Главная | Случайная
Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс №2.Статистика агенттігінің ұйымдастырылуы және оның зерттеу әдістері.




{1. Біртұтас есеп жүйесі және статистика

2. Статистика органының Қазақстандағы ұйымдастырылуы.

3. Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтері}

&&&

$$$002-002-001$3.2.2.1 1. Біртұтас есеп жүйесі және статистика

Нарықтық экономикаға өту кезеңінде республикада болып жатқан әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестер туралы және олардың даму немесе кему жағдайын анықтау үшін; жалпы мемлекеттік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету үшін; көп салалы халық шаруашылығын басқару үшін түрлі статистикалық мәліметтер қажет. Мұндай мәліметтер кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және шаруашылықтардың және т.б. әр түрлі есептеу жолдары арқылы, яғни оперативтік жедел, бухгалтерлік және статистикалық есеп беру жүйелері арқылы жтнақталады, өңделеді және оған талдау жасалады.

Оперативті жедел немесе оперативті- техникалық есеп. Оның мақсаты сол кәсіпорындардың, шаруашылықтардың, бірлестіктер мен ұйымдардың бөліктері мен цехтарында болған жұмыс көрсеткіштеріне, яғни өндірілген өнімдер мен оның сапасына; жартылай даярланған фабрикаттар мен тетіктердің дайындалуына, шикізаттар мен материалдың жұмсалуына; еңбек құралдарының қолданылуына және басқа да операциялардың жүргізілуіне күнделікті бақылау жасау үшін жүргізіледі. Оперативті жедел есеп арқылы алынған көрсеткіштер күнделікті орындалған шаруашылық операцияларының жұмыс бабын, олардың дұрыстығын қадағалап отыру және басшылық жасау үшін қолданылады.

Оперативті есептің көрсеткіштері бастапқы құжаттар бойынша немесе телеграф, телефон арқылы жинақталады және онда бухгалтерлік есеп беру формасында ашық көрсетілмейтін негізгі мәліметтер қамтылады. Сондықтан оны дер кезінде берілетін жедел есеп деп те атайды.

Бухгалтерлік есеп. Есептің бұл түрі барлық кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда, шаруашылықтар мен бірлестіктерде, шағын және жеке кооперативтар мен ұжымдарда жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп арқылы әрбір кәсіпорындар, мекемелер және т.б. бойынша ақша қаражаттарының қозғалысын, өндірілген өнімнің өзіндік құнын, материалдық шығындар мен оның пайдаланылуын, еңбек ақы мөлшерін, кіріс пен шығыс және т.б. көрсеткіштердің нақты есебі жүргізіледі. Бұл есепте көрсетілген көрсеткіштер ресми құжаттарға сүйеніп жинақталады және оған экономикалық талдау жасалынып, қорытындыланады.

Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты жүйелі түрде біріңғай ережелер мен әдістерді қолдана отырып, шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жинайды. Басқаруға қажет болатын көрсеткіштерді өз ішінде қолданады және сол арқылы белгілі бір шешімдер қабылдауға көмектеседі. Есептің негізгі әдістеріне бухгалтерлік баланс, тіркеу, бағалау, калькуляциялау жатады. Ең бастысы, құжаттылық принципін сақтай отырып, екі жақты жазу ережесіне сай жүргізілетіндігі.

Статистикалық есеп. Бұл есепте қоғам өміріне болып жатқан әлеуметтік- экономикалық құбылыстар мен процестердің барлық сандық көрсеткіштері мен сапалық жақтары есепке алынады, жинақталады, өздеріне тән белгілеріне қарай әр түрлі топқа бөлінеді және оған талдау жасайды. Бұл есептің негізгі мақсаты халық шаруашылығы салаларын дұрыс басқарып, материалдық игіліктерді өндіру және бөлуге бақылау жасау үшін қажетті мәліметтерді жинақтап, өңдеп дер кезінде Үкімет қарауына беріп отыру. Статистикалық есепте көрсетілетін көрсеткіштер бухгалтерлік және оперативтік жедел есептер арқылы тиісті құжат бойынша жинақталады.

Статистикалық есептің басқа есептермен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері мен есептеу әдістері бар. Олар мәліметтерді жинау, топтау, өңдеу, талдау және нақты, қатысты, орташа шамалармен бірге индекстік, графикалық, баланстық, корреляциялық әдістерді қолданатындығында.

Бухгалтерлік, оперативтік және статистикалық есеп жүйелері бір- бірімен тығыз байланыста болады және олардың арасында ешқандай қайшылық болмайды. Осыған орай, бұл үш есеп жүйесі халық шаруашылық салаларын жан- жақты зерттейтін біртұтас есеп жүйесін, яғни халық шаруашылығы есебін құрайды..}

&&&

$$$002-002-002$3.2.2. 2. Статистика органының Қазақстандағы ұйымдастырылуы.

{ Қазақстан Республикасында статистика органы алғашқы рет 1919 жылы «Далалық өлке» статистикасы басқармасы ретінде құрылып, оның міндеттері мен қызметтері туралы ереже бекітілді.Одан кейін статистика органы ұйымдастыру жүйесінде бірнеше рет өзгерістер болды:

1. 1930 жылы Статистика басқармасы Жоспарлау комитетімен бірікті және ол халық шаруашылығындағы Есеп басқармасы болып саналды.

2. 1931 жылы Жоспарлау комитетінің жанындағы Орталық Халық Шаруашылық Есеп басқармасы болып қайта құрылды.

3. 1941 жылы қайтадан Статистика басқармасы комитеті болып өзгертілді.

4. 1948 жылы ҚР министрлер советі жанындағы Орталық Статистика басқармасы болып қайтадан ашылды.

5. 1987 жылы Статистика жөніндегі мемлекеттік комитет болып өзгертілді.

6. 1995 жылы Статистика мекмесіне талдау қосылады. Сонымен ҚР Статистика және талдау жөніндегі мемлекеттік комитет болып құрылды.

7. 1996 жылы ол комитет ҚР Ұлттық статистика агенттігі болып қайта ұйымдастырылды. Ұлттық статистика агенттігі статистикалық мәліметтерді жинау, талдау, өңдеу жұмыстары бірыңғай принципке сай ортақ бағдарлама және әдістеме бойынша қабылданған ережеге сәйкес өз қызметтерін жүзеге асырады.}

 

$$$002-002-000$3.2.2 Дәріс № 3. Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің міндеттері мен атқаратын қызметтері

{Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 18- қаңтардағы қаулысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі туралы Ереже бекітілген. Ережеге сәйкес статистика органдарының жұмыстарының ұйымдастырылуы, оның негізгі міндеттері мен қызметтері көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігінің негізгі міндеттері:

- статистикалық мәліметтерге сүйене отырып республикада болып жатқан экономикалық және әлеуметтік процестер мен олардың даму үрдісін жан-жақты зерделеу, қорыту мен талдау, статистика саласындағы жалпы мәліметтік саясаттың жүргізілуі мен орындалуын қамтамасыз ету;

- Қазақстан Республикасын егемен мемлекет ретінде сипаттайтын статистикалық көрсеткіштердің тұтастығы, объективтілігі және жеткіліктілігін қамтамасыз ету;

- халықаралық ережелер мен стандарттарға сай статистикалық деректердің әдістемелік салыстырмалылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

- мемлекеттік өкімет пен басқару органдарын, қоғамға жүйелі түрде республикада болып жатқан әлеуметтік-экономикалық құбылыстар мен процестер туралы мәліметтер, статистикалық ақпаратты тарату, халықаралық статистикалық ынтымақтастық орнықтыру және өзара статистикалық ақпарат алмасып отыру.

Ұлттық статистика агенттігінің атқаратын қызметтері. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттігі жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай шараларды жүзеге асырады: статистикалық заңдар мен нормативтік актілердің жаңа жобаларын жасайды; санақ және ішінара бақылау түрінде жүргізілетін статистикалық бақылау ұйымдастырады; елдегі статистикалық қызметті үйлестіреді және т.б.

Ұлттық статистика агенттігінің құқығы. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес, алдына қойылған міндеті мен жүктелген қызметіне қарай Мемлекеттік Ұлттық статистика агенттігінің құқықтары мынадай: қаржы, банк, кеден, құқық қорғау және өзге де органдар мен қызмет орындарын қосқанда, меншік түрі мен ұйымдарқұқықтық нысанына қарамастан, ел аумағында жұмыс імтейтін заңды тұлғалармен жеке кәсіпкерлерден, одан тысқары жерлерден, жұмыс істейтін резиденттерден статистика агенттігі белгілеген көлемі мен мерзімінде дұрыс статистикалық деректер алуға; халық арасында статистикалық бақылау жүргізуге және азаматтардан статистика мақсаты үшін қажетті деректерді алуға; қажет болған жағдайда статистикалық деректердің дұрыстығын тексеруге және т.б. құқықтары бар. }

&&&

$$$002-002-100$Дәріс №2.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тесттер

{1.Оперативті жедел есеп деген не?

2.Бухгалтерлік есеп деген не?

3.Біртұтас есеп жүйесі туралы не айтасыз.

4. Ұлттық статистика агенттігінің қандай құқықтары бар?

5. Ұлттық статистика агенттігінің міндеттерін айтыңыз.

6. Ұлттық статистика агенттігі қандай қызметтер атқарады?

7.Қазақстан Республикасында статистиканың ұйымдастырылуы туралы не білесіз?}

...

&&&




Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2019 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных