына әсер ететіндіктен, олардың жұмысына сенімділігіне байланысты аз талаптар қойылады, ал аппаратты сервердің жұмысының сенімділігіне байланысты көптеген клиенттердің жұмысының жүргізілуі тәуелді болады. Жоғарыда көрсетілген тәсіл (клиент-серверлік архитектура) дербес компьютердің қолданушысына өзінің жұмыс үстелінен Интернетке қосылған миллиондаған серверлердің ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Провайдерлер және олардың желілері

Интернетке қарап, біз интернет-провайдерлердің қызметтерін пайдаланамыз және ISP(Internet Service Provider – Интернет қызметін жеткізуші). Көбіне ISP – бұл өзіндік желісі бар арнайы ұйым (магистральды деп аталады), оған клиенттердің көптеген саны қосылады. Провайдердің желісі ғаламның кез келген нүктесімен байланысуды қамтамасыз ететін жер жүзінің басқа да желілерімен байланысуы мүмкін. Қалыпты жағдайда ISP-провайдерлер – бұл белгілі бір аймақтарда өзіндік орналасу нүктесі (POP — Point of Presence) бар ірі компаниялар, бұл нүктелерде клиенттерінің Интернетке қосылуын қамтамасыз етуге арналған провайдердің аппаратты қамсыздығы. Ірі провайдердің әртүрлі қалаларда өзінің орналасу нүктесі мен мыңдаған клиентері болады. Бірнеше қалаларда орналасу нүктелері бар провайдерлермен қатар, бір қалада орналасу нүктесі бар провайдерлерді де атап көрсетуге болады. Телефон линиясы арқылы ISP мен байланысуды ұйымдастыру: ДК қолданушысы драйверге хабарласады және модем жинақтарының ішіндегі провайдер модемдерінің бірімен байланыс орнатады (модемді пул деп атауға болады). Қолданушы өзінің ISP не қосылғаннан кейін, ол оның желісінің бір бөлігі болып табылады. Провайдер өзінің серверінде клиенттерге әртүрлі қызмет көрсете алады: электрондық почта (e-mail), желілер жаңалықтары (Usenet) және т. б. Провайдердің магистральды желісін көбіне тіректі желі немесе бэкбоундеп атайды (ағыл. Backbone — қырат). Провайдер желілері көптеген клиенттерге қызмет көрсететіндіктен, оның жоғары жылдамдықты желісі болуы және жоғары трафикті қамтамасыз етуі керек (желі бойымен берілетін мәліметтер көлемі). Өзінің барлық орналасу нүктелерін біріктіру үшін, провайдер ірі коммуникациялық компаниялардан жоғары жылдамдықты арналарды жалға ала алады, сонымен қатар, өзінің арналарын тарта алады. Ірі коммуникациялық компаниялардың өздерінің жоғары жылдамдықты каналдары бар.

Провайдерлердің желілерін біріктіру

Кейбір провайдерлердің клиенттері, мысалы, ISP-A бір бірімен өздерінің жеке желілері арқылы өзара байланысады, ал басқа ISP-В компаниясының клиенттері өздерінің, бірақ егер ISP-A және ISP-B желілерінің арасында байланыс болмаса, онда А компаниясының клиенттері және В компаниясының клиенттері бір бірімен байланыса алмайды. Өздерінің клиенттерін бір желіде біріктіру мақсатында А және В әр қалада желілік кіруді (NAP — Network Access Points) қамтамасыз ететін нүктелер арқылы өз араларында тікелей байланысты орнатады. Осылайша, басқа провайдерлердің магистральды желілеріне қосылу құрылады, нәтижесінде жоғары деңгейлі көптеген желілердің бірігуі болады.

Интернетте жүздеген ірі интернет-провайдерлер орналасады және олардың магистральды желілері NAP арқылы әр түрлі қалаларда жасалады, және мәліметтердің үлкен ағыны NAP-түйіннің әр түрлі желілері арқылы таралады.

Үлкен және кіші желілердің бірігуі (Интернетті құрайтын) негізінде шартты келісімдер жатады. Әрбір клиенттің белгілі бір ISP пен өзінің компьютерін немесе жергілікті желісін провайдер желісіне қосу туралы келісім шарты бар. Кейбір ISP-A провайдерлердің клиенттері ISP-A желісіне қосылу туралы келісім құрайды, өз кезегінде ISP-A ISP-B мен желілерін біріктіру туралы келіседі және солай жалғаса береді..

Дәріс №5-6. INTERNET ЖЕЛІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ПРИНЦИПТЕРІ

· Интернет негізгі қызметі

· ТСР/ІР жүйелік хаттамасы. IP – адрестер, URL – адрестер.

· Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі.

· Internet Explorer – WWW – ке арналған браузер. Internet Explorer бағдарламасының негізгі принциптер.

· WORLD WIDE WEB – жүйесімен қатынас құру тәсілі

 

Интернет негізгі қызметі

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әркашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әр түрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептеулер бойынша екі миллиондай компьютсрмен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC(Internet Society — Internet коғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мұнда таңданарлық еш нәрсе жоқ.. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

Аздаған тарихи дерекгер мен статистикалық мәліметтер

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70-жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінін APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол — желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең, үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET -тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

INTERNET -пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET -ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:

- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);

- тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);

- почталық байланыстар.

ТСР/ІР жүйелік хаттамасы. IP – адрестер, URL – адрестер

Бұл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық. Тұрақты қосылып тұратын байланыс -мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР желісіне қосылған (Transmission Control Protocol/ Internet Protocol - жеткізуді басқару протоколы/интержелі протоколы) түрінде болады, бұл INTERNET -тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютср мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.

Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET -ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьготері) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен INTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компаниясының компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере (алады) береді.

Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, Point-to-Point Protocol немесе РРР деп аталады (Serial Line Internet Protocol — тізбекті желі үшін Internet хаттамасы, Compessed Slip — тығыздалған Slip, Point-to-Point Protocol — "нүкте-нүкте" хаттамасы). Ал XRemote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.

Почталық байланыс. INTERNET -пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe болып келген компьютерлер бірден Іпіетеі-пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын INTERNET -ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде почта адресі аддына INTERNET деп жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей (network gateways) деп аталады, олар INTERNET желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

INTERNET -пен қатынас құру

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Transfer Protocol — FТР). Практикада FТР немесе ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FТР жүйесі қолданылатынын білдіреді. FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. Көптеген FТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әр түрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретіндс әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын (nameid) және/немесе паролін (password) білу қажет болады.

FТР-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:

ореn ftp.геlсоm.su nаmеіd раsswоrd — FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

ореn FTP -сервермен қатынас құру сұранысы;

ftp.relcom.гsu — РТР-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;

nаmеіd — пайдаланушының кіру аты немесе anonimus;

раsswоrd — сұраушы адамның паролі немесе оның почталық (Е-таіІ) адресі;

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:

һеLр — сервер командалары бойынша анықтама беру;

quit: — сеансты аяқтау.

Пароль мен атау дүрыс болса, катынас құру құқығына
байланысты командалар орындауға болады. Олардың
құрамына мыналар кіреді:

cd каталог аты — каталогты ауыстыру;

cd.. — жоғарғы деңгейден каталогқа кайту;

get файл аты — ҒТР-серверден файл алу;

binary — екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, сот, аг]), гаг, іаг, 2Ір жәш т. б.)

dіг — ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.

ҒТР-сервермен байланысу сеансықда пайдалануга болатын командалар жиынтығын НЕLР командасы арқылы алуға болады.

ҒТР-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.

сd риb — барлық ҒТР-серверін пайдаланушыларға ашық РАВ каталогын (директориін) пайдалану;

dir — сол каталог файлдар тізімін беру;

get 03ndex.txt — ҒТР-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;

bіnагу — екілік файлдарды өңдеуге өту;

get fаг 140.ziр — ЕТР-серверден екілік файл алу;,

guit — ҒТР-серверден ажырау (байланысты үзу).

Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп тұр. Ал егер әр түрлі каталогтардан файлдар алу керек болса және олар ішкі дсңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзак 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.

 

Атаулар мен ресурстар көрсеткіштерінің домендік жүйесі

Netscape Nаvіdаtог және Іntегnеt Ехрlогег тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде Місгоsoft Іntегnеt Ехрlогег 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен ftp:// ftp.ге1соm.ru қатынас құру сеансын талқылап шығайық.

Браузерді іске қосу үшін жүмыс столынан немесе есептер тақтасынан Іntегnеt Ехрlогег пиктограммасын табу қажет (29.1.сурет), соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.

Іntегnеt Ехрlогег -ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас кұру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда үш терезегс мәліметтер енгізілуі тиіс Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (Бұлар сізге провайдер-компания арқылы Іntегnеt -ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады. Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас құрған программаның бірнеше терезелері шығады. Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.

Егер барлық әрекеттер дұрыс орындалса, экранға Іntегnеt Ехрlогег терезесі шығады. Одан әрі жұмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.

Алдымен "Адрес" өрісін карастырайық, Бұл өрісте FTP адресі былай теріледі: ftp://ftp.relcom.ru

Адрес терілген соң, "Еntег" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер кажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышқанмен орындалады.

 

Internet Explorer – WWW – ке арналған браузер. Internet Explorer бағдарламасының негізгі принциптер

Internet ішінен керекті информацияны іздеп табуға мүмкіндік беретін тағы бір мүмкіндікті қарастырып өтейік. Word wide web(WWW, /Web), яғни "дүниежүзілік өрмек" информация іздеп бүкіл дүние жүзіне "электрондық саяхат" жасайтын гипермәтіндік жүйе болып табылады. Қазіргі кездегі әр түрлі информация алуға болатын ең кең тараған жүйе ретінде, WWW ессптеледі. Internet -тің қалған бөліктерінш гөрі WWW жүйесін пайдалану жеңіл, әрі ыңғайлы.

Мұнда бір-бірімен байланысқан сездер тізбекше арқылы іздеу жүргізілсді. Өзіңізге керекті тақырыпты таңдап алып, соған байланысты информацияны қарап шығасыз, сол информация ішінен тағы бір тақырыпты тандап алсаңыз, соған байланысты ғана мәліметтерді оқи бастайсыз. Осылай бір тақырыптан екіншісіне ауысып қарап шығасыз, бірақ, қажет болса, кейін оралуыңыз да қиын емес.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных