ТОР 5 статей: Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы КАТЕГОРИИ:
|
Кластар иерархиясын жазу 3 страница< META HTTP-EQUIV=”Keywords” CONTENT=”Plasma, Nuclear Physics”> Осындай қолдану кезінде почтаны жіберуге ыңғайлы болу үшін, HTTP-пакет тақырыбында мынадай жолдар қосылады: Keywords: Plasma, Nuclear Physics. Құжат денесінің тегі. Құжат денесінің тегі интерфейстік қолданушы программасында ақпаратты көрсетуді басқарады. Олар мәтінде тізілген контекстік гипермәтіндік сілтеме көмегімен деректер базасының гипермәтіндік құрылымын бейнелейді. Құжат денесі тұрады: -иерархиялық контейнер және заставка; -тақырыптар (Н1-Р6 дейін); -блоктар(параграфтар, тізімдер, формалар, кестелер, суреттер және т.б.); -көлденеңінен белгілеп алу және адрестер; -мәтіндер, стильдерді жүргізу облыстарына бөлінген(сызылған, белгіленген, курсивті); -математикалық бейнелеу, графиктер және гипермәтіндік сілтеме; BODY Құжат денесінің тегін бейнелеу BODY тегі арқылы бастап жазылады. HEAD тегінен айырмашылығы, BODY тегі атрибут қабылдайды: ID-тег идентификаторы. Тегті атау үшін, сол сияқты гипермәтіндік сілтеме бойынша нүктелік ауысу түрінде қолданылады. Берілген атрибут құжат бетінің барлық тегінде бар. LANG-екісандық ISO-639 код түрінде құжат тілін анықтайды, нүктеден кейін міндетті емес ISO-3166 форматында қала коды алынады. Тіл стандартын құраушылардың ниеті бойынша берілген атрибут түсіндіру программасын тану және көптілді мәтінді бейнелеуді басқару керек. Сонымен қатар Arena да, арнайы HTML 3.0 иллюстрациялау үшін арналған, ол осы мүмкіндікті іске асырмайды. BACKGROUND-құжат мәтінін бейнелейтін фонды анықтайды, мысалы, HTML-құжатында фон ретінде үлкен емес графикалық кескін ”bgr.gif” қолданылады. < BODY BACKGROUND =”bgr.gif”> Осы мысалда көрсетілгендей, берілген атрибуттың мәні ретінде URL формасында қысқартылған адрес қолданылады. Бұл локальдық файл адресі.
Белгілеуді басқару тегі Тақырыптар. Тақырыптар құжаттың бастапқы бөлімін қарастырады. Стандарт бойынша тақырыптың алты деңгейі анықталған: Н1-ден Н6-ға дейін. Мәтін, <Н1></Н1> тегімен қоршалған, үлкен көлемде болады-бұл басты тақырып. Егер мәтін <Н2></Н2> тегімен қоршалса, онда ол бірнеше есе кішірек көрінеді; ішкі мәтін <Н3></Н3> одан да кішірек және ары қарай <Н6></Н6> дейін. Кейбір программалар тақырыптың көп санын қолдануға мүмкіндік береді, бірақ та үш деңгейден көбі сирек кездеседі, ал бестен көбі тіпті сирек кездеседі. ALIGN атрибуты. ALIGN атрибуты мәтінді сол жақ шетке, оң жақ шетке, ортаға және ені бойынша теңестіруге арналған. Үнсіздік бойынша мәтін сол жақ шетке қарай теңестіріледі. Берілген атрибутты сол сияқты кестеге және графикке қолданамыз.
Келесі кесте ALIGN атрибутының мүмкін мәнін анықтайды.
Justify мәні интерпрпетацияның барлық программаларында іске асырылмаған. ALIGN атрибутының көмегімен сіз мәтінді графикалық объектінің айналасында <орналастыруға> болады. Ол үшін <IMG SRC=”/путь/файл.gif”> тегін графикалық объект тұратын жерге апарып қою керек және ALIGN=LEFT, ALIGN=RIGHT және ALIGN=CENTER атрибутын қосу қажет. Одан басқа HSPACE= және VSPACE= атрибутының (олар төменде сипатталады) көмегімен бейнені мәтіннен айыратын тік және көлденең алаң ұзындығы сұралады. Сонымен қатар бейненің айналасына рамка құруға және кестені мәтінмен жиектеуге болады. Жалпы айтқанда, CLEARбарлық блоктық тегтер үшін жалпы болып табылады, бірақ та барлығына да іске асырылған жоқ.. CLEAR келесі мәндерді қабылдайды:
CLEAR атрибутында сандық мәнді де көрсетуге болады: <P CLEAR=”100 pix”> <BR> тегі Жолдың аударылымы мәтінді бейнелеудің стандарттар ретін бұзу үшін қолданылады. Интерпретацияның қарапайым режимінде қолданушының интерфейс программасы мәтінді автоматты түрде жолдарға бөлу арқылы жұмыс терезесінде көрсетеді. Бұл режимде мәтінде бар болған соңғы жол ескерілмейді. Кей-кезде үлкен айқындық үшін басуды жаңа жолдан бастау керек. Ол мақсатта <BR> тегі қолданылады. <BR> тегіндегі CLEAR атрибуты көрсетілген нүктеде объектіні мәтінмен көрсету (обтекание) үшін және содан кейін мәтінді объекттің ар жағында бос областа жалғастыру үшін қолданылады. Объекттің ар жағында жалғасып жатқан мәтін CLEAR атрибутында LEFT, RIGHT және ALL мәндеріне сәйкес тегістеледі
<NOBR> тегі <NOBR> тегі (No Break, үзіліссіз) браузерге барлық мәтінді бір жолда үзіліссіз бейнелеуге нұсқау береді. Егер <NOBR> тегінде бекітілген мәтін экранға сыймаса, браузер құжат терезесінің төменгі бөлігіне горизонтальды айналдыру жолағын қосады. Егер сіз айкын жерден жолды алып тастағыңыз келсе, сол жерге <BR> тегін қойыңыз.
Символдарды бейнелеуді басқару тегі Бұл тегтерді екі классқа бөлуге болады: бейнелеу формасын басқару тегі (font style) және ақпарат типін сипаттайтын тегтер (information type). Әртүрлі тегтер бейнелеу кезінде бірдей нәтиже көрсетеді.
Бейнелеу формасын басқару тегі Курсив, асты сызылған, жоғарғы индекс, төменгі индекс, үлкен шрифт, кіші шрифт, қызыл, көк, әртүрлі комбинациялар – бетті көркемдеуге және функциональдауға мүмкіндік береді. Internet Explorer және Netscape Navigator Face= атрибутының көмегімен шрифты анықтауға болады. Енді бір бетке бірнеше шрифт түрлерін біріктіруге болады. SIZE=атрибуты <FONT > тегіндегі SIZE=атрибуты берілген областа мәтін мөлшерін сұрауға мүмкіндік береді. Егер сіз барлық беттің шрифт мөлшерін беру үшін <BACKGROUND SIZE =n> тегін қолданбасаңыз, онда үнсіз келісім бойынша 3 алынады. <BIG> және <SMALL> тегтері <BIG></BIG> және <SMALL></SMALL> тегтері арасында орналасқан мәтін сәйкес келеді. COLOR=xx атрибуты Егер біз өз бетімізді одан әрі безендіргіміз келсе, онда <FONT > тегіндегі COLOR= атрибутын қолдануымызға болады және басты шектеу компьютердегі қолданушылардың түстер палитрасы болады. Әзірше тек қана танымал браузерлердің шрифт түсін бейнелейді. <FONT COLOR=> тегін шрифт түсін ауыстыруға қолданады.
Бейнелеу формасын басқару тегтері
Ақпарат типін сипаттайтын тегтер
Осы тегтерді қолдану кезінде, олардың бейнеленуі программа-интерфейсін қолданушылардың жөнге келтіруіне байланысты екенін ұмытпаған жөн, олар гипермәтіндік программа құрушының жөнге келтіруімен сәйкес келмеуі де мүмкін. Интерфейс жөнге келтірулерін айырбастау стильдерін қолдану, казіргі кезде проблемалық болып келеді. <DL> тегі (Definition List:<DL>) тізіміндегі тегті қолдану қарапайым мәтіндік редакторда шегіністі қолдануды еске түсіреді.<DL> тегі мәтінді форматтау үшін құрылған, оңға қарай үлкен шегініс арқылы анықталады. <DL> тегі номерсіз шегінетін жеке абзацтар және маркерлер құруға арналған. Шегініс ол жақтан басталады. Егер сіздің бетіңізде бірнеше <DL> тегі бар болса, онда мәтін ақырын оңға қарай жылжи бастайды. Анықтау соңында жабылған </DL> тегін қойыңыз. Ұмытпаңыз, <DL> тегі тек қана абзацтың сол жақ шекарасын жылжытады.
Табуляция Бұл құралдардың қажеттілігі бұрын пайда болды, тек жақында ғана құрастырушылар ұсынды. Табуляцияны бірнеше тәсілмен беруге болады. Ең қарапайым, <TAB IDENT=n> тегін жазу, онда n жаңа абзацтың алдындағы n-бос орындар санын анықтайды. n-бос орын – өлшеудің типографиялық бірлігі, сіз қолданатын шрифтағы n әріпінің енімен бірдей. Соған сәйкес <TAB IDENT=4> тегі ені 4 n-бос орын болатын табуляция символын алады. Егер сіз бірнеше орынға берілген мөлшерде табуляция символын қолданғыңыз келсе, онда оның мөлшерін беретін орынға <TAB> тегін ID= атрибутымен бірге қойыңыз, мысалы, соған сәйкес: <TAB ID=”tabone”> Енді беттің кез-келген жеріне <TAB TO=”TABONE”> жазса жеткілікті, және табуляция символы TABONE тең болады. Сәйкесінше TABTWO, TABTHREE, TABFOUR ұқсас тілімен құруға болады. <TAB> тегін мәтінде және графикте орналастыруда қолдануға болады.
Тізім Тізімдер мәтін құрылымының негізгі құралдары болып табылады және белгілеулердің барлық тілдерінде қолданылады. HTML-де келесі тізім түрлерінен тұрады: номерленбейтін тізім (реттелмеген), номерленетін тізім (реттелген) және анықтамалық тізімі. Номерленбейтін тізім тегі (Unordered Lists <UL>) және номерленетін тізім тегі (Ordered Lists <OL>) – бұл HTML негізі. HTML номерленбейтін тізімде маркердің әртүрлі типін таңдауда тізім тегіне бірнеше атрибуттар қосады. Тізім ортасындағы маркер типін ауыстыру үшін мынадай <LI>(List Item) тегіне атрибут қосуға болады. Жаңа атрибут пайда болған кезде, тізімде қалған маркерлер де осындай түрді алады. <UL> тегі Номерленбейтін тізім. Номерленбейтін тізім мәтін типін құруға арналған. тізімнің бірінші элементі тізімнің екінші элементі тізімнің үшінші элементі Берілген тізім келесі түрде жазылады: <UL> <LI> тізімнің бірінші элементі <LI> тізімнің екінші элементі <LI> тізімнің үшінші элементі </UL> <UL> және </UL> тегі – бұл номерленбейтін тізімнің басы және соңы, <LI>(List Item) тегі тізім элементінің тегін береді. Осы тегке қосымша, тізімді атауға арналған - LH (List Header) бар. Келесі түрдегі номерленбейтін тізімді бейнелейтін мысал келтірейік: <HR> тегі Горизонтальды сызып алу (horizontal rule) құжатты бөлікке бөлу үшін қолданылады. Бір ғана <HR> тегі арқылы бетке мүлдем өзгеше түр беруге болады. <HR> тегін тәжірибеде көріңіз және сонда сіз қолданып жүрген сызықтан өзгеше сызық аласыз. <PRE> тегі Форматтаусыз мәтінді бейнелеу. <BLINK> тегі <BLINK> тегі оған қосылған мәтіннің жыпылықтауын туғызады.
Гипермәтіндік сілтеме Жоғарыда қарастырылған мәтінді бейнелеу құралдары, құжаттың басты тегі - гипермәтіндік сілтемеге – қосымша, сөзсіз маңызды болып келеді. Web-серверді құрұдың ерекшелігі, онда көрсетілген ақпаратты жеке бөліктерге бөлуге болады. Жеке бөліктер арасындағы байланыс ұйымдары гипермәтіндік сілтеме арқылы анықталады.
Дәріс №11-12 Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер 1. html-құжатының құрылымы. Беттің құрылымдық элементтері.Элементтер типі. 2. WWW-сервисінің жұмыс тәртібі. Сервер және клиент арасында мәлімет алмасу. Формалар.
Дәріс №13-14. WEBТЕГІ ГРАФИКА · Графика өлшемдерін қалай беруге болады; · Активті бейнелер; · Активті бейнені қалай жасауға болады; · Сервердегі активті бейнелер; · Клиенттегі активті бейнелер; · Серверде де, клиентте де жұмыс істейтін активті бейнелер.
Графика өлшемдерін қалай беруге болады Webтегі ең кең таралған графикалық форматтар болып GIF және JPEG форматтары болып табылады. Web – бетке бейне қою үшін ең алдымен оны салып алу қажет немесе дайын бейнені алуға болады. Сурет салудың кез-келген программасында қарапайым бейнені салу және оны қажет етілген форматқа сақтау қиынға түспейді. Егер программа бұл форматты қабылдамаса, онда файлды өңдеу қажет. Бір графикалық форматтың басқа форматқа өңделуіне арналған бірнеше программалар бар. Суреттерді әртүрлі программалық пакеттерден немесе Internet Web – беттерінің бірінен алуға етуге болады. Егер браузер Web – бетті бейнемен бірге шығарса, сәйкес графикалық файл компьютер жадысында уақытша сақталады. Браузердің көпшілігінде файлды үнемі локальды дискіде сақтауға рұқсат беретін командалары бар.Графикалық файлды алудың бірнеше басқа да варианттары бар: Бейнелер өзінің ақпараттылығымен пайдалы болуы мүмкін және Web – бетке көз тартар түр береді. Бейнелерді қолдануда кең таралған жағдайларды қарастырайық: - іскерлік беттегі компанияның логотипі; - жарнамалық хабарландыруға арналған графика; - әртүрлі суреттер; - диаграммалар және графиктер; - шығармашылықтар шрифтер; - бет авторының қолы; - графикалық жолдың горизонтальды бөлінді сызық ретінде қолданылуы; - әдемі маркерленген тізімдерді құруға арналған графикалық маркерлердің қолданылуы. Енді Web – бетке бейнені қалай қою керек екендігін қарастырайық. HTML тегі болып браузер бейнені шығаруды талап ететін <IMG> келе<IMG>сі ортақ форматы табылады: <IMG SRC =”picture.gif”> Тұйықтаушы тег талап етілмейді.Мұндағы SRC – (SouRCe)бастауды білдіреді, ал файлдың аты шығарылған графикалық файлдың атын білдіреді. Web – беттегі бейнелер қарапайым мәтін сияқты гипермәтінді сілтемелер ретінде қолданылуы мүмкін.. Бетті оқушы бейненің үстінен шертеді де, басқа бетке немесе бейнеге ауысады. Гипермәтінді белгі сияқты бейнені белгілеуде, мәтінде де қолданылатын <A> тегі қолданылады, бірақ <A> және </A> арасына <IMG> бейнесінің тегі қойылады. <A HREF=”файлдың немесе бейненің адресі”> <IMG SRC=”picture.gif”> </A> Бұндай бейненің гипермәтінді сілтеме ретінде қолданылуы қосымша рамка ретінде. Шектелген тікбұрыштар және ALT= атрибуттары Графика бетінің жүктелу уақытын азайту үшін HTML – кодында бейненің өлшемін анықтау пайдалы. Егер ол беттің жүктелгенінен бұрын белгілі болса, онда браузер ең басында суретке рамканы апарады, содан кейін бетке мәтінді жүктей алады. Егер графикалық бейненің өлшемі анықталған болса, онда оған браузер шектелген тікбұрыш түріндегі орын резервтейді. Графика жүктеліп жатқан кезде бетті оқушы мәтінді оқи беруіне болады. Бұндай жұмыстың методикасы - өз оқушыларына деген жұмсақ мінезді қарым – қатынасын білдіреді. Графика өлшемдерін қалай беруге болады? Егер сізде қандай да бір графикамен жұмыс істеу программасы бар болса, онда бейненің өлшемін анықтау қиын емес. Ең алдымен файлды графикалық редакторде ашыңыз және суреттің өлшемін пиксельмен анықтаңыз. Бейне тегінде өз суретіңіздің ені мен ұзындығын мына түрде беріңіз: <IMG SRC= ”picture.gif ” WIDH=413 HEIGHT=356> Егер сіз графикалық бейненің өлшемін көрсетпесеңіз, онда браузер әрбір суретті толығымен жүктейді және осыдан кейін ғана мәтінді жүктеуге көшуге болады. Ал бұл көп уақытты алады. Егер өлшемдер беріліп тұрса, онда көптеген жүргізуші браузерлер қажетті өлшемдегі шектелген тікбұрышты сыза алады және оны бейнемен төгуге етуді бастайды. ALT= атрибуты <IMG> тегінің ALT= атрибуты қолданушыларға, тек мәтінді көретін браузерлер (егер браузерде графика режимі өшіп жатса), графиканың бетте орналасуы немесе оның мақсаттары туралы ақпарат алуына мүмкіндік береді. Microsoft Internet Explorer бейне шектелген тікбұрыштағы ALT= атрибутынан мәтінді көрсетеді. Егер Auto Load Image режимі қосылып тұрған жағдайда ғана Netscape Navigator бұл мәтінді шығарады. <IMG> тегі ALT= атрибутымен бірге келесі түрде болады:
Активті бейнелер Активті бейнелер (image maps) немесе бейнелер, тышқан батырмасын сезушілер сіздерге туынды формасындағы графикалық мәзірді өз тармақтарыңызда құруға мүмкінді береді. Мұндай мәзірді қолдану арқылы оқушылар барлық тұйықтарда және сіздің Web – тармақ даңғылыңызда серуендей алады. Активті бейнелер - бұл басқа беттердің URL – на немесе тармақтарына сілтемеленетін активті облысты деп аталатын жай сурет. Келесі түрде жұмыс істейтін бейне бар: қолданушы активті бейнелердің IMG тегіндегі ISMAP атрибуты көмегімен анықталған суретті тышқанмен шерткен кезде, шерту координаттары Web- серверге беріледі. Сервер картада жіберілген координатты құрайтын активті облысты іздейді. Егер мұндай облыс бар болса, онда берілгендер URL картасында активтенеді және қолданушының браузері жаңа бетке көшеді. Активті бейненің көмегімен сіз бірден екі есепті шеше аласыз: өзіңіздің Web – тармағыңыздың мәзірін құра аласыз және онда графика орналастыра аласыз. Активті бейнені қайда қоюға болады: серверде немесе клиентте? Активті бейненің 2 типі бар: серверде және клиентте. Бірінші типтегі бейнені сервер URL активті облыстың сәйкес берілгендерін табу және браузерге қажетті бетті браузерде қолданады. Клиенттік машинада жұмыс істейтін активті бейнелер HTML бетіндегі активті облыстар жайлы ақпарат береді. Сондықтан браузер қандай облыс активті екенін өзі түсіндіреді және серверден қажетті бетті сұрайды.
Активті бейнені қалай жасауға болады Активті бейненің құрылу процесі 2 сатыдан тұралы. Ең алдымен сіз активті етіп жасайтын суреттің облысын анықтауыңыз қажет, содан кейін оны сілтемелермен басқа URL – апаруыңыз керек. Мұның бәрін активті облыстың координат бұрыштарын анықтау арқылы жасауға болады, бірақ қандай да бір программамен, мысалы, MapEdit – ті қолдану оңайға түседі. Картаны анықтау оңай. MapEdit – та сіз құрғалы отырған активті облыстағы бейнені құрайтын файл ашу қажет, одан кейін тышқанды апарып шерту арқылы облыс шекарасын береміз. Программа файлды активті облыстың белгіленген шекарасын автоматты түрде генерациялайды. Содан кейін осы облыспен URL-ді жазу қажет. Бейненің кез-келген орнында тікбұрыш, көпбұрыш немесе шеңбер формасында активті облыстар салуға болады және әрқайсысына URL-ді анықтау керек. Активті облыстар қиылысуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда мәселелер туындайды. Оқушы дұрыс сілтемені таңдап отырғанына сенімді болу үшін облыстар арасына біраз орын қалдыру қажет; Активті облыстың шекаралары тікбұрыш, көпбұрыш немесе шеңбердің центрі мен радиусының координаттар бұрышымен беріледі. Бұл параметрлер картаға (Map-файл) жазылып отырады. Активті бейнені құрып болғаннан кейін, сіз алынған файлды NCSA немесе CERN форматында сақтай аласыз. Егер ол серверде немесе CSIM форматында жұмыс істесе және егер ол клиенттік машинада функционирленсе. Ал қалған барлық жұмысты MapEdit программасы орындайды. Ол картаны серверде құрады немесе картаны клиент жақтағы сіз көрсеткен HTML файлында кірістіреді. Егер сіз активті бейнені клиентте жасайтын болсаңыз, онда MapEdit <Map> тегтері үшін ғана берілгендерді қояды. USEMAP атрибутымен бірге бейне тегін өзіңіз беруіңізге тура келеді және оны </MAP> тегінен кейін бірақ аласыз. USEMAP атрибутында карта атының алдынан # символын қоюды ұмытпаңыз: <IMG SRC=” mymap.gif ” USEMAP=”glava1~2.shtml#sitemap”>
Сервердегі активті бейнелер Бұрын қолданыста болған активті бейненің құрылуында (html 2.0 үшін) IMG тегіндегі ISMAP атрибутының қолданылуы талап етіледі. IMG тегі бейнеге қатысты, оны бастапқы және соңғы тегі арасына файл – картаның сілтемелеріне орналастыру қажет. Сізге HTML – файлына мынадай жолдарды енгізу керек: <A HREF=”path/somemap.map“> <IMG SRC =” path/somemap.map “ ISMAP> </A> ISMAP атрибуты браузерге берілгендер бейнесі активті екенін көрсетеді. Егер оның қандай да бір облысында тышқан шертпесі пайда болса, онда ISMAP атрибуты көмегімен серверге координат шертпесін құрайтын хабарлама жіберіледі. Клиенттегі активті бейнелер Алдыңғы бөлімде жазылған бейнелерге қарағанда, клиенттегі активті бейнелер сервердің программалық жабдықтарына тәуелсіз жұмыс істейді және сіз өз файлдарыңызда басқа серверге ауыстырсаңыз да функционирленуін тоқтатпайды. Бұндай бейнелерге 2 нәрсе қажет: HTML 3.0 қолдайтын браузер және HTML файлында жазылған карта туралы ақпарат.
Серверде де, клиентте де жұмыс істейтін активті бейнелер Сіздің серверде де, клиент – машинасында да жұмыс істейтін бейнемен жұмыс істегіңіз келетін шығар. Серверде де, клиентте де активті бейнелер құрғаннан кейін оларды бір HTML файлында біріктіру қиын емес. Ол үшін HTML документіне сервердегі активті бейне үшін жасауға арналған сол жазуды апару қажет. IMG тегіне USEMAP= атрибутын қосуды ұмытпаңыз. USEMAP= атрибуты ISMAP тегіне қарағанда жоғары приоритетті болып табылады. Егер браузер клиентте жұмыс істейтін активті бейнені қолдаса, онда бұл атрибутты ол мойындайды. Бұндай бейнелерді білмейтін браузер USEMAP= атрибутына әсет етеді. Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:
|