Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №9. Индекстер




{ 1.Индекстер туралы түсінік.

2.Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.

3.Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.}

&&&

$$$002-009-001$3.2.9.1 1.Индекстер туралы түсінік.

{ Әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестердің өзгеруіне талдау жасауда қорытындылаушы көрсеткіштің бір түрі индекстік әдіс болып табылады.

Индекстік әдіс деп бір-біріне тікелей қосуға болмайтын белгілерден тұратын күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың жеке себептерінің үлесін анықтауға қолданылатын және уақытқа байланысты кеңістіктегі орташа өзгеруін сипаттайтын қатысты шаманың бір түрі болып табылады.

Индекстік әдісті қолдану арқылы салыстыруға келмейтін экономикалық құбылыстардың жеке бөліктерінің өзгеруін; құбылыстар құрылымының белгілеріне қарай өзгеруін; күрделі құбылыстар көрсеткіштеріне әсер ететін себептерді анықтау мәселелерін шешуге болады.

Индекстік әдісті қолдану арқылы есеп жүргізүде екі уақыт кезеңінің нақты сандық көрсеткіштері алынады. Салыстырылатын уақыт шамасы есепті немесе ағымдағы деп аталады. Бұл көрсеткіш үнемі индекстік қатыныстың алымында беріледі, «1» деген таңбамен белгіленеді.

Индекстік әдіспен есептелінген көрсеткіштер коэффициентпен, ал оны 100-ге көбейту арқылы %-пен өлшенеді. Егер индекстік көрсеткіштер 1-ден немесе 100-ден көп болса, құбылыстың өткендігін, ал аз болса, онда кемігендігін көрсетеді.

Индекстер зерттеу объектісінің көрсеткіштеріне байланысты екі топқа бөлінеді: көлемдік және сапалық .

Көлемдік индекстерге өнім көлемінің жалпы индекстері жатады. М/ы, өнеркәсіптің, а/ш-ның, т.б. көлемі алынады. Көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бағамен бағаланады.

Сапалық индекстерге бағаның, өзіндік құнның, еңбек өнімділігінің индекстері жатады. Бұл индекстердің бәрінде көлемдік көрсеткіштер өзгеріссіз тұрақты бір ағымдағы кезең дәрежесімен алынады.}

&&&

$$$002-009-002$3.2.9.2 2.Жеке, жалпы және орташа индекстерді есептеу.

{ Жиынтық бірліктерін қамту дәрежесіне байланысты индекстер жеке және жалпы болып бөлінеді.

Жеке индекстер дегеніміз біртектес құбылыстардың екі уақыт аралығындағы нақты көрсеткіш шамаларының қатынасы. М/ы, ағымдағы және базалық уақытты салыстыру арқылы көрсеткіштердің қаншаға өзгергендігін есептеуге болады.

Жеке индекстер кіші «і» әрпімен белгіленеді. Зерттеу объектісінің белгісіне қарай индекстік белгінің оң жағына оның таңбасы қатар жазылады (ірqz). Бағаның жеке (дара) индексін есептеу үшін сол заттың ағымдағы кезеңдегі бағасын базалық кезеңдегі бағасына бөлу керек:

ір10

Өнім көлемінің жеке индексі :

iq=q1/q0

Өнімнің өзіндік құнының жеке индексі:

iz=z1/z0

Еңбек өнімділігінің жеке индексі:

it=t0/t1

Мұндағы T1, T0 бір дана өнімді өндіруге жұмсалған уақыт мөлшері.

Қатар дәрежелері уақытына байланысты бірнеше кезеңнең тұрып, олардың ағымдағы әрбір дәрежесі оның алдынғы уақытта тұрған шамасымен салыстырылса, ол өзгермелі немесе тізбекті индекстер деп аталады және келесідей жазылады:

iq=q1/q0 ; q2/q3 ; q3/q2 ; т.с.с.

Егер қатардың әр дәрежесі белгілі бір тұрақты базалық кезең мәнімен салыстырылса, ол базалық индекстер деп аталады және оны келесідей көрсетеміз:

iq=q1/q0 ; q2/q0; q3/q 0 ; т.с.с.

Жеке индекстер құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін зерттеуде қолданылады, олар сол құбылыстың қандай себептерге байланысты өзгергендігін анықтай алмайды. Сондықтан да жалпы индекстерді қолданамыз.

Жалпы индекстер дегеніміз тікелей салыстыруға және қосуға келмейтін элементтерден тұратын, күрделі қоғамдық құбылыстардың уақытқа байланысты өзгерісі болып табылады. Құбылыстардың өзгерістеріне талдау жасау үшін, өзара қосуға болмайтын жекелеген белгілерін салыстыратын шама арқылы қосып, жалпы жиынтығын есептеуге болады.

Статистикада жалпы индекстер үлкен «І» әрпімен белгіленеді, оның төменгі оң жағына нені зерттейтініне байланысты таңбасы бірге жазылады.(Іq, Іp, Іz, Іqp, т.б.)

Жиынтық бірліктері жеке бөліктерден немесе топтардан тұратын болса, олар топтық индекстер деп аталады. М/ы а/ш-қ өнімдері жалпы, ал мал шаруашылығы, өсімдік шар-ң өнімдері топтық индекстерге жатады.

Есептеу әдістемесіне байланысты жалпы немесе топтық индекстер агрегаттық және орташа болып бөлінеді.

Агрегатты индекстер, мұнда қарастырылып отырған индекстердің алымы мен бөлімі екі көрсеткіштің, яғни сандық пен сапалық белгілерінің көбейтіндісінің қосындысына тең.

Тауар айналымының жалпы индексін мына формуламен есептейді:

Іqp=Σq1p1/Σq0p0 , мұндағы

Σq1p1 және Σq0p0 - екі мерзімдегі сатылған тауарлардың жалпы құны;

Тауар айналымының көлемдік жалпы индексінің формуласы келесідей:

Іq=Σq1p0/Σq0p0 , мұндағы

Σq1p0 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен бағамен есептегендегі шартты құны.

Σq0p0 -өткен мерзімдегі сатылған тауарлардың құны.

Бағаның жалпы индексі келесі (Паоша) формуламен өрнектеледі:

Ip= Σp1q1/Σp0q1 ;мұндағы

Σp1q1 –ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың жалпы құны;

Σp0q1 - ағымдағы мерзімде сатылған тауарлардың санын өткен уақыттағы бағамен есептегендегі шартты құны. Осы индекстердің байланысын келесідей түрде көрсетуге болады:

Σp1q1/Σp0q0= Σq1p0/Σq0p0* Σp1q1/Σp0q1

Агрегаттық индекстердің өзара байланысы арқылы есептелген көрсеткіштердің дұрыстығын және экономикалық құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін себептерді анықтауға болады.

Көрсеткіштің сандық және сапалық мәндері белгісіз болып, оның орнына өткен мерзімдегі тауар айналымы, өнім өндіру шығындары, сатылған тауар көлемі, оның әр данасының бағасы немесе өзіндік құн % есебімен өзгерген түрде берілсе, олардың өзгерісін анықтау үшін агрегаттық индекстерді жеке индекстер бойынша есептелген көрсеткіштерді қолдана отырып, орташа индекстерге түрлендіреміз. Мұндай түрлендіруді екі тәсілмен жүргізуге болады: арифметикалық және үйлесімдік.

Арифметикалық орташа индекс. Егер шығарылған өнімнің саны (q) мен өзіндік құны (z) белгісіз, ал өткен мерзімдегі жалпы шығын (z0q0) мен өндірілген өнім көлемінің өзгерісі (iq) белгілі болатын болса, өнім көлемінің өзгерісін анықтау үшін, көлемдік индексті қолданамыз:

Іq=Σq1z0/Σq0z0

Әрбір өндірілген өнім көлемінің өзгергені жеке индекс түрінде белгілі. Онда жеке көлемдік индекстің формуласынан (iq=q1/q0), белгісіз (q1= iqq0) тауып, бөлшектің алымына жазсақ, формула келесідей түрге түрленеді:

Іq=Σq1z0/Σq0z0=Σ iq q0z0/Σq0z0

Арифметикалық орташа индекс экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеуде көрсеткіштердің өзгерістері коэфицентпен немесе %-н берілгенде қолданылады.

Үйлесімдік орташа индекс. Егер ағымдағы мерзімде шығарылған өнім саны (q1) және өзіндік құны (z1) белгісіз, ал жалпы шығын (z1q1) мен өнімнің өзіндік құнының өзгерісі (iz) белгілі болса, онда мұндай көрсеткіштерді есептеу үшін, өзіндік құнның жалпы индексін үйлесімдік орташа индекске түрлендіреміз. Ол үшін агрегаттық индекстің (Iz= Σz1q1/Σz0q1) бөліміндегі өткен уақыттағы өзіндік құнды есептеп алу керек. Оны есептеу үшін өзіндік құнның жеке индексінен (iz = z1/z0) өткен мерзімдегі өзіндік құнды тауып (z0=z1/iz) қойсақ , үйлесімдік орташа индекстің формуласы келесідей түрге түрленеді:

Iz=ΣZz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σz1/izq1=Σz1q1/Σz1q1/iz}

&&&

$$$002-009-099$3.2.9. 3.Тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер.

{ Экономикалық құбылыстардың орташа көрсеткіштерінің өзгерісін зерттегенде, оның әсерін тигізетін әрбір себептер жеке-жеке есептеледі. Статистикада бұл көрсеткіштер тұрақты және өзгермелі құрамды индекстер арқылы анықталады.

Тұрақты құрамды индекс. Құбылыстың өзгеруіне әсерін тигізетін себепті анықтау үшін сапалық көрсеткіштер құрамын өзгермелі түрде алсақ , яғни салыстыратын екі уақыт мерзімдерінің шамасы алынса, ал салмағы ретінде ағымдағы кезеңнің тұрақты дәрежесі қолданылса, онда тұрақты индекс шығады, оны сапалық мәндері бойынша келесі формуламен көрсетеміз.

1) баға бойынша: Ipт.қ=Σp1q1/Σp0q1= Σq1p1/Σq1: Σp0q1/Σq1

2) өзіндік құн бойынша: Izт.қ=Σz1q1/Σz0q1= Σq1z1/Σq1: Σz0q1/Σq1

Өзгермелі құрамды индекс. Мұнда статистикалық талдау жасау үшін, екі уақыт кезеңіндегі зерттелетін құбылыстың орташа шамалары жеке-жеке есептеледі, бір-бірімен салыстырылады және олардың қандай себептерден өзгергені анықталады. Бұл индексте салмақталған екі орташа шаманың қатынасы қарастырылады. Сондықтан оны орташа шамалар индексі деп те айтады және келесі формулалармен есептеледі:

1) баға бойынша: Ір= Σq1p1/Σq1 : Σp0q0/Σq0= p1:p0

2) өзіндік құн бойынша: Іz= Σq1z1/Σq1 : Σz0q0/Σq0= z1:z0

Құрылымның өзгеру индексі. Егер жиынтық құрамының өзгеру әсерінен орташа сапа көрсеткішінің өзгерісі анықталса, ол құрылымның өзгеру индексі деп аталады. Оны есептеу үшін өзгермелі құрамды индексті тұрақты құрамды индекске бөлу керек және формуласын келесідей түрде көрсетуге болады:

Іқұрылымның өзгеру индексі = Іөзгермелі инд. / Ітұрақты инд.

Қарастырылған үш индекстің арасындағы өзара байланысты көрсетсек:

Іөзгермелі құр-ы инд.= Ітұрақты құр-ы инд. * Іқұрылымның құр-ы инд.

Бұл индекстер басқару жұмыстарына талдау жасауда, экономикалық мәселелерді шешуде жиі қолданылады. Өзгермелі құрамды индекс жалпы сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін, тұрақты құрамды индекс сапалық көрсеткіштің орташа өзгерісін сол жиынтық құрамының тұрақтылығы арқылы көрсетеді, яғни сапа көрсеткіштері өзгерістерінің қандай себептер әсерінен болғанын анықтайды.}

&&&

$$$002-009-100$Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{1.Индекстер дегеніміз не?

2.Статистикада индекстер қандай міндеттерді шешеді?

3.Жеке индекстер деген не? Мысалдар келтіріңіз.

4.Жалпы индекстер дегеніміз не?

5.Жеке индекстерден орташа индекстер қалай құрылады?

6.Тұрақты және өзгермелі индекстер туралы не айтасыз?}

&&&

Дәріс №10. Қоғамдық құбылыстардың өзара байланыстылығын статистикалық зерттеу. Статистикалық мәліметтерді талдау-зерттеудің соңғы сатысы.

{1.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері.

2. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық әдістер арқылы зерттеу.}

&&&

$$$002-010-001$3.2.10.1 1.Құбылыстардың өзара байланысы туралы түсінік және оның түрлері.

{ Статистикада қоғамдық құбылыстар мен процестердіңарасындағы өзара байланысты анықтамай тұрып, алдымен сол өзгеріске әсерін тигізетін факторлары мен нәтижелі белгілері арасындағы тәуелділікті анықтайды. Оның өзі құбылыстың ерекшелігіне қарай функционалдықжәне корреляциялық байланыс болып бөлінеді.

Функционалдық байланыс дегеніміз бір белгі мәнінің өзгеруіне әсерін тигізетін екінші бір белгінің сәйкес келуін , яғни бір факторлы белгінің өзгерісі салдарынан нәтижелі белгі мәнінің өзгеруін айтады. Демек, бұдан осы екі белгінің арасында толық немесе функционалдық байланыстың бар екені көрінеді. Мысалы, шеңбердің көлемі оның радиусының шамасына тура пропорционалды. Оны мына формуладан көруге болады:

S= / R.

Мұнда нәтижелі белгіге – шеңбердің көлемі, ал факторлы белгіге – шеңбердің радиусы алынады.

Функционалдық байланыста нәтижелі белгі мәніне бір немесе бірнеше факторлы белгі мәндері сәйкес келеді және әрқайсысының тигізген әсері белгілі болады, яғни олардың арасында тура байланыс бар екені көрінеді. Оны келесі теңдеу арқылы көрсетуге болады:

у=f(Xi), мұндағы, у- нәтижелі белгі;

Хi- факторлық белгі;

f(Xi)-осы екі белгі арасындағы функционалдық байланыс.

Функционалдық байланыста нәтижелі белгінің мәні толығымен бір немесе бірнеше факторлы белгі мәндері негізінде анықталады. Сондықтан оны толық немесе дәлдікті көрсететін байланыс деп атайды.

Корреляциялық байланыс дегеніміз қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әр түрлі кездейсоқ факторлардың әсер етуі. Олардың әрқайсысының тигізген ықпалының мәндері белгісіз , яғни нәтижелі және факторлы белгі арасындағы өзара тәуелділік дәлме-дәл көрсетілмеседе және бір шаманың өзгеруінен екінші шаманың орташа мәні өзгеретін болса да, оны корреляциялық байланысқа жатқызады.

Статистикада корреляциялық байланыс деп нәтижелі және факторлы белгілер арасында сәйкестіктің болмауын айтады. Корреляциялық байланысқа факторлы белгі мәніне нәтижелі белгінің бірнеше орташа мәні сәйкес келеді.

Корреляциялық байланысты мына теңдеу арқылы да көрсетеді:

Уi=f (Xi )+Ei,

Мұндағы , f (Xi )-корреляциялық байланыста белгілі болған f пен Уi арасында және ерекше алынған немесе бір немесе бірнеше факторлық белгінің әсерінен қалыптасқан нәтижелі белгі бөлігі;

Ei- жанама және кездейсоқ факторлардың әсеріне пайда болған нәтижелі белгінің бөлігі.

Байланыстың бағытына қарай функционалды және корреляциялық байланыстар тура және кері болып бөлінеді. Тура байланыста нәтижелі белгі мәнінің бағыты себепті ықпалдар мәндерінің бағытына тура келеді. Яғни, себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері де өседі немесе кемиді. Мысалы, жұмысшылардың мамандық дәрежесі неғұрлым жоғары болатын болса, соғұрлым олардың еңбек өнімділігінің дәрежесі де жоғары болады, яғни олардың арасында тура байланыс бар.

Егер себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуі салдарынан нәтижелі белгі мәндері кемісе немесе керісінше, себепті ықпалдар кеміген сайын нәтижелі белгі мәндері өсетін болса, онда оны кері байланыс деп атайды. Мысалы, еңбек өнімділігінің артуына байланысты өндірілген өнімнің өзіндік құны төмендейді.

Талдамалық сипаттама бойынша байланыстар түзу және қисық сызықты болып екіге бөлінеді. Түзу сызықты байланыста себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері бір қалыпты, әрі үздіксіз өседі немесе кемиді. Демек, мұнда функционалды байланыстың бар екендігі байқалады және оны математикалық түзу сызықты теңдеудің формуласы арқылы көрсетуге болады:

у=aо+a1x,

Мұндағы,у- нәтижелі белгі, олграфиктің ординаты осінде жатады;

х- факторлы белгі, ол графиктің абсцисса осінде жатады;

aо,a1- параметрлері.

Қисық сызықты байланыста себепті ықпалдар белгі мәндерінің өсуіне немесе кемуіне қарай нәтижелі белгі мәндері бірқалыпты өзгермейді және оның өзгеру бағыты керісінше болады, яғни корреляциялық байланыс көрсетіледі. Байланыстың бұл түрі математикалық қисық сызық теңдеуі арқылы парабола немесе гипербола функциялары бойынша анықталады және ол мына теңдеу арқылы өрнектеледі:

у=aо+a1x+ a2x

Сонымен бірге қисық сызықты байланысты көрсету үшін бөлшек теңдеуді де қолдануға болады, ол келесідей түрде болады:

у=aо/x+ a1.

Бір факторлы және көп факторлы байланыстар. Корреляциялық байланысты зерттеу кезінде қоғамдық құбылыстардың өзгеруіне әсерін тигізетін факторлардың сандық көрсеткіштеріне қарай нәтижелі белгі көрсеткіштері де өзгереді. Егер тек бір факторлы белгі мен нәтижелі белгі көрсеткіштері арасындағы өзара байланыс қана қарастырылатын болса, онда оны бір факторлы немесе жұпты корреляция деп атайды. Ал екі немесе одан көп факторлар белгісі мен нәтижелі белгі көрсеткішінің арасындағы өзара байланыс , яғни көптік корреляция деп атайды. Көп факторлы байланыстың нәтижелік мәніне ондағы көрсетілген барлық факторлар бір-бірімен байланысты және жиынтықты түрде , бір мезгілде әсерін тигізеді. Сондықтан корреляциялық байланыстың негізгі мақсаты нәтижелік мәнге әсерін тигізетін көптеген факторлардың ішіндегі шешуші роль атқаратын факторды айқындау болып табылады. }

&&&

$$$002-010-002$3.2.10.2 2. Құбылыстардың өзара байланысын статистикалық әдістер арқылы зерттеу

{ Қоғамдық құбылыстар мен процестердің өзгерісісін зерттеуде және олардың арасындағы өзара байланысты анықтауда келесідей көптеген әдістер қолданылады: сандық қатарларды салыстыру, аналитикалық топтау, графиктік әдіс, баланстық әдіс , индекстік әдіс, корреляциялық талдау және т.б.

Сандық қатарларды салыстыру әдісі қоғамдық құбылыстардың өзара байланысын анықтау үшін жиі қолданылады, қарапайым әдіс. Бұл әдісте екі немес ебірнеше белгілері бойынша сандық көрсеткіштер қатарларының өзгеруін салыстыруға болады және олардың арасындағы тәуелділікті анықтауға толық мүмкіндік туады.

Аналитакалық топтау әдісі құбылыстардың өзара байланысын зерттеу кезінде статистикалық көрсеткіштердің көптігіне қарай қолданылады. Бұл әдіс негізінде бір немесе бірнеше белгілердің бағытын және олардың бір-біріне қаншалықты тәуелді екенін анықтауға болады.

Баланстық әдіс әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың өзара байланысын зерттеу кезінде жиі қолданылады. Статистикалық баланс дегеніміз екі нақты шама қосындысының тепе-теңдік көрсеткіштер жүйесі, оны келесі теңдеу арқылы көрсетуге болады:

а+б=в+г.

Бұл тепе-теңдік көбінесе кесте түрінде көрсетіледі және оның жеке бөліктерінің жиынтығы әрқашанда бір-біріне тең болады. Мысалы, кәсіпорынның материалдық ресурстар қозғалысының балансын келесідей көрсетуге болады: бастапқы қалдық+келіп түскені = шығынға кеткені+соңғы қалдығы.

Индекстік әдіс құбылыстардың өзгерісіне әсер ететін жеке факторлардың ролін, яғни үлесін анықтауда қолданылады. Мұнда әр фактордың тигізетін әсерін анықтау үшін жеке дара және жалпы индекстердің өзара байланысы қолданылады.

Графикалық талдау әдісі де құбылыстардың байланысын анықтауда қолданылады. Ол үшін графиктің ордината осіне нәтижелі (У) белгінің , ал абсцисса осіне факторлық (Х) белгінің мәндерін нүкте арқылы орналастырсақ, корреляция жазықтығы шығады.

Қоғамда болып жатқан өзгерістер бір-біріне өзара байланысты көптеген және әр түрлі себептердің ықпалынан пайда болады. Сол құбылыстар мен процестерге негізінен қандай себептер ықпал ететінін анықтау үшін және олардың арасындағы байланысты зерттеу үшін статистикалық заңдылықтарды ғылыми жүйеде қолдана білу керек. }

&&&

$$$002-010-100$Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{1.Корреляциялық байланыс дегеніміз не?

2.Корреляциялық және функциональды талдау көмегімен қандай міндетті шешуге болады?

3.Түзу сызықты және қисық сызықты байланыстар дегеніміз не?

4.Көптік корреляция деген не?

5.Корреляцияның жиынтық және жеке коэффициенттері деген не?}

&&&

$$$002-011-000$3.2.11 Дәріс №11. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың ғылыми негіздері

{1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері.

2. Әлеуметтік- экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық шоттар жүйесінің категориялары және сыныпталуы.}

&&&

$$$002-011-001$3.2.11.1 1. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың пәні, міндеттері және әдістері.

{ Әлеуметтік- экономикалық статистика сапалы анықталған жалпы әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды сандық жағынан зерттейді, олардың пропорцияларын, экономикадағы және әлеуметтік сферадағы даму заңдылықтарын көрсетеді. Статистиканың мақсаты- Қазақстан Республикасының жағдайын дамудың кешенді сандық сипаттамасымен қамтамасыз ету, нарықтық жағдайды бақылау, мемлекеттің саяси жүйесін баяндау.

Бақылау объектісі – барлық деңгейлердегі бұқаралық әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер:

А) микродеңгейде – шаруашылық субъектісі, үй шаруашылығы;

Б) мезодеңгейде – экономика саласы, экономика секторы, аймақ;

В) макродеңгейде – елдің жалпы экономикасы.

Әлеуметтік- экономикалық статистиканың теориялық негізі экономикалық теория және философия болып табылады.

Әлеуметтік- экономикалық статистика статистиканың жалпы теориясының әдістері мен негізгі ережелеріне негізделеді. Қоғамды зерттеудің үш сатысында статистикалық әдістер қолданылады:

1. Статистикалық бақылау.

2. Бақылау нәтижелерін белгілі бір жиынға жинақтау және жалпылау.

3. Ақпараттарды талдау.

Әлеуметтік- экономикалық статистика жалпы әлеуметтік- экономикалық статистикалық зерттеуді ұйымдастырып, алғашқы сатысында келесі функциялар орындалады:

- бастапқы ұйымдарды, категорияларды қалыптастырады, олардың зерттеу міндеттерін анықтайды;

- көрсеткіштердің жүйесін және көрсеткіштердің есептеу методологиясын құрайды;

- алғашқы ақпараттарды жинауға жаппай бақылау ұйымдастыру барлық тұлғаларды, отбасыларды санақ парағы формасы түрінде, барлық кәсіпорындарды бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формасы түрінде есептеу жолымен немесе үй шаруашылықтарына ішінара, жаппай емес бақылау ұйымдастыру жолымен жүргізіледі.

Статистикалық зерттеудің екінші сатысында ақпараттардың жинақталуы және

топтастырылуы жиналған барлық фактілерді бөлу және біріктіру жолымен реттеліп, қорытындыланады және бірдей ұқсас белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі. Көрсеткіштер сомасы топтар бойынша және барлық жиынтық бойынша есептеледі. Әлеуметтік- экономикалық статистика топтастыру әдісінің көмегімен топтарды, кіші топтарды басты, мәнді белгілері бойынша зерттейді. Мысалы, Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшері және жан басына шаққандағы орташа салымдар бойынша топтастырылуы халықтың өмір сүру деңгейін көрсетеді.

Статисткалық жұмыстың үшінші сатысында кеңейтілген ұдайы өндірістің заңдылықтары анықталады, кәсіпорындардың, саладардың, секторлардың және еліміздің тұтас экономикасындағы экономикалық іс-әрекет нәтижелеріне факторлардың ықпалы бағаланады. Қайта өндірудің барлық жақтарының байланысы және тәуекелділік үшін жалпылама көрсеткіштер әдісі қолданылады: қатысты, орташа шамалар, вариация белгілернің көрсеткіштері, динамаика құбылыстары индекстерінің корреляциясын есептеу, детерминация есебі, баланстық, теориялық- ықтималдық әдістері, статистикалық кестелер, графиктер әдістері.

Әлеуметтік- экономикалық статистика салалық статистикамен байланысады. Олар жеке экономикалық салаларды, бөлімдерді (мысалы, демография) немесе категорияларды (мысалы, бағаларды) зерттейді және макроэкономикалық көрсеткіштерді (еңбек ресурстары, жалпы ішкі өнім және басқалар) есептеу үшін мәліметтерді жинайды.

Әлеуметтік- экономикалық статистика бухгалтерлік есеп пен статистика бойынша халықаралық стандартқа, Ұлттық Шоттар Жүйесінің методологиясына негізделеді. Халықаралық практикада Біріккен Ұлттар Ұйымының Ұлттық Шоттар Жүйесі, яғни нарықтық экономиканың макростатистикалық моделі пайдаланылады.

Қазақстанда ұлттық экономиканың ерекшелігі ескеріле отырып, Ұлттық Шоттар Жүйесінің статистика тәжірибесіне енгізілуі статистикалық ақпараттарға деген қажеттілікті қанағаттандыруға және халықаралық деңгейдегі макроэкономикалық көрсеткіштердің салыстырмалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Статистика заңдылықтары оның көрсеткіштерімен анықталады. Статистикалық көрсеткіш – бұл барлық әлеуметтік-экономикалық категорияның нақты орны мен уақыты шартындағы сандық өлшемі, яғни әлеуметтік-экономикалық статистикалық көрсеткіштердің қалыптасу жүйесін кері зерттейді. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесінің құрамы:

1. Еңбек және халық туралы көрсеткіштер.

2. Ұлттық байлықтың көрсеткіштері

3. Аралық тұтыну және шығындардың көрсеткіштері

4. Өндіріс нәтижелерінің көрсеткіштері

5. Баға, тауар және ақша айналысының көрсеткіштері

6. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері

7. Ұлттық шоттар жүйесі бойынша баланстық құрулардың көрсеткіштері

8. Әлеуметтік статистика көрсеткіштері

Әлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі міндеттері:

- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша статистикалық көрсеткіштер жүйесін жетілдіру, ғылыми зерттеу және әзірлеу;

- Қазақстан Респуликасының әлеуметтік- экономикалық жағдайы туралы мәліметтерді жинау және жан-жақты көрсету;

- мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде талдау жасау үшін және басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін сапалы және ақиқат мәліметтермен барлық респонденттерді уақытылы қамтамасыз ету;

- ұлттық байлықтың резервтерін анықтау үшін, жұмыссыздықтың және жұмыс істейтін халықты толық пайдаланбаудың әсерінен пайда болған өнім шығынын есептеу үшін статистикалық әдістерді қолдану және жетілдіру;

- арнайы ұйымдастырылған бақылауларды ішінара бақылауда, әсіресе Қазақстанда өмір сүру деңгейін өлшегенде, әлеуметтік статистиканы зерттегенде қолдану;

- барлық деңгейдегі экономиканың үйлесімділігіне және теңгерімділігіне статистикалық баға беру;

- Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша салааралық балансты, қаржылық шотты және макродеңгейдегі басқа да баланстарды құру және әзірлеу;

- халықаралық салыстыруларды жүргізу;

- бизнес тәуекелдігін бағалау үшін әлеуметтік- экономикалық құбылыстардың себепті- нәтижелік байланыстарын үлгілеу және келешекке болжам жасау;

- бухгалтерлік және статистикалық есеп беру формаларын жетілдіру;

- экономикалық статистикалық талдау жасауда статистикалық-математикалық және математикалық әдістерді қолдану.}

&&&

$$$002-011-099$3.2.11. 2. Әлеуметтік- экономикалық статистикада қолданылатын Ұлттық шоттар жүйесінің категориялары және сыныпталуы

{ Ұлттық Шоттар Жүйесінің құрылуының негізінде шаруашылық айналымының қағидасы, яғни барлық экономикалық айналым: материалдық игіліктердің өндірісі мен қызметер көрсету біртұтас күйінде қалдырылады. Ұлттық Шоттар Жүйесінде табыс әкелетін кез келген қызмет зерттеледі: тауарлар мен қызметтердің өндірісінен бастайтын табыстарды құру және қаржылық активтер мен міндеттемелердің өзгерісі – ақырғы қаржы нәтижесінің алынуы. Қаржы-несие қатынастары бірінші кезекте тұрады. Ұлттық есептеу мемлекеттің пассивтер және активтер, экономикалық операциялар, барлық шаруашылық субъектілері туралы мәліметтерді бақылайды және жинайды.

Ұлттық Шоттар Жүйесі категориялары, жіктелуі және түсініктері

1. Өнімдер – тауарлар мен қызметтер.

2. Тауарлар – физикалық заттар, экономикалық объектілер, сұраныс бар тауарларға меншіктік құқық таратылады.

3. Қызметтер – тұтынушылардың тапсырыс бойынша әртүрлі әрекеттері өндірушілер арқылы жүзеге асатын тұтыну заттарының күйі:

- тұтынушылардың физикалық жағдайы (мысалы, тұтынушыларды тасымалдау, көшіру; медициналық және хирургиялық емдеу, тұтынушылардың сыртқы жақсаруы);

- тұтынушылардың қабілеттілік жағдайы (мысалы, білім беру, қорғау, қаржылық делдалдық көрсету, т.б.).

4. Объектілер – тауарлар, қызметтер, ақша қаржылары.

5. Субъектілер – шаруашылық бірліктері.

6. Институтциалды бірлік – активтерді иемденетін, міндеттеме қабылдауға қабілетті, шаруашылық субъектілері мен ақпараттарын және экономикалық операцияларды, активтер мен пассивтерді жинақтайтын экономикалық дербес тұлға.

7. Экономикалық өндіріс – бұл қызметтер, институтциалды бірлік тексерумен жасалынған, еңбек, капитал, тауарлар, қызметтерді жүзеге асыратын іс - әрекет.

8. Өндіріс шекарасына қызметтердің келесі түрлері қосылады:

- басқа бірліктерге, көрсетілген және олардың өндірушілері болып табылмайтын тауарлар, қызметтер шығаруға арналған барлық жеке және ұжымдық тауарлардың, қызметтердің өндірісі;

- өздерін өндірушілер арқылы қорлану үшін немесе түпкілікті тұтынуға жұмсалу үшін қалдырылған барлық тауарлардың өндірісі;

- өзіндік түпкілікті тұтынуға қолдануға арналған қызметтердің өндірісі;

- заңсыз өндіріс;

- бүркемелі (жабық) өндіріс.

9. Резидент – берілген елдің экономикалық аумағында орналасқан және бір жылдың ішінде немесе одан көп уақытта осы елдің экономикалық аумағындағы экономикалық қызметке қатысқан институционалды бірлік.

10. Ішкі экономика экономикалық аумақтағы резиденттердің де, резидент еместердің де қызметін қамтиды. Ішкі экономиканың негізгі көрсеткіші - жалпы ішкі өнім.

11. Ұлттық экономика экономикалық аймақтағы және оның шекарасынан тыс орналасқан резиденттердің де қызметтерін қамтиды. Ұлттық экономиканың негізгі көрсеткіші – жалпы ұлттық табыс.

12. Шетелдегі аумақтық деп анклавалардың үкіметтік мекемелер арқылы аумақтарды демократиялық, әскери, ғылыми мақсаттарда пайдалануын айтады.

13. берілген елдің экономикалық аймағы – бұл берілген елдің үкіметімен басқарылатын, осы аумақ ішінде адамдар, тауарлар, ақшалар еркін қозғалыста болатын аумақ және оған жататындар:

- әуе кеңістігі, берілген елдің аумақтық сулары және халықаралық суларда континенталдық шельф және де олардан шикізат, мұнай, газ, отын өндіруге осы елдің құқығы бар;

- шетелдегі аумақтық анклавалар немесе халаықаралық ұйымдар, кәсіпорындар, осы елдің экономикалық аумағына орналасқандар.

Ал басқа елдің экономикалық аумағына жататындар:

- еркін аймақтар, берілген елдегі кәсіпорындар, шетелде жұмыс істейтіндер;

- берілген елдің шекарасынан тыс жердегі аймақтық анклавалар.

14. Экономика секторы – экономикалық қызметпен айналысатын институтционалды бірліктердің жиынтығы, яғни өз атынан активтерді біріктіріп, міндеттемелерді қабылдап, экономикалық қызмет пен операцияларды жүзеге асыратын субъектілердің жиынтығы.

Ұлттық Шоттар Жүйесінің принциптеріне сәйкес, экономикалық бірліктер екі тип бойынша жіктеледі: секторлар және салалар.

Секторлар алтыға бөлінеді, бесеуі – ішкі экономика секторлары, резиденттер, ал алтыншысы сыртқы сектор (резидент еместер).

1-ші сектор – «Қаржылық емес корпорациялар» - алынған табыс пен шыққан шығындардың орнын толтыратын, баға бойынша тауарлар өндіру мен қаржылық қызметтерден басқа қызметтерді көрсететін институционалды бірліктер (кәсіпорындар, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік қонақ үйлер, кафе және т.б.).

2- сектор – «Қаржылық корпорациялар» қаржылық қызметтер көрсететін институционалды бірліктердің жиынтығын қамтиды (Ұлттық Банк, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қоры, биржалар, ломбард, бағалы қағаздар нарығы, трасталық компаниялар). Қаржылық қызметтің екі түрі бар: а) делдалдық қарыз алушыға несие беру мақсатымен өз атынан қаржылық міндеттеме қабылдай отырып, ақшалай қаражаттарды жұмылдырады және осы ағындар сипаттамасын қайта құрып, түрін өзгертеді; б) қосалқы қаржылық делдалдықпен тығыз байланысты, бұлар – қызмет көрсетуге мамандандырылған ұйымдар, бірақ өз атынан несие бере алмайды.

3- сектор – «Мемлекеттік басқару органдары» - мемлекет бақылауында тұратын және халыққа мемлекеттік басқару нарықтық қызметін атқаратын институционалды бірліктер.

4- сектор – «Үй шаруашылықтары» - жеке адамдар, бірге тұратын отбасылар, заңды статусы жоқ кәсіпкерлер.

5- сектор – «Үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар» үй шаруашылықтарына тауар мен қызметті тегін немесе төмен бағамен төлеген жарнасына, берген жәрдеміне жеткізіп береді (саяси партиялар, діни ұйымдар, ауруханалар, клубтар, спорттық қоғамдар, т.б.).

6- сектор – «Қалған әлем» - Қазақстан Республикасына қатысты басқа да шетелдерді біріктіретін экономикалық бірлестіктер.

15. Экономикалық айналым элементтері: объект, субъект, экономикалық операция.

16. Экономикалық операция - өзара келісімдер бойынша жүзеге асырылатын екі институционалды бірліктердің өзара қызметін көрсететін экономикалық ағын. Экономикалық операциялар үш топқа бөлінеді:

- «тауарлар мен қызметтер операциялары» қозғалысы келесі процестермен тіркеледі: өндіріс, тұтыну, инвестициялар, экспорт, импорт;

- «бөлу-үйлестіру операциялары» - табыстармен операциялар жасау: жалақы, проценттер, пайда, трансферттер (салықтар, субсидиялар);
- «қаржы операциялары» - несиелерді алу, оларды өтеу, бағалы қағаздарды сату және сатып алу және басқа да қаржылық активтермен операциялар.

17. Трансферт- бұл экономикалық операция, бір институционалды бірліктің екінші институционалды бірлікке ақысына компенсация төленбей, ештеңе алмай, тауар, қызмет, не ақшаны беруі. Трансферттер ақшалай не заттай түрде берілдеі. Трансферттер үш топқа бөлінеді: ағымдағы, әлеуметтік, капиталдық.

18. Салықтар – бұл мемлекетке ақшалай немесе натуралды түрде институционалды бірліктер орындайтын міндет, компенсация жасалмайтын төлемдер. ҰШЖ салықтары «ағымдағы» және «капиталды» болып бөлінеді.

19. Таза салықтар салықтан демеу қаржыны азайтқанға тең.

20. Демеу қаржылар (субсидиялар) – кәсіпорындарға орны толтырылмайтын ағымдағы мемлекеттік бірлік төлемдері. Демеу қаржыны резиденттік өндірушілер алады және салыққа кері трансферт ретінде болады.}

&&&

$$$002-011-100$Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

{1. Әлеуметтік- экономикалық статистика нені зерттейді?

2. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың негізгі әдістерін анықтаңыз.

3. Әлеуметтік- экономикалық статистиканың көрсеткіштер жүйесін сипаттаңыз.

4.Ішкі экономиканың әр секторының субъектілерін, функцияларын атаңыз.

5.Осы елдің экономикалық аумағын, ішкі және ұлттық экономикасы, институционалды бірліктері, резиденті туралы түсінік беріңіз.

6.ҰШЖ бойынша экономикалық операциялардың топтастырылуы қандай?

7.Трансферттің түсінігін беріңіз. ҰШЖ бойынша трансферттертің топтастырылуы қандай?

8.ҰШЖ бойынша салықтар қалай жіктеледі?

9.Субсидияның, салықтың қандай түрлері трансферттерге жатады?

10.ҰШЖ бойынша таза салық қалай есептеледі?}

&&&




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных